Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық ұғымы, құқықтың қоғамдағы рөлі туралы оқушылардың сауаттылығын арттыру,өз құқықтарын жете білуге, оларды өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында орындалған Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие бағытындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





«Бекітемін»___________

Әдіскер: Нургазы М.Т.

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Адильбаева А.Е.







ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ











Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы»

Өтетін орны: «№32 ЖОББМ» КММ

Сынып: 9 «Д»

Мерзімі: 14.10.21

Тобы: 29 ә

Машықкер: Мұратқызы Эльназ

Баға: «___» ___________________

Баға: «___» ___________________







Семей, 2021

Тәрбие сағатының мақсаты: Құқық ұғымы, құқықтың қоғамдағы рөлі туралы оқушылардың сауаттылығын арттыру.

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: Өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра алуға, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.

Тәрбие бағыты: Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.

Формасы: Ашық әңгіме

Әдіс - тәсілдері: Ой толғау

Көрнекілік: түрлі түсті суреттер

Техникалық құралдар: Интеректативті тақта , слайд , бейнеролик

Жабдықталуы: Қағаз , маркерлер


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /40 минут/


І. Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

  2. «Есім» ойыны 3 минут

ІІ. Негізгі бөлім

1. Техникалық қауіпсіздік ережесі 5 минут

2. Айырмашылық пен ұқсастық 7 минут

3. Бейнеролик 5 минут

4. Мақал-мәтелді жалғастыр 5 минут

5. Жағдаяттық сұрақ 8 минут

ІІІ. Қорытынды

Рефлексия (Жетістік баспалдағы) 5 минут

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Алғы сөз

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сабақты бастамас бұрын «Есім» ойынын ойнайық. Қазір әрқайсымыз тізбек бойынша жанымыздағы адамның есіміне сын есім қосып айтайық. Яғни сын есім де , есім де бірдей әріптен басталуы қажет.

II. Негізгі бөлім

1. Қауіпсіздік ережесімен танысып алайық.

2. Жалпы құқық және міндет деген не? (балалардың ойы тыңдалады, қосымша мәлімет слайд арқылы көрсетіледі)

3. Қазіргі уақытта құқықбұзушылықтар артып келеді , сол жайлы бейнеролик тамашаласақ (оқушылар тыныштық сақтап, бейнеролик қарайды, ой-түйіндерімен бөліседі)

4. Мақал-мәтелді аяқтап, білімімзді тексерейік (балалар ізденеді, білімдерін толықтырады) 1.Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің) 2.Ұрлық түбі ... (қорлық) 3.Өтірікшінің құрығы...(бір-ақ тұтам)

4.Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

5.Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

5. Жағдаяттық сұраққа өз ойларыңды сахналық көрініс ретінде көрсетіңіздер, сіздер не істер едіңіздер?

1-топ: Мереке күндерінде 1-курс студенті  Алишер түнгі  сағат 23:25 те түнгі  клубта достарымен көңіл көтеріп жүрген еді. Осы кезде құқық қорғау органының қызметкерлері баланың құжатын сұрап, ішкі істер бөліміне алып кетті...

2-топ: Көрші дүкеннен 11 сынып оқушысын әкесі дүкеннен сыра әкелуге жұмсады. Дүкенші бала танитын болғандықтан оған сыраны сатты. Осы тұста әкесінің, баласының , дүкеншінің іс-әрекетін көрсетіңіз беріңіз.

3-топ: 10 сынып оқушысын 2018-жылдың қараша айында кешкі 10-нан кейін беймезгіл жүргеніне, ішкі істер қызметкерлері ата-анасына ескерту  берген болатын. Сол жағдай мамыр айында қайталанып, қызметкерлер тағы  да бөлімшеге алып кетті. Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолдану керек?

Рефлексия:


III. Қорытынды

Сіздер Қазақстан мемлекетінің азаматы мен азаматшалары болып табыласыздар. «Болашақ - жастардың қолында» демекші өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, биылғы жастар жылында бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді. Осымен сабағымыз өз мәресіне жетті, сау болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2021
1249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі