Материалдар / Құжаттармен бірлескен жұмыс 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құжаттармен бірлескен жұмыс 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жалпы білім беретін орта мектептің информатика пән мұғалімдеріне қажетті сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
1888
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары 9кл №58 ЖББ ОМ

Битенова Гулназ Муханбеткалиевна

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1. Ақпаратпен жұмыс

Күні: Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Құжаттармен бірлескен жұмыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1 Интернет қызметтерін қолдана отырып құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Интернет қызметтерін қолдана отырып құжаттарды құра алады, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Құжаттарды веб-серверге жүктей алады.

Кейбір оқушылар: Бұлттық технологияларды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Интернет желісінде ақпаратты сақтайды.

  • Құжаттарды жүктейді.

  • Интернет желісінде бұлттық технологияларды қолданады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бұлт Cloud

Технология Technology

Жеке бұлттар Private cloud

Аралас бұлттар Pubtic cloud

Қоғамдық бұлттар Hybrid cloud

Бұлттық технологиялар Cloud computing

Диалогтар мен жазу үшін сөз тіркестері: Сын тұрғысынан ойлау

Құжаттармен бірлескен жұмыс дегеніміз...

Провайдер сөзі нені білдіреді?

Қандай бұлтты технологияны білесіздер?

Пәнаралық байланыс

Пәндік терминологияны қолданған кезде ағылшын тілі пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Ақпараттардың қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Топтастыру

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында «Бір сөзбен» әдісі арқылы шаттық шеңберін құрып, өздеріне берілген сөздердің ішінен бір сөзді таңдап, сабақ алдындағы көңіл күйлерін білдіреді.

Берілген сөздер: төзімдік, шыдамдылық, ашу, қуаныш, зерігу, шабыт, ынта, сенімділік, белсенділік, жауапкершілік.

Топтастыру: «Бұлттар» фигуралары арқылы топқа біріктіру.

Мақсаты: Ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Нұсқау: Берілген бұлт фигурасында компьютер суреті болса жеке бұлттар тобына, әлеуметтік желілердің суреттері болса ортақ бұлттар тобына, әр түрлі маман иесінің суреттері болса қоғамдық бұлттарға орналасады.

І топ – Жеке бұлттар

ІІ топ-Ортақ бұлттар

ІІІ топ-Қоғамдық бұлттар

ҚБ:Ынталандыру, қолдау көрсету арқылы.




Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

5мин

















Білу



Топтық жұмыс

15минут


























Қолдану

10мин




















Түсіну

3мин

«4 сурет 1сөз» әдісі

Мақсаты: жаңа сабақты ашу мақсатында оқушылардың ойлау жүйріктігін анықтау. Нұсқау: Экранда 4 сурет шығады, сол суреттерге сәйкес ортақ сөзді табуы керек. (Бұлттық технология)

Жетелеуші сұрақтар:

1.Суретте не көріп тұрсыздар?

2. Бүгінгі таңда ақпаратты жойылып кетуден сақтауды қандай сенімді әдістер білесіздер?

Оқушылар bilimland.kz сайтынан бейне материал көрсетіледі.

Мақсаты: оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашу,оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру

Жаңа сабақтың тақырыбы Құжаттармен бірлескен жұмыс

Нұсқау: термин сөзді дәптерге жазып алады,

жаңа тақырыпты игереді.

1тапсырма «Шеринг»әдісі

Мақсаты: берілген тақырып бойынша ойларын жеткізу, пікір алмасу, шығармашлық қабілеттерін дамыту.

Нұсқау:Бұл әдіс бойынша әр топтан бір бір оқушыдан гид тағайындаймын. Үш топқа бөлінген оқушылар бағыттаушы гидтер арқылы қолдарында жазылған топ атауларына сәйкес 5 минут сайын топтарға барып, әр түрлі әдістер арқылы орындап, тақырыпты меңгереді, шығармашылықтарын дамытады.

І топқа «Butterfly» әдісі .

Мақсаты: академиялық тілді қалыптастыру.

Нұсқау: «Бұлтты технологиялар» тақырыбында ағылшын тілінде жазылған терминдер аспанда бұлт суреттерінде ілулі тұрады. Гидтар айтылған сөздердің аудармасын тауып, сол туралы ақпарат айтады.

ІІ топқа «Галереяны шарлау» әдісі

Мақсаты: ақпаратпен тиянақты жұмыс жасау, ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді

Нұсқау: «Интернет қызметтерін қолдана отырып құжаттарды құру» деген тақырыпта көрсетілген суреттер бойынша қабырғада ілінген суреттерге , мәтіндерге қарап, талдау жасайды, туындаған сұрақтарын жазып, жабыстырып кетеді.

ІІІ топқа «Ашық микрофон» әдісі Мақсаты:құнды ойын жинақтап, ойын ашық айту.

Нұсқау: «Файлдарды бұлттық сақтау орны» деген тақырыпта үлестірме материалдар беріледі. Сол арқылы құнды ойды жинақтап, микрофонды ұстап бұлттық ресурстар туралы ақпаратты айтады. Талқыланған мәтінді өз тобында талдайды, мазмұндайды.

Дескриптор:

Бұлтты технология ұғымымен танысады.

Құжаттармен бірлескен жұмысты біледі.

Бұлтты технология түрлерін біледі.

ҚБ: Өзара бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Тапсырма№2. (компьютерде тәжірибелік жұмыс)

Саралау тапсырмалары:

«МИКС жаттығуы» әдісі

Мақсаты: Идеяларды жинақтау, түйіндеу,әр топ оқушыларының шығармашылық көзқарастарын жетілдіру, оқушылардың деңгейлерін анықтау.

Нұсқау:Тақтаға түйінді 10 тірек сөздер жазылады. Тірек сөздерді пайдаланып ,

А деңгей: Бұлттық технологияның бір түріне құжатты жүктейді және өңдейді.

В деңгей: Dropbox технологиясын қолдануды жүзеге асырады, яғни компьютерге қондырылуын, құжаттарды жүктеуін жүзеге асырады.

С деңгей: Google дискідегі Google Formsпен тест жасауды, оны сақтауды және жөнелтуді жүзеге асырады.

Дескриптор:

Интернет қызметтерімен жұмыс жасай алады.

Құжаттарды веб серверге жүктей алады.

ҚБ: «Екі дұрыс, бір бұрыс»арқылы топтар өзара бағалау.

Тапсырма №3. «Шахмат» әдісі

Мақсаты: маңызды ақпарат туралы бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптастыру

Нұсқау: оқушылар шахмат тақтасы бар суреттің ақ түсіне «Бұлттық технологиялардың артықшылықтарын», қара түсіне «бұлттық технологиялардың кемшіліктерін» жазады.



Оқулықтағы 18бет суреті


Экраннан суреттер ретімен шығады.




bilimland.kz







ГИДТАР






Бұлт суреттері









Қабырғада дайындалған постерлер.













микрофон
























Ноутбуктер, тәжірибелік тапсырмалар













Оқулық

20-21бет

Сабақтың соңы

3мин





«Сұрақ менен жауап сізден» әдісі

Мақсаты: Сабақты қорытындылау, тақырып бойынша түсініктерін бекіту.

Нұсқау: Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар өздерінің түсінген ойларын айтады.

Сұрақтар:

1.Бұлттық технологиялар не үшін қажет?

2.Бұлттық технологиялар түрлері?

3.Бұлттық техно

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!