Материалдар / Құмырсқа мен бидай дәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құмырсқа мен бидай дәні

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныптар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
506
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа және бидай дәні

Мұғалімнің аты-жөні: Ахмедова Жанар

Күні: 17.02.2020ж

СЫНЫП: 2 «К»




Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.6.1. Кейіпкердің сырт келбетін сипаттау, мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.2.8.1. Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

Сабақ мақсаттары

1. Ертегілердің түрлерін біледі, оқыған ертегінің қай топқа жататынын анықтайды.

2. Ертегідегі оқиғаға сүйеніп кейіпкерді сипаттайды, оның іс-әрекетіне баға береді.

3. Ертегіні толық мазмұндай алады. Ертегіні еркін айта алады.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

1.Ертегінің түрін ажыратады.

2.Құмырсқа мен бидай дәні жайлы түсінік айта алады.

3.Өз ойын толық жеткізіп айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Ертегі бұл- салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ертегі бұл ауызша тараған халық шығармалары, ол жан-жануарлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт болып бөлінуін сипаттау

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің сақталуы

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі сақталды, сергіту сәттері, белсенді әрекеттер орындалды

АКТ қолдану

Таныстырылым, бейнежазба

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Сақина ертегісі

Сабақтың жоспары

Жоспарлан-

ған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы


1.Шаттық шеңбері

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

-Балалар орнымыздан тұрайық.

- Көзімізді жұмамыз,елестетеміз. Сендер кіп-кішкентай дәнсіңдер.Күн сәулесінің нұрымен өсіп—өсіп жетілдіңдер.

-Қайырлы күн балалар!

-Бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Күн шуағын жинаймын

Достарыма сыйлаймын

Күн жылуын аямасын,

Шуағымен аяласын

Достық деген бәйтеректі

Барлық бала саяласын

Бәрі: -Көңілді күн тілейміз!

-Сіздерге сәттілік!


- Балалар бүгін біздің әдебиеттілік оқу сабағымыз ерекше болмақ. Сабақты бастамас бұрын біз топқа бөлініп алайық.

Топ ережесін айту

Топ басшыны сайлау

Топтарға бөлу.(Бағдаршам әдісі бойынша топқа бөлу)

1-топ  «Талап»

Ұраны: Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

2-топ  “Еңбек”

Ұраны: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

3-топ “Қанағат” 

Қанағат қарын тойғызар


-Енді өткен сабаққа жалпы шолу жасайық.

1.Сақина ертегісінің кейіпкерлерін ата?

-Шаруа,зергер,тауық

2.Зергер қандай адам болған ?

-Арам, өтірікші т.б

3. Ертегі қай топқа жатады деп ойлайсыңдар?

-Шыншыл ертегілерге жатады.

«Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1-топ. Ертегідегі шаруаның іс-әрекетіне баға бер

2-топ. Ертегідегі зергердің, оның іс-әрекетіне баға бер

3-топ. Шаруаның сабырлығы туралы айту

4-топ. Ертегінің соңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіру

1 Тауық қандай өтініш айтты?

2 Кедей шаруаның шешімі?

3 Зергердің арам пиғылы

4 Шаруа мен әйелінің әңгімесі

5 Шаруаның сабыр сақтауы

6 Ұмыт болған оқиға

Критериалды бағалауды дескриптор арқылы жүргіздім.

- Ертегідегі шаруаның іс-әрекеті туралы айтады.

- Зергердің іс-әрекетін сипаттайды.

- Шаруаның еңбекқорлығын сипаттай алады.

Кері байланыс: Жарайсыңдар!



Оқушылар бірге айтады















Ережені айтады



Қима қағаздар



















«Смайлктер »

әдісімен бағалау

Жаңа білім





























Білу және түсіну

-Ертегі қалай басталатын еді?

-Ерте ,ерте ,ертеде

-Баяғы өткен заманда.

-Кемпір мен шал болыпты.

-Өте жақсы ,жарайсыңдар!

-ертегі қалай аяқталатын еді?

-Бақытты өмір сүріпті,

мақсат –мұратына жетіпті. т. б.


«Болжау» әдісі (Құмырсқалар жайлы бейнежазба)

-Бұл ертегі не жайлы деп ойлайсыңдар?

-Құмырсқа ,дән,бидай

-Құмырсқа қандай жәндік ?

-Еңбеккор ,күшті, қайратты.

Дескриптор:

Сұрақтардың негізінде тақырыпқа қатысты ойын айтады.

- Жарайсыңдар балалар! Құмырсқаны барлығымыз білеміз. Ол өте кішкентай жәндік. Бүгін біз сол туралы өтеміз

- Олай болса бүгін біз Құмырсқа мен бидай дәні ертегісімен танысамыз.Бұл ертегіні жазған итальян жазушысы Леонардо Да Винчи Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Бұл ертегінің қай түріне жататынын анықтаймыз, кейіпкерлерін сипаттаймыз.Олардың іс-әрекетіне баға береміз.

