№32 КМУ
ЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Скакбаева
Ж.С.
Құрамалас сөйлем
компоненттерінің орналасу тәртібі.
Құрамалас сөйлем-сөйлемдердің
структуралық бір түрі. Құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да көп
сөйлемдерден құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтады.
«Құрмалас» деген атау қазақ тілі білімінде 20-жылдардан, Ахмет
Байтұрсынұлының 1925 жылы жарық көрген «Тіл құралы» атты оқулығынан
бастап қолданылып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінде құрмалас сөйлемнің алатын орны ерекше.Себебі әртүрлі
стильде жазылған мәтін болсын, шығармалар болсын құрмалас сөйлем
негізінде құрылып, оның құрамына енген компоненттер бір-бірімен
синтаксистік байланыста болады. Оқушылар жазылым тапсырмаларын
орындаған кезде сөйлем құруда қиыншылықтарға тап болып жатады.
Солардың бірі сөлемдегі сөздердің , сөйлем компоненттерінің дұрыс
орналасуында,яғни орын тәртібін сақтай
білуінде.
Сөйлем мүшесі қызметін
атқаратын әрбір сөздің сөйлемде қалай болса, солай тұра салмай,
белгілі тәртіппен орналасатыны сияқты, құрмалас сөйлем
компоненттерінің орналасуында да белгілі қалыптасқан тұрақты
заңдылықтары болады. Егер компоненттердің тілімізде қалыптасқан
орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы ,
сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылып қана қоймайды, сонымен бірге
сөйлемнің ұғымы ауырлап, кейде сөйлем болудан да қалады.Сондықтан
сөйлем мүшелерінің орын тәртібі сөздердің синтаксистік
қатынастарының басты бір көрсеткіші болатыны сияқты, құрмалас
сөйлем компоненттерінің орын тәртібі де жай сөйлемдерді
құрмаластырудың елеулі бір жолы болып
есептеледі.
Құрмалас сөйлем
компоненттерінің орналасуында мынадай заңдылықтар
бар.
а) салалас құрмаластың болсын,
сабақтас құрмаластың болсын тиянақсыз компоненттері әрдайым бұрын
айтылады да, тиянақты компоненттері кейін айтылып, сөйлемді аяқтап
тұрады. Мысалы:Сауле түсінгендей түр көрсетіп,көз қиығын тастап
еді, ол кеудесін көтере түсті. Бірақ бұрынғыдай емес, кеудесін
қанша көтерсе де, еңсесі көтерілген жоқ. Бұрынғы ойлы жүзін ауыр
мұң басып, бұрын үнемі шаттық ойнап тұратын көзінен қазір ыза оты
жалтылдайды (Ә. Әбішев).
ә) Поэзияда құрмаластың
тиянақты компоненттері мен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібі
өзгеріп, үйлесіміне қарай түрленіп айтыла береді.
Мысалы:
Жауыз ойлап, жалған
күлме,
Жаның таза болса
егер!
Жәдігөй боп өмір
сүрме,
Арың таза болса егер (Ж.
Сайн)
Ақынның аты ақын
ба,
Жылжымай сөзі
жорғаша,
Тілегей-теңіз тәтті
жыр
Көкіректе толмаса
(Н.Байғанин)
Қара сөзбен айтылған құрмалас
сөйлемдерде тиянақсыз компоненттің бұрын тұруы қазақ тілінің
стилистикалық ерекшелігінің бір көрінісі болатыны сияқты поэзияда
ол компоненттердің орналасу жағынан әртүрлі болып келуі де
тілімізде қалыптасқан заңдылық деп
саналады.
б) Сабақтас құрмалас сөйлемнің
тиянақсыз компоненті кейде тиянақты компоненттің ішінде келетіні де
бар. Бірақ бұл-тілімізде кең тараған құбылыс емес, өте сирек
кездеседі және мұндай құрылыста айтылудан сөйлемнің тек
интонациялық жағына азды-көпті өзгеріс енгені болмаса, оның
компоненттерінің байланысына, мағынасына ешқандай өзгеріс енбейді.
Сондықтан бағыныңқы компонентті бірінші орында айтылатын
сабақтастардың көпшілігін ол компонентті тиянақты жай сөйлемнің
ішінде келтіріп, өзгертіп айтуға немесе керісінше қойып айтуға
болады. Мысалы, Әкем келгенше, мен
арызымды Таласқа беріп те
үлгердім.(Ә.Сәрсенбаев) деген
құрмаласты мен, әкем келгенше,
арызымды Таласқа беріп те
үлгердім. Айырмашылығы тиянақты
компоненттің сөйлем басында келтірілген бөлшегіне біраз екпін
түсіріле айтылады.
Тағы бір айта кететін жайт,
компоненттердің орын тәртібіне жай сөйлемдерді бір-бірімен
қрмаластыратын кейбір шылаулардың да тигізетін әсері күшті. Олай
дейтін себебіміз: сөйлем болсын, құрмалас сөйлем, бәрібір,
аяқталған ойды білдіру үшін формалық жағынан да, интонациялық
жағынан да тиянақты болуы шарт. Ондай тиянақтылығы болмаса,олардың
сөйлемдік сәні болмайды. Міне, сондықтан да
Үш жылға дейін бір арба
кейін келмесе де, завод тоқтамайды
(Ғ. Мүсірепов) деген құрмалас
сөйлемді компоненттерінің орнын ауыстырып,
завод тоқтамайды үш жылға
дейін бір арба кен келмесе де деп айту қазақ тілінің сөйлеу
нормасына келмейді. Өйткені соңғы вариантта тиянақсыз компонент
сөйлем соңында айтылған. Ал енді: Абайдың қиналғанын Ділда сезді,
бірақ ол түк өкінген жоқ (М.Әуезов) деген сөйлем компонентінің
баяндауышы тиянақты формада айтылған. Бірақ соған қарамастан
олардың орын тәртібін өзгертіп айтуға болмