Материалдар / "Құқық сабақтары - өмір сабақтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Құқық сабақтары - өмір сабақтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде адам құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2022
2925
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құқық сабақтары – өмір сабақтары»



Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде адам құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: презентациялар, Конституциялар, Бала құқықтары туралы конвенция.

Барысы:

Қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздер бүгінгі «Құқық сабақтары – өмір сабақтары» тақырыбындағы кездесуімізге қош келіпсіздер!

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әртүрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. міне осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады. Б.з.д Рим құқығы ІХ-ҮІІ ғасырда Б.з.д Ү ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде, Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есімханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік, тыныштықты сақтайты нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар, қазақ елінің заңын жасауға, әдет-ғұрпын сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларияциясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз.

«Ой қозғау»

«Балалар құқықтары мен міндеттері жайында не біледі?»

  • Балалар, сендерге сұрақ. Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс? (әңгімеге тарту)

  • «Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?

  • Тіршілік ету, өмір сүру туралы не білесіңдер?

  • «Мен міндеттімін»

  • Көріп отырғанымыздай, оқушылар құқықтары мен міндеттері жайында көп біледі екен. Олар мұны кітаптан емес, өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына, неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.

  • Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.

  • Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.

Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)

Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы Аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Сәбденова Гаухар ханым келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады. 

Оқушылардың сұрақтары

Ситуациялық сұрақтар

  • Сабақ уақытында оқушы сынып бөлмесінде қозғалып жүр, өйткені ол жүруге құқығым бар деп есептейді?

  • Жүріп – тұруға құқығы бар, бірақ сыныптағы тәртіпті бұзбауға міндетті.

  • Сынып бөлмесінде сөйлесіп отырсың, өйткені сен сөз бостандығына құқығым бар деп есептейсің.

  • Сөз бостандығына құқығын бар, бірақ сабақ уақытысында мұғалімдерді сыйлауға, достарына кедергі келтірмеуге міндеттісің.



«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ...
(отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)

Рефлекция.

  • Кездесу қызықты өтті ме?

  • Сен өз құқығыңды қорғай аласың ба?

Қорытынды.

Бауыржан Момышұлы «Азамат жолы – ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.



Жұманова Гүлжауһар Жасұзаққызы

Түркістан облысы

Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің

«Оқушылар үйі» МКҚК-ң педагог-психологы.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!