Материалдар / "Құқық негіздері" пәнінен оқу-әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Құқық негіздері" пәнінен оқу-әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушыларына, студенттерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
1491
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ






ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




















Атырау, 2020 жыл



Терминдер анықтамалығы


Автономия (грек. Autos - өзім, nomos – заң) – мемлекет аумағында оның белгілі бір бөлігінің өз ішкі мәселелерін шешудегі дербестігімен сипатталатын өзін-өзі басқару нысаны.

Авторитарлық (лат. auctoritas – билік, ықпал) – саяси режимнің бір түрі. Мұнда саяси билікті нақты тұлға (тап, партия, элитарлық (дегдарлық) топ және басқалай да бір өкіл жүзеге асырады. Халықтың билікке қатысуы өте төмен деңгйде болады. Қоғамды басқару бюрократиялық-әміршілік әдіс арқылы атқарылады.

Агнаттар (Агнаты; лат. adnates, adnati) – 1) отбасы басшысының билігіндегі туыстар; 2) ер адамның ата-бабаларынан тарайтын туыстары, римдіктер деген мағынаны білдіреді.

Азаматтың тұрғылықты жері (Место жительства гражданина) – азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.

Айыптау (Обвинение) – 1) заң жүзінде өкілдігі бар лауазымды адамның не арнаулы органның жауапқа тартуы, адамның айыпты екенін дәлелдеу жұмысы. Мемлекеттік айыптауды сот алдында прокурор қолдайды, қоғамдық айыптауды мекеме не ұжым атынан қоғамдық айыптаушы, жеке айыптау істері бойынша жәбірленуші не оның өкілі қолдайды; 2) айыптау қорытындысындағы, айып жариялау қаулысындағы, сотқа беру қаулысындағы (ұйғарымдағы), үкімдегі көрсетілген айыптау тезисінің мазмұны.

Акцепт – офертада (шарт жасауға ұсыныс) көрсеитілген барлық талаптарға акцептанттың (оферта жолданған тұлға) толық келісімін білдіретін жауап.

Акционерлік қоғам (Акционерное общество) – азаматтық заң бойынша өзінің қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын ұйым. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қоғам коммерциялық және коммерциялық емес болып құрылуы мүмкін.ҚР-да қоғамның екі үлгіде – ашық және жабық болып құрылуы мүмкін. Жабық акционерлік қоғамның (ЖАҚ) акциялары құрылтайшыларының және алдын ала анықталған тұлғалардың араларында таратылады. Акционерлердің өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердіңкелісімнсіз тарата алатын акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғам деп танылады (ААҚ).

Алиби (лат. alibi – басқа жерде) – қылмыс жасалған мезгілде, уақытта айыпкер немесе сезіктінің оқиға болған жерден басқа жерде болғандығын көрсететін мәлімет (факт).

Акт (лат. aktus-әрекет, aktum-құжат)-1.қылық, іс-әрекет.2.ресми құжат.

Аннексия (лат. annexio - қосылу) – бегілі бір халықтың не ұлттың аумағын мемлекетке мәжбүрлеп қосу.

Аристократия (грек. Aristoc – ең жақсы, kratos - билік) – мемлекетті басқарудың нысаны. Мұндай басқаруда билік қанаушы таптың ақсүйектер тобының қолында болады.

Арыз (Заявление) – 1) адамның өз заңды құқығын пайдаланып, жоғары лауазым иесіне ресми түрде жазған немесе ауызша айтқан мәлімдемесі; 2) біреудің шеккен қиянаты, көрген қорлық-зорлығы жайындағы жәбір көрген адамның берген шағымы; 3) қылмыскердің заң орнынан кешірім сұраған өтініші және т.б.

Легализация (лат. legali - заңды) – 1) қандай да болмасын ұйымның қызметіне рұқсат ету, оны заңдастыру, қандай да бір актіге заңды күш беру; 2)құжаттардағы қолдың шын екендігін растап, бекіту. Шекарада құрылған немесе шет мемлекетте пайдалануға арналаған құжаттар легализацияға жатады. Консулдық күәландыратын қолы түрінде жүргізіледі; 3)заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немес өзге мүлікті легализациялау (заңдастыру, тазарту) ҚР ҚК-нің 193 бабына сәйкес экономикалық қызмет аясындағы қылмыс болып табылады да, көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануды білдіреді.

Лоббизм – «ықпал тобының» өз дегендеріне көндіру нысаны. Мұнда белгілі бір әлеуметтік құрылымдардың мүддесін көздейдің барысында аталған «ықпал тобы» құқық шығармашылығымен айналысатын адамдарға (тұлғаларға), сондай-ақ құқық қолданушы органдарға, тұлғаларға өздеріне пайдалы шешімдер қабылдатуға тырысып бағады.

Материалдық құқық (Материальное право) – құқықтық нормалар, институттар, салалар мен салышықтар жиынтығы. Оларды қолдану арқылы мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей ықпал жасайды, осы құқықтық жиынтық арқасында субъектілерге құқықтар беріп, міндеттер жүктеп, өз материалдық мүдделерін қанааттандыруға мүмкіндіктер тудырады.

Меншік (Собственность) - өндіріс құралдарын иелену және олардың көмегімен жасалған материалдық және материалдық емес игіліктерді бөлісу жөніндегі объективті қоғамдық қарым-қатынастар.

Министрлік (Министерство) – қоғам және мемлекет өмірінің бір немесе бірнеше саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіру қызметін атқаратын орталық атқарушы орган.

Мораль – адамдардың жүріс-тұрыстарын жақсылық, әділеттілік және адалдық тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидаттар жүйесі.

Моральдық зиян (Моральный вред) – жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтарының бұзылуы, кемісітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, ұйымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қтналу, залал шегу, қолайсыз жағдай қалу және т.б.). Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, моральдық зиян келтірушінің кінәсы болған жағдайда өтіледі.

Нашақорлық (Наркомания; грек. narke; ағыл. narkomania) – адам ағзасының физикалық және психикалық функцияларының ауыр түрде бұзылуына әкеліп соқтыратын есірткі заттарды жүйелі түрде қолдануға құмарлық. Құқық бұзушылардың көбі наркомандар болып табылады.

Норма – үлгі-өнеге эталоны ретінде басшылыққа алынатын, жалпылама түрдегі тәртіптердің қалыптасқан ережесі. Мыс., адамгершілік, ізгілік, мораль (өнеге) қағидалары, әдет-ғұрыптар, құқықтық қағидаттар және т.б.






















Дәрістер тезистері


1 - дәріс

Тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік

  1. Құқық ұғымы, белгілері

  2. Құқықтың қайнар көздері

  3. Құқықтық қатынастар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995 жыл

  2. Садуақасова Л.К., Абілмажина А.М. Құқық негіздері: - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы - 2011.- 185б.

  3. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы, Жеті Жарғы, 2006


Адам әртүрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсінік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілер арасында көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілеріне мыналар жатады:

1. ерікті сипаты;

2. жалпыға міндеттілігі;

3. нормативтілігі;

4. мемлекетпен байланысы;

5. формалды анықталғандығы;

6. жүйелілігі.

Құқықтың жоғарғы  қоғамдық міндет-мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және  кепіл болу,  әділеттілікті нығайту,  қоғамдық өмірден  бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және  рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.

Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың  әлеуметтік  әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы  және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде  демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы  жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды:  формалды  және мазмұнды.

Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі. Объективті құқық  - бұл белгілі бір  кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнамасы, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және  нор­мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезіміне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.

Субъективті құқық бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі  субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.

Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз  өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа  позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.

Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның  қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты  екі  жағы анықталды.

Көпшілік (бұқаралық) құқық бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына  орнатылған.

Жеке құқық  - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір–біріне  бағынбаушылық бастауларына  негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.

Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде – құқықтың  мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.

Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи – құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық – тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.

Құқық қағидасы бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.

Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.

Құқық функциялары бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).

Құқықтың реттеу әдістері:

Императивтік әдіс тыйым салу, міндеттеу, жазалауға негізделген жазбаша әдіс.

Диспозитивті әдіс рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.

Құқықтың қайнар көздері бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативті құқықтық актілер;

2. Құқықтық әдет – ғұрыптар;.

3. Заң прецеденті;

4. Нормативті шарт.

Нормативті құқықтық  актілер  бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты  қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.

Заң - қоғам өмірін реттеуге байланысты мемлекеттің еркін білдіретін, арнайы белгіленген тәртіп негізінде қабылданатын жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік құқықтық акт. Заң бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың  ерік–жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе  референдумда қабылданған  нормативті акт.

Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі.

Заңның түрлері: 1)Конституция; 2)Конституциялық заңдар;3)Жай заңдар.

Заң күшіндегі актілер бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:

1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

2. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;

3. Мемлекеттік аймақтық  және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;

4. Ведомствалық  актілер.

Құқықтық әдет-ғұрып - тұрақты қайталануына байланысты тарихи қалыптасып, мемлекет тарапынан міндетті деп танылған жүріс-тұрыс ережелері.

Құқықтық прецедент - болашақта туындауы мүмкін ұқсас дауларға негіз болып табылуы үшін оған мемлекет тарапынан міндеттілік сипат берілетін нақты бір іс бойынша қабылданған шешім.

Келісім-шарт дегеніміз - мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын, екі немесе одан да көп қоғамдық қатынас қатысушыларының нақты мәселеге қатысты өзіндік ерік білдіруін нақтылайтын акт.

Құқықтық қатынас – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың белгілері:

Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші – қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.


Бақылау сұрақтары:

1. Құқық дегеніміз не?

2. Құқыққа тән белгілерді атаңыз.

3. Объективті құқық дегеніміз не?

4. Субъективті құқық дегеніміз не?

5. Құқық қандай функцияларды атқарады?

6. Құқық қағидасы дегеніміз не?

7. Құқықтың қайнар көздері дегеніміз не?

8. Құқықтың қайнар көздерін атаңыз.

9. Құқықтық қатынастар ұғымы?

10. Құқықтық қатынастардың белгілерін атаңыз

11. Құқықтың реттеу әдістері қандай?

12. Императивтік әдіске мысал келтіріңіз?

13. Диспозитивтік әдіске мысал келтіріңіз?

14. ҚР тән құқықтың қайнар көзі қандай?


Үйге тапсырма: Қ.И.Оспановтың «Құқық негіздері» оқулығын негізге ала отырып, қосымша дайындалу.

2 - дәріс

Тақырыбы: Конституциялық құқық негіздері

  1. Конституциялық құқықтың пәні мен әдістері

  2. Конституцияның түсінігі және мәні

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995 жыл

  2. Садуақасова Л.К., Абілмажина А.М. Құқық негіздері: - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы - 2011.- 185б.

  3. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы . А., 2000. Ж

  4. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы, Жеті Жарғы, 2006


Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатн құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрылыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сонымен қатар адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады.

Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қатынасын айтамыз.

Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері – конституциялық құқыққа қатынасушы қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Мысалы: мемлекет, халық, депутат, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары және тағы да басқа.

Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа түсуі. Мысалы: мемлекеттік аумақ, адамдардың тәртібі, материалдық құндылықтар, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары және тағы да басқа.

Конституциялық құқық кез-келген мемлекеттің құқық жүйесінде айрықша маңызды орынды иеленеді. Конституциялық құқық дегеніміз - қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық негіздерін орнықтырумен, жеке тұлғаның мемлекеттегі орны мен ролін айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын бекітумен байланысты мемлекет үшін аса маңызды қарым-қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекет пен қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!