Материалдар / ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының қажеттілігі мен маңыздылығы айқын. Баланың жетістіктерінің сәттілігі оның дамуына кім және қалай әсер ететініне байланысты. Бала уақытының көп бөлігін мектепте және үйде өткізеді, сондықтан мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі бір-біріне қайшы келмеуі және баланың оны оң және белсенді қабылдауы маңызды. Егер мұғалімдер мен ата-аналар одақтас және пікірлес болса, тәрбие мәселелерін мүдделі және келісілген түрде шешсе, бала тәрбиесінің жетістікке жеткені
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ

МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ


А.С.Тортаева

«№11 ЖББМ» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Ұлытау ауданы, Ұлытау облысы


Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының қажеттілігі мен маңыздылығы айқын. Баланың жетістіктерінің сәттілігі оның дамуына кім және қалай әсер ететініне байланысты. Бала уақытының көп бөлігін мектепте және үйде өткізеді, сондықтан мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі бір-біріне қайшы келмеуі және баланың оны оң және белсенді қабылдауы маңызды. Егер мұғалімдер мен ата-аналар одақтас және пікірлес болса, тәрбие мәселелерін мүдделі және келісілген түрде шешсе, бала тәрбиесінің жетістікке жеткені.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда мектептің қызметі отбасы қызметінің қарқындылығынан бірнеше есе көп. Бірақ бұл басқаша болуы мүмкін емес, өйткені мектепте білім беру саласындағы мамандар еңбек етеді, сондықтан олар ата-аналармен өзара әріптестік орнатып, бала тәрбиесімен бірдей айналысуы керек.

Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы – мектеп пен әр мұғалімнің жұмысындағы өзекті және күрделі мәселелердің бірі [1]. Себебі отбасылар өте әртүрлі, әрқайсысының өз проблемалары мен қиындықтары бар, сондықтан отбасымен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы сұраққа дайын және жалғыз дұрыс жауап беру мүмкін емес. Көп нәрсе интуицияға, мұғалімнің шеберлігіне байланысты, ол белгілі бір жағдайда ата-анамен және баламен өзара әрекеттесу әдістері мен құралдарын таңдауда қажетті шешім қабылдау үшін әртүрлі жағдайлардың жиынтығын талдауы керек. Негізінен балаға ерте жастан ұлттық құндылықтарды, салауатты өмір салтын үйретіп, оның бойында құндылықтарды қалыптастыратын отбасы болуы керек. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кейбір ата-аналардың бала тәрбиесінде арнайы білімі жоқ болғандықтан, олардың балалармен байланыс орнатуында қиындықтар туындайды. Ал енді бір ата-аналар жұмысбастылықтан бала тәрбиесімен айналыса бермейді. Сондықтан да мектеп бұл мәселені шешудің ең тиімді әдістерін қолдануға, педагогикалық білімнің мазмұны мен формаларын анықтауға тырысады. Барлық ата-аналар мұғалімнің ынтымақтастыққа деген ұмтылысына жауап бермейді, баласын тәрбиелеу бойынша күш-жігерді біріктіруге қызығушылық танытады. Сондықтан мұғалімге бұл мәселені шешудің жолдарын шыдамдылық пен мақсатты іздеу, ата-аналардың мектеп өміріне қатысу деңгейін арттыру үшін баланың мүддесі үшін мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың оңтайлы формаларын іздеу қажет.

Отбасының қоғамдағы рөлі оның маңыздылығымен, қоғамның басқа компоненттерімен салыстыруға келмейді, өйткені отбасында адамның жеке басы, оның өзіне, денсаулығына деген көзқарасы дамып, қалыптасады. Бірақ, соған қарамастан, мектеп тәрбие процесін және баланың, ата-ананың және қоғамның нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институттардың бірі болды, бар және болып қала береді.

Ал отбасы мен мектептің ынтымақтастығының табысы мыналардың арқасында қамтамасыз етіледі:

  • педагогикалық әдептілік және қарым-қатынас этикасы;

  • ата-аналардың педагогикалық дайындығы және олардың мәдениет деңгейі;

  • ата-аналарға педагогикалық білім беру;

  • отбасындағы күрделі қарым-қатынастарды көре білу;

  • мектеп пен отбасы талаптарының бірлігі.

Бүгінгі таңда мектептің басты міндеттерінің бірі – тең құқылы серіктес ретінде педагогикалық, оқушы және ата-аналар ұжымдарының өзара іс-қимылына негізделген педагогикалық жүйені құру. Мектептердегі «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының» жұмысы осы міндетті орындауға бағытталады.

«Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту» [2]. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде берген аталмыш мәліметіне сай мектебімізде осы оқу жылының басында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы жұмысын бастады.

Аталған орталықтың мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.

Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:

  1. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

  2. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

  3. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

«Орта білім беру мекемелерінде балаларды дамыту мен тәрбиелеуде ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік нұсқаулықта» орталық қызметін іске асыру үшін төмендегі шараларды өткізу ұсынылады:

  1. сауалнама, сұрақ-жауап не сұқбаттасу арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша қажеттілігін зерттеу;

  2. ата-аналарды педагогикалық қолдау туралы хабардар ету, ата-аналарға арналған сабаққа қатысушылар тізімін құру;

  3. педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын педагогтарды оқытуды ұйымдастыру;

  4. ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізілген жұмыстарға мониторинг жасау;

  5. жылына бір рет ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының жұмысына қанағаттану деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізу;

  6. жүргізілген іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау [3].

Мектебіміздегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысында осы ұсыныстардың барлығы ескерілген. Мысал ретінде орталық жұмысы барысында ата-аналардан бала тәрбиесіндегі орнын, баласымен қаншалықты жақсы сырласатынын, қаншалықты жақсы танитынын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіледі.(1-сурет)


1-сурет «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сабақтарындағы тренигтерден

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Бұл орайда, жас ата-аналарды тәжірибелі кісілердің демеуі аса қажет. Осы мақсатта мектебімізде «Аталар өсиеті», «Әжелер даналығы», «Аналар клубы», «Әкелер клубы», «Ағалар клубы», «Жеңгелер клубы» жұмыс істейді. Арнайы жоспармен жұмыс жасайтын аталған клубтар оқушыларға ұлттық, рухани, адамгершілік құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие берумен айналысады. Сонымен қатар, өз құрамындағы жас ата-аналарға да қолдау көрсетеді.

Ата-аналарды қолдау орталығында ата-аналарға баласына қазіргі оқу бағдарламасын меңгеруде көмек көрсетудің, қолдаудың, психологиялық, моральдық тұрғыдан мықты болудың қыр-сырын үйрететін түрлі тренингтер, семинарлар ұйымдастырылады. Бұл жұмыстардың барлығы да арнайы бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады.

Бала тәрбиесі, мектеппен байланыс, баласының оқу үлгерімін қадағалау қоғамда көбіне ананың жұмысы ретінде қабылданады. Әкелер үнемі табыс табу жолында жұмысбастылықпен баласының мектептегі жағдайы, тәртібі, тәрбиесі мәселесіне уақыт бөле бермейді. Біздің қоғамның қазіргі басты мәселесінің бірі де осыдан туындайды. Себебі кейбір жағдайда анадан гөрі әкенің қолдауы, әкенің үйретуі, әкенің тәлімі тиімдірек болуы мүмкін. Осыны ескергендіктен, еліміздің көптеген мектептерінде «Әкелер мектебі» өз жұмысын бастаған. Аталған жұмыс біздің мектепте де жүргізілуде.

