Материалдар / «Құбыр бойындағы тығындарды жою жұмыстарын ұйымдастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құбыр бойындағы тығындарды жою жұмыстарын ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерді газ құбырлары бойындағы ақаулармен, пайда болатын тығындармен таныстырып, алдын алу жолдарын талқылау, бәсекеге қабілетті маман болуға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
274
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Құбыр бойындағы тығындарды жою жұмыстарын ұйымдастыру»


Мұнай-газ және геология бөлімшесінің

арнайы пән оқытушысы

Сәтбергенова Айгерім Сабырқызы



Мақсаты: Студенттерді газ құбырлары бойындағы ақаулармен, пайда болатын тығындармен таныстырып, алдын алу жолдарын талқылау, бәсекеге қабілетті маман болуға бағыттау.


  • Газ құбырларындағы тығындарды жою кезіндегі қауіпсіздік техникасы

  • Газ құбыры бойындағы тығындардың түрлері

  • Тығындарды табу және жою


Қауіпсіздік техникасы мен жеке қорғаныс құралдары



«Кім мықты»

  1. Газ қауіпті жұмыстар – газдың шығуы ортада газдалған орындалатын немесе мүмкін жұмыстар дегеніміз.

Ж: Газ қауіпті жұмыстар дегеніміз – газдалған ортада орындалатын немесе газдың шығуы мүмкін жұмыстар

2. Наряд-рұқсаттама оттекті-оқшаулауыш жұмыстарды бойынша, шлангылы немесе противогазды орындағанда пайдаланады?

Ж: наряд-рұқсаттама бойынша жұмыстарды орындағанда, шлангылы немесе оттекті-оқшаулауыш противогазды пайдаланады

3.Сөйлемдегі жетіспейтін сөзді орнына қойыңыз?

құдық, ор және шұңқырларды газ қауіпті жұмыстарды орындағанда ... қолданады, олар қажет болғанда, жұмысшыларды тез шығарып алуға арналған.

Ж: құтқару белдіктері мен арқандары


Түсіндірме жазба


Газбен жабдықтау жүйесін пайдалану тәжірибесіне сүйенсек, үздіксіз жұмысты қамтамасыз етудегі негізгі кедергі – газ құбырларындағы тығындардың болуы екен.

Тығындар газдың өтуін шамалы қылып немесе толық тоқтатып тастайды. Сондықтан пайдаланушы жұмысшының басты мақсаттарының бірі әр түрлі тығындар мен бітелулерді жою.

Олардың болуы – тығыннан кейінгі газдың қысымының азаюы (газдың бағытына қарай) және оған дейінгі қысымның жоғарылауымен сипатталады. Газ құбырларындағы қысымды бақылау, бітелулерді уақытында тауып, жоюға мүмкіндік береді.

Бітелулердің түрлері:

- сұйықтық (ылғалды);

- мұз;

- шайырлы немесе нафталинды;

- басқа заттармен бітелу.

Сұйықтық (ылғалды) тығындар. Қалалық газ тораптарына газды бермес бұрын, оны мұқияттап тазалап, кептіреді. Бірақ газда ылғалдың аздаған мөлшері қалады да, білгілі бір жағдайларда ол конденсаттанып, газ құбырларында жинақталады. Конденсаттанған ылғалды жүйелі түрде конденсатжинағыштан тазалап отырады. Конденсатжинағышты уақытында тазаламаса, ол толып, конденсат газ құбырына таралады Газ құбырының өткізу қимасы біртіндеп кеміп, газ құбыры толығымен бітеліп қалады. Газ құбыры иілсе де осындай жағдай болады, яғни конденсат 90 конденсатжинағышқа ақпай, газ құбырын толтырып, гидравликалық бітеуіш пайда болады

Мұз тығындар. Мұз тығындар құрылыс кезінде құбырға түскен немесе ылғалды газды тасымалдағанда, газ құбырларының төменгі жерлерінде жиналып қалған судың қатуынан пайда болады. Бітелудің пайда болуы – осы учаске топырақтың қату аймағында болып, қыста ашық қалғанда болады. Температура төмендегенде, газдағы бар ылғал конденсаттанып, құбыр жарына қырау түрінде түсіп, газ құбырының өту қимасын біртіндеп азайтады.

