Материалдар / ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ -БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІІНДЕТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ -БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІІНДЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді.
Авторы:
11 Желтоқсан 2023
227
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орал қаласы, №19 ЖББОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б. Халелова.


ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ -БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІІНДЕТ

(ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ)


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық
қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді.

Әсіресе, бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж
жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр.

Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың
қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мектебімізде осы тақырыптарда көптеген кездесулер, іс-шаралар өткізіледі. Құқық
бұзушылықтың алдын-алу жұмысы бойынша жұмыс жоспары құрылып, жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беріп, түсінік жұмыстары жүргізіледі. Мектеп инспекторымен бірге рейд жұмыстары да белсенді атқарылады.

Дегенмен, жасөспірімдердің демалыс уақыты кезінде қараусыз қалуы, ата-ана тарапынан бақылаудың аз болуына байланысты құқық бұзушылықтар болып жатады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі.

Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінез-құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Мектепте кәмелетке толмағандар жасөспірімдерге үнемі құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулер өткізіледі. Мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап, ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан деп айтуға да болмайды. Себебі кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

Кибералаяқтар – бұл өзгенің мал-мүлкін еш қысымсыз, бопсалаусыз, асқан қулықпен иемденіп алуды көздейтін қылмыс әлемінің элитасы. Қудың қақпанына түскен адам өзінің мүлкін алаяқтарға өз еркімен қалай бергенін аңдамай қалады. Қылмыскерлердің бұл санатын өзінің қулығы, тапқырлығынан басқа, жәбірленушіге қатысты ешқандай зорлық-зомбылық танытпауына қарап, ең «әділетті» фигура деуге болар.

Интернеттің пайдасы орасан, алайда, зияны да шаш-етектен екені белгілі. Интернет-алаяқтық – бұл желі пайда болғанға дейін болған алаяқтық схемалардың кезекті нұсқасы. Ол онлайн-шопинг және электрондық коммерцияның өзге түрлерінің танымалдылығымен бірге дамыды. Пайдаланушыларды алдау үшін интернет-алаяқтар электрондық поштаны, түрлі чаттарды, форумдарды және жалған веб-сайттарды пайдаланады. Жалпы, кибералаяқтық деген қайдан шыққан? Одан сақтанудың жолы бар ма? Қазақстандағы интернет арқылы жасалатын қылмыстың көрсеткіші қандай?

Интернет-алаяқтықтың көбеюіне бірқатар фактор себеп болып отыр. Оның ең алғашқысы, қазіргі таңда ақпараттық құрылғылардың адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылуы. Мысалы, онлайн тауар сатып алу, жалға алу, ақша жіберу, интернет-банкинг және т.б. интернет арқылы жасалатын қызметтер.

Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған түрлері мынадай: жарнама арқылы тауарға немесе қызметке алдын ала төлем алу. Оған интернет-алаяқтықтың жартысы тиесілі. Екіншісі - шағын несие ұйымдарының сайттарында онлайн-займ рәсімдеу. Жыл басынан мұндай шамамен 3 мың қылмыс жасалды. Үшіншісі - азаматтардың жеке мәліметтерін алғаннан кейін банктік есепшоттарынан ақша қаражаттарын ұрлау.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп ата-бабамыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынынын ескеру керек.
















7 А сынып ата-аналарының жиналысқа келу парағы


Аты-жөні

қолы




































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!