Материалдар / Құқықтық сауаттылық - заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқық, заң жайында білімдерін тереңдету. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4866
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқық, заң жайында білімдерін тереңдету.

Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:

Оқушыларды екі топқа бөлу:

1 - топ «Әділет»

2 топ «Ақиқат»

Сарапшылар : Заң қызметкерлері _______________

Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.

Кіріспе:

Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз - белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты мен жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол халық ұлтының төл Конституциясының қабылданғанына 22 жыл толып отыр.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған.

Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының» күні аталып өтіледі.

Адам және азаматтардың құкықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған кұжат, бұл өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы . Бұл кезде 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдында Президентте, қарапайым адам да бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.

1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы 1995 жылы референдум арқылы бекіткен екінші Конституциясы қабылданды.

Сабақтың жүру барысы:

І Таныстыру :Топ аты

ІІ Тікелей сұрақ:(әр топқа заң, құқық тақыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады)

ІІІ Ой талқы: Берілген сұраққа әр топ ой - тұжырымдарын білдіреді

ІV Өз құқығыңды біл: Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8-тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу (2006.31.01.берілген өзгерістер мен толықтырулар)

V Ой жалғау:

VІ. Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?

VІІ. Білімді тиянақтау: Ситуациялық жағдайдан шығу

Қорытынды:






Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында Қазақстан Республикасының өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы адам және адамның өмірі. Құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

Сондықтан заңды білу заман талабы. «Құқықтық сауаттылық заман талабы»

айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

I бөлім «Таныстыру»

Әр топ атын айтып өту

II бөлім. «Тікелей сұрақ»

«Әділет» тобының сурақтары:

1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым өкілім)

2. Қ.Р-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)

3.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

4. Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да Конституция қанша рет қабылданды?

(2-рет 1993 жылы 28-қаңтар , 1995 жылы 30-тамыз)

5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент)

6. Қасымханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5-тараудан)

7. Қазақстан Рееспубликасы өзін қандай мемлекет ретіне орнықтырды.

(Демографиялык, зайырлы , құқықтық, әлеуметтік)

8. Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.)

9. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөліктен және қанша баптан тұрады? (9-бөлім 98-бап)

10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

«Ақиқат тобының » сұрақтары:

1. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тіл)

2. Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді? (2002жылы 8-тамыз) (2006.31.01.берілген өзгерістер мен толықтырулар)

3. Қазақстан Республикасының төл теңгесі қашан қолданысқа енгізді?

(1993 жылы 15-қараша)

4. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай жылы пайда болды?

(1787 жылы АҚШ-та)

5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

(1948 жылы 10-желтоқсан)

6. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4-маусым)

7. Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады ? (10-тарау 53-бап)

8. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

9. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?

(1989 жылы 20- қараша БҰҰ-ның бас ассамблеясы қабылданды)
10. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қашан кабылданды?

(2006 жылы 6-қаңтар)

III бөлім «Ой талқы»


1 топ. «Әділет» тобына

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2 топ. «Ақиқат» тобына

Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?


ІV бөлім. «Өз құқығыңды біл?»

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8-тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңындағы кейбір баптарға тоқталу

  1. «Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар




22-бап  

  1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
    2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
    25-бап
    1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
    2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.

34-бап бойынша қорытынды жасау

1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын

сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы

мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

VІ. бөлім. «Ой жалғау»

«Әділет тобы»

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан ғөрі ... (кешірген жөн)

3. Ақырын жүріп .... (анық бас)

4. Асыл тастан ... (өнер жастан)

5.Тура биде... (туғанжоқ)

«Ақиқат» тобы

1. Ұрлық түбі ... (қорлық)

2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)

3. Әдепті бала ... (арлы бала)

4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

5. Әділ істің...(арты игі)

VII. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?»

Мұғалім: «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады.

Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде темекі және спирттік ішімдікті оқушыларға сатты.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары мектеп бау бақшасынан жемістер ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.

(Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

VIIІ. Білімді тиянақтау

Бұл бөлімде екі топ ситуациялық жағдаяттан шығу керек, (1 мин. уақыт беріледі)

1.Ситуациялық жағдай

Азаматша Амангүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Амангүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген.

1. Азаматша Амангүл дұрыс жасады ма?

2. Мұндай жағдайда Амангүл не істеуі керек еді?

3. Амангүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме?

Дұрыс жауабы:

1. Амангүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді.

2. Амангүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қазақстан Республикасының кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды.


2. Ситуациялық жағдай

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.

Сұрақ

  1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?

(Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

Жауабы:

Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды.

Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді.

Қорытынды:

Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!