Леонардо да Винчи  (1452 ж 15 ақпан -1519ж 2 мамыр ) – қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның аса ірі қайраткері және сол кезеңнің негізін қалаушылардың бірі. Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі – құжат куәландырушы, ал шешесі – қарапайым шаруа. Леонардо жастайынан еңбексүйгіш болып өседі. Жас кезінде сурет пен мүсін өнерін жақсы көрген. Ол өзінің оңаша бөлмесіне шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарқанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін ең бір фантастикалық үйлесімде пайдаланып, құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір құбыжықтардың бейнесін жасайды. Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы.

«Шынжыр » әдісімен мәтінді мәнерлеп оқу.

Барлық оқушы оқиды соны, тыңдап баға береді.

Неліктен топтарымыз Талап, Еңбек ,Қанағат, деп аталған деп ойлайсыңдар?

- Себебі Құмырсқа өте еңбекқор, Қанағатшыл және талапшыл, ұйымшыл жәндік.

Құмырсқа не тауып алды?

Оны қайда апармақшы екен?

- Балалар неге ол бидай дәнін көміп кетті деп ойлайсыңдар?

Балалардың пікірін тыңдау

Дескриптор:

-Мәнерлеп оқиды.

-Тізбектей оқуды жалғастыра алады.

Кері байланыс: Жарадыңдар балалар! Осы бағытта жалғастырыңдар.


Қолдану .

«Топтық жұмыс»

Енді топтық жұмысымызды бастайық.

1-топ Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген / тауып оқу / - Әй еңбеккор құмырсқа! менің сөзімді тыңдашы өзің! Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп,дәннің сөзін тыңдап,демалып отырды.

2-топ Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдеу

Бидай құмырсқаға өмір құпиясын айтады. Өзінің жүз дән болатынына сендіреді.Бидай өз сөзінде тұрады. Айтқанын орындайды.

3-топ Ертегідегі құмырсқаны сипатта

Құмырсқа ақылды,мықты,қайратты,ерінбейді, ойланады,еңбекқор

4-топ Ертегідегі бидай дәнін сипатта


Дескриптор:

1.Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген тауып оқиды

2.Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдейді

3.Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолданады.


Міне, керемет! Мен сіздердің пікірлеріңе қосыламын. Еңбекқор, ақылды, қайратты досының сөзін бағалайтын, берген ақылдан нәтиже шығара білетінекенін анықтадық.Сонымен қатар иісшіл, есте сақтау қабілеті керемет екен. Еңбек етуді құмырсқадан үйрен деген осы екен.

Бағалау:2 жұлдыз, 1 тілек.

Кері байланыс: -топ бір –біріне баға береді

-ұсыныс пікірлерін айтады


Сергіту сәті Ұзын мұртты құмырсқа


Сөздік жұмысы

Билингвизм әдісі:

Ертегі-сказка-tale

Құмырсқа- муравей- unt

Дән-зерно-grain


Жұппен жұмыс (Дәптермен жұмыс)

Өзара диалог құрып сұхбаттасады.

Бір-бірімізбен жұптасып жұмыс жүргіезйік.

Ертегі кейіпкерлерімен диалог құрып, сұхбаттасайық.

Дескриптор:

-Бір-бірімен диалог құрып сұхбаттасады.

Кері байланыс: Өте керемет!

Бағалау: «От шашу» арқылы.



«Құмырсқаның қанағаты» диафильм көрейік


«Қабырға сұлбасы» әдісі

Құмырсқаға тән белгілерді тауып жазады және баға береді.



слайд















Автор суреті













Автор суреті
















Оқулық




Мәтінді мәнерлеп оқу.







Сл



Құмырсқа туралы жазады


видео


парақша


Ортасы


«Конверт-сұрақ»

1-топ Бэкроним» әдісі Құмырсқа сөзінен бірнеше сөз шығару

2-топ Сәйкестендіру тесті (парақша таратамын)


Құмырсқа ұшады

жүреді

ән айтады

қанағатшыл

Шегіртке шырылдайды

еңбекқор

секіреді


3-топ 5-жолды өлең құрастыру (Синквейн әдісі)


Критериалды бағалауды дескриптор арқылы жүргіздім.

Құмырсқа сөзінен бірнеше сөз жазады

Құмырсқаның әрекетін сәйкестендіреді

- Құмырсқа туралы өлең құрастырады

- Бидай туралы өлең құрастырады

Кері байланыс: Арқадан қағу

Постер қорғату

Аяқталуы

Сабақты бекіту


Қорытындылау .

Сахналық көрініс арқылы

Критериалды бағалауды дескриптор арқылы жүргіздім.

Ертегіні сахналай алады .

Ертегіні кейіпкерлерін айта алады


Талдау-жинақтау

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегіден көңіліңе не түйдің?

-Еңбектің арқасында қандай жетістіктерге жетуге болады деп ойлайсың?

-Құмырсқа мен дәнге баға берейік.

-Құмырсқа қандай?

-Дән қандай?

Бәріңді құмырсқадай еңбекқор болуға шақырамын.

Көрініс көрсету


«Білім қоржыны» әдісімен бағалау



Бағалау



Кері байланыс



Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды смайликтерімен бағалау .

«Білім қоржыны» әдісі

Қызыл = түсінбеймін,

Сары – енді түсініп келемін,

Жасыл = барлығы түсінікті.

Смайликтер

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, білім қоржынына жабыстырады

Үйге тапсырма: Құмырсқа және бидай дәнін оқу,



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!