Материалдар / Құқық әділетпен парасат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құқық әділетпен парасат

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтық құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен білі 1. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Менандр 2. Заң адамды бағындырады. Т.Фуллер Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу. Кіріспе сөз. Бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатының тақырыбы – Құқық бұзушылыққа жол бермейміз! Бүгін біз адам дү
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
729
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құқық – әділет пен парасат жолы» Мақсаты: Азаматтық құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сіздік қорларын молайту.Барысы:1-жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам төрде әлемге танылды анық. Шырқадым әнұранды бар дауыспен, Арманым Ата Заңым қабылданып.2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ата Заңым! Арман әнім! Сенен басқа барма бағым! Жалғыз саған байланысты Елімде еркін самғағаным. Ата Заңым! Бар мұратым, Жалғыз кие жанды ұғатын. Жаңсақ бассаң жолға салып, Тәубаңды еске алдыратын. Ата Заңым! Кемеңгерім! – деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз «Құқық – әділет пен парасат жолы» деп аталады. Ата Заңымыз, ондағы адамның құқықтары мен бостандығы, Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы болмақ. Тәрбие сағатымыз жеті бөліктен тұрады. Әр топ өз аттарын қорғайды. Тәрбие сағатымыз сұрақ – жауап, жарыс түрінде өтеді.1-бөлім «Таныстыру»(Әр топ атын, топ ұстанымын, топ төсбелгісін таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 5 ұпай)1-топ «Әділет» Топтың ұраны:Әділ болу – әр адамның парызы,Мұны біледі жасы менен кәрісі.Әділетті болғаның қандай жақсы,Анықталып тіршіліктің ағы менен қарасы.2-топ «Ақиқат» Топтың ұраны:Ақиқаттан қаша алмаймыз ешқашан,Ақиқат ашылады әрқашан.Ақиқатсыз өмір жоқ біз білетін,Ол емес өмірде өзгеретін.2-бөлім «Тікелей сұрақ»(Әр топқа заң,құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)«Әділет» тобының сұрақтары:Конституция сөзінің аудармасы қалай? (құрылым,өкілім) ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (халық)Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды? (2 рет 1993 жылы 28 қаңтарда, 1995 жылы 30 тамызда)Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата. (Парламент)«Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады. (5 тарау)ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық,әлеуметтік)Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)ҚР конституция неше бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)17 желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні) «Ақиқат» тобының сұрақтары:Еліміздегі мемлекеттік тіл (қазақ тілі)ҚР «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8 тамыз)ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа еңгізілді? (1993 жылы 15 қарашада)Дүниежүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды? (АҚШ-та, 1787 жылы)Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10 желтоқсанда)ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4 маусым)ҚР-дағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау,53 бап)«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қарашада ББҰ-ның бас Ассамблеясы қабылданды)ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтарда)1-жүргізуші:1.Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы. Бауыржан Момышұлы

2.Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. Менандр3.Заң адамды бағындырады. Т.Фуллер2-жүргізуші:1.Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ғабиден Мустафин2.Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзетін қабырға – дуал ретінде қорғауға тиіс. Гераклит3.Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғары көрінісі болып табылады. С.Джонсон3-бөлім «Адасқан әріптерді орналастыр»(Әр топтың жауабы 3 ұпаймен бағаланады)ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.АТКРДЕИЯМО - халық еркі немеме билігі.ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы.УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты кәуландыратын құжат.РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган.

4-бөлім «Ой жалғау»(мақал – мәтелдер айтудан жарыс.Әр бір дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады )«Әділет» тобы:Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)Тура биде ... (туған жоқ)Ақырын жүріп ... (анық бас)Асыл тастан ... (өнер жастан)«Ақиқат» тобы:Ұрлық түбі ... (қорлық)Жазасын тартпайтын ...(жамандық болмайды)Әдепті бала ... (арлы бала)Әдепсіз бала ... (сорлы бала)Тәрбие ... (отбасынан басталады)Әділ істің ... (арты игі)

5-бөлім. «Сурет сайысы»(Жоғарғы ұпай 5 ұпай)Тақырып : «Адам және қылмыс»Тапсырма : әр топ ой – тұжырымдарын білдіреді.6-бөлім. «Сиқырлы шаршылар»(капитандар сайысы)Қылмыстық істер Кодексі жөнінен қойылатын сұрақтар:Қандай жағдайда адам мүлкінен айрыла алады? (Тек сот шешімі бойынша)Азаматтық істер жөніндегі сот қай тілде жүргізіледі? (қазақ тілінде, қажет жағдайларда ғана орыс және басқа да тілдерде)Кімге қарсы мәлімет беруге тиісті емеспіз? (Өз-өзімізге, жұбайымызға, туған – туыстарымызға, және т.б. заңды түрдегі жақын адамдарымызға)Қанша жастан төменгі тұлғалар сот мәжілісінің залына жіберілмейді? (16 жас)Қандай жағдайларда 16 жастағы тұлғалар сотқа қатыса алады? (Егер ол адам іске қатысты немесе куәгер болса)Қандай сотта іске қатысы бар тұлғалардың «шешімнің» қайта қаралуына құқығы бар? (Жоғары сотта)Кәмелет жасқа толмағандардың құқығын, заңмен қорғалатын қызығушылығын кімдер қорғайды? (Олардың заңды өкілдері)Дәлелдерді жинау барысында ғылыми-техникалық құралдармен қолдануға рұқсат бар ма? (йа,бар)Шыраңшы өзіне сеніп, шынын айтқан адамға қарсы кәулік бере алады ма? (жоқ)Қорытынды1 – жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында, Бұл шақта көп бересі, аласым да Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау Алайын анасын ба, мынасын ба,- деп С.Торайғыров айтқандай «Тәуелсіз Қазақстан» атты құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар. Осымен «Құқық – әділет пен парасат жолы» сайысын аяқтаймыз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!