Біз «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп жабылып бере алмайды» деп, бала өміріндегі әкенің орнын ерекше бағалаған, отбасындағы ер адамның маңызын шынайы түсінген ұлттың ұрпағымыз. Осылай дей тұра, қазіргі қоғамда бала тәрбиесінде көбіне-көп әкелеріміз шет қалып жатады. Оның бір себебі – түрлі жағдайлармен балалардың толық емес отбасында өсуінен болса, екінші себебі – әкелердің жұмысбастылықпен бала тәрбиесіне уақыт таппауынан деуге болады. Осыдан барып бала тәрбиесімен түрлі мекемелер айналысқанымен, ата-ананың, оның ішінде әкенің орны ойсырап тұрады.

Отбасындағы әкенің рөлін нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, тәрбиедегі мектеп – ата-ана – бала үштігінің берік байланысын орнату мақсатында мектебімізде «Әкелер мектебі» жұмысын бастады. Әр сыныптан мектепке мүше болған әкелер білім мекемесіндегі бала тәрбиесіне етене араласады. Осы арқылы отбасы құндылығы артып, бала тәрбиесінде ұлттық, рухани, адамгершілік құндылықтарға басымдық беріліп, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі жоғарылайды, бала мен ата-ана байланысы нығаяды.

«Ағалар мектебінде» оқушыларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан бастап, түрлі спорттық ойындарды, асық, жебе ату сияқты ұлттық спорт ойындарын үйретуге болады және бұл шараларды ұйымдастырғанда әр сыныптың жас ерекшелігіне сай жұмыс жасалғаны жөн. Мәселен, 1-сыныпта асықпен таныстыру, оның түрлі түске бояп, түстерді ажырату, санау жаттығуларында асықты қолданудан бастап, ханталапай, бес асық ойындарын ойнауға болады. Сонымен қатар, «Ағалар мектебін» мектеп ішінде өткізілетін іс-шаралардан бөлек, сыныптан тыс шараларға да тартуға болады. Мысалы, «Атадан тал қалсын» деген атпен көктем айларында мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізгенде, ағаш отырғызу ісіне аталған мектептің мүшелерін оқушылармен бірге қатыстыруға болады. Онда тек ағаш отырғызып қана қоймай, айтылған мақалдың мәнін түсіндіріп, ағашты күту жолдарын баяндату арқылы оқушыларды табиғатты аялауға, бірлесе еңбек етуге үйретеміз. (2-сурет)




2-сурет. «Ағалар» мектебінің отырыстары

Ұлттық тәрбиенің негізі – «балам – барым, немерем – жаным» деген әжелерімізде жатыр. Ата-бабамыз қашанда бала тәрбиесін әжелерге сеніп тапсырған. Әженің әлдиімен ұйықтап, ертегісін, аңыз әңгімелерін естіп өскен баланың болашағы жарқын болатыны анық. Зеренің тәрбиесінде болған Абай не Айғанымның әңгімесін тыңдап өскен Шоқан аталарымыздың өмірі, ел үшін атқарған еңбегі, соңында қалдырған мұрасы – сөзіміздің анық дәлелі. Сондықтан да отбасылық құндылықты, ұлттық тәрбиені жетілдіру үшін мектептерде әжелер ұйымының да болғаны абзал. Әжелер ұйымының мүшелері айына бір рет болса да, бастауыш сыныптарға ертегі оқу сағаттарын ұйымдастырса, орта сыныптарда ою ою, кесте тігу сияқты ұлттық өнерге баулу сағаттары өткізілсе, жоғары сыныптарда құрақ құрау, тоқу жұмыстарынан бастап, қыз баласына болашақ өміріне қажетті түрлі дағдылар мен ақыл-кеңестер үйретіліп отырса, білім және тәрбие ордасы ретінде мектептің ұлттық құндылыққа бағытталған жұмыстары толыға түсер еді.