Шайырлы және нафталинды тығындар. Газ құбырындағы тығыз түзілімдер - шайыр, нафталин, шаң, ұсақ метал үгінділері – шайырлы және нафталинды тығындар болып табылады. Олар қажетті мөлшерде тазаланбаған әр түрлі жасанды газдарды тасымалдайтын газ құбырларында кезедеседі. Газ құбырымен қозғалғанда, олар құбырдың жарына тұрып қалып, өту қимасын азайтады және болашақта тығындар түзеді. Әдетте осындай бітелулер газдың температурасы төмендегенде, газ құбырының ашық учаскелерінде және газ құбырының арматурасы орналасқан жерлерде пайда болады.

Басқа заттармен бітелу. Газ құбырын пайдалану кезеңінде толық немесе жартылай бітелуі – құрылыс немесе жөндеуден соң газ құбырында қалып қойған құрылыс қоқыстарының, топырақ, ағаш қалдықтары және басқа заттардың себебінен болады. Қ


Өндіріспен байланыс. (мамандардан арнайы тусірілім)


Газ шаруашылығындағы мамандардан сұхбат алу, тәжірибені оқушыларға бейнеролик арқылы көрсету



Айналушының технологиялық картасының үлгісі


ГЛОССАРИЙ

Терминдер мен анықтамалар


1. Наряд-рұқсаттама - қауіпсіз жұмыс шарттарын анықтайтын, онда қауіпті аймақтар мен қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті іс-шаралар көрсетілген құжат

2. Қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарықызметкерлерге зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе бәсеңдету үшін және ластанудан қорғау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар.

3. Қауіпсіздік техникасы - қызметкерлерге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесі.

4. Газ қауіпті жұмыстар - газдалған ортада орындалатын немесе газ шығуы мүмкін жұмыстар




Сұрақ: Құралдың дұрыс анықтамасын табыңыз


Конденсатжинағыш

Газ құбырының учаскесін өшіру үшін

Жапқыш құрылғы

Газдың құрамына кіретін әр компонентінің санын анықтауға арналған аспап

Газ анықтағыш

Газдың шығу орнын анықтауда метанның болуын индикациялауға арналған

Дабылдама

Жанғыш газдардың жарылысқа қауіпті концентрациясын бақылап, дабылды беруге арналған

Ағынды іздеуіш

Конденсатты жинау және жоюға арналған

Дұрыс жауап

Конденсатжинағыш

Конденсатты жинау және жоюға арналған

Жапқыш құрылғы

Газ құбырының учаскесін өшіру үшін

Газ анықтағыш

Газдың құрамына кіретін әр компонентінің санын анықтауға арналған аспап

Дабылдама

Жанғыш газдардың жарылысқа қауіпті концентрациясын бақылап, дабылды беруге арналған

Ағынды іздеуіш

Газдың шығу орнын анықтауда метанның болуын индикациялауға арналған


Сергіту сәті

Сұрақ 1.

2,5м тереңдіктегі газ қауіпті жұмысты орындау қажет. Жұмысшы тек шлангті газтұтқышты киіп, қазандыққа түсті. Бұл дұрыс па, рұсат бар ма?

Сұрақ 2.

Газ қауіпті жұмыстарды орындау барысында барлық жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені және бұл құралдардың жарамсыз екені анықталды. ЖҚҚ дайындауға кім жауапты болады және қандай дайындық кезеңінде қателіктерге жол берілді?


Қорытындылау.

Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.

Үйге тапсырма беру.

  1. -наряд-рұқсаттама үлгісін интернет желісінен алып, толтыру

  2. -бөлімді қайталау.

  3. - спецификацияларды сызып, түсініктеме беру

  4. Газет журналдарға шолу жасау.

  5. Интернеттен қосымша деректер қарап, жазып келу.

Сабақтың аяқталуын хабарлау.





Қолданылған әдебиеттер мен ақпаратты алу көздерінің тізімі:


1. В.В.Мacлoвский, И.И.Капцoв, И.В.Сoкрутo «Oснoвы тeхнoлoгии peмoнта газoвoгo oбoрудoвания и трубoпрoвoдных систeм», М., Высшая шкoла, 2004

2. O.Н.Брюханoв, В.А.Жила «Прирoдныe и искуствeнныe газы», М., Акадeмия, 2004

3. Л.Б.Вopoнкoва, E.Н.Таpoeва Oхpана тpуда в нeфтeхимичecкoй пpoмышлeннocти. М.: 2012

4. ҚР ІІМ бұйрығы 09.10.2017ж. Газбен қамтамасыз ету объектілеріндегі қауіпсіздік Талаптарын бекіту туралы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!