Мектебімізде бұл бағыттағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі жүзеге асырылады. Мәселен, «Әжелер мектебі» жоспарына сәйкес мектебімізде «Ертегі – танымның көзі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. «Әжелер мектебі» арқылы ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарада әжелер оқушыларға қызықты ертегі айтып, үлгі-өнеге боларлық ақыл-кеңестерін айтса, оқушылар өздерінің сүйікті ертегілері негізінде сахналық қойылым көрсетті. Арты сұрақ-жауапқа ұласқан шарада оқушылар ертегінің тәрбиелік мәнін, адамның ой-өрісін, қиялын дамытудағы орнын түсіне білді. (3-сурет)

3- сурет «Әжелер мектебі» «Ертегі – танымның көзі» тақырыбында іс-шара


Осындай ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие жұмыстары «Жыл басы – Наурыз» мейрамы тұсында көптеп өткізілді. Бұл ретте «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебінің» 3-сынып оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырған сахналық қойылымын, «Әжелер мектебі» өткізген «Салт-дәстүр – басты құндылық» шарасын атауға болады.(4-сурет)


4-сурет «Әжелер мектебі» өткізген «Салт-дәстүр – басты құндылық» шарасынан көріністер

Ұлттық құндылықтан басқа рухани, адамгершілік, еңбек, қарым-қатынас, отбасы, білім т.б. құндылықтар да бар екенін ескерсек, мектебімізде ата-анамен бірлесіп ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарында құндылықтың әр түріне қатысты мәселелер қарастырылады. Солардың бірі – отбасы құндылығы. Бұл бағыттағы жұмыстарға жоғарыда айтылған мектептердің барлығы да қатысады. Мәселен, сондай шаралардың біріне «Жеңгелер мектебі» ұйымдастырған «Мұны қыздар білуі тиіс» атты интерактивті сабақты жатқызуға болады. Сабақ барысында жеңгелер «Қыз бала тәрбиесіндегі жеңгенің орны», «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызды тәрбиеле», «Қыз баланы отбасылық өмірге дайындау керек пе?» деген мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Осы арқылы отбасы құндылығы, отбасындағы қыз баланың, әйел адамның рөлі, отбасындағы сау қарым-қатынас қандай болу керек деген сұрақтарға жауап алды. (5-сурет)

5-сурет«Жеңгелер мектебі» сабақтарынан

Сонымен қатар 5-9 сынып арасында «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Бала жүрегіне жол табу» тақырыбындағы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сабағында отбасындағы тәрбие, жасөспірімдік дағдарыс, одан шығу жолдары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, конструктивті келіссөздер, кешіре білу сияқты сұрақтар қарастырылды. Бұл да отбасылық құндылықты нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы мейірімді арттырып, қатынасты бекіте түсетіні сөзсіз

Жоғарыда айтылған іс-шаралардың барлығы да мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан қолдауға, оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге, мектептің тәрбие жұмысын табысты ұйымдастыруға ықпал етеді. Мектеп пен ата-ана арасында өзара әрекеттесу арқылы оқушының білімі мен тәрбиесінде жетістікке жете алады. Демек, оқушының білімі мен тәрбиесін жақсарту үшін өзара әрекетті оңтайландыру қажет. Яғни, мектеп пен ата-ана бірлесе еңбек етіп, ата-ана баласының мектептегі өміріне тікелей араласса, олардың тығыз қарым-қатынаста тәжірибе алмасуына, бір-біріне қолдау көрсетуге жағдай жасалса, аталған өзара әрекет нәтиже береді. Ендеше мектеп пен ата-ана арасындағы жұмысты ұтымды ұйымдастыру – уақыт талабы және оқушылардың білімі мен тәрбиесінің, жалпы білім беру жүйесінің сапасын арттыру жолы.  


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Махамбетова. Мектеп пен отбасы қарым-қатынасы қандай болуы керек?/ «Ана тілі» газеті, 31 тамыз 2023 ж.

  2. Ғ.Бейсембаев. «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт». Білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіндегі баяндамасы. 24 тамыз 2023 ж.

  3. Методические рекомендации по педагогической поддержке родителей в воспитании и развитии детей в организациях среднего образования/Научно-методический совет НАО «Национальный институт гармоничного развития человека. 15 август 2023 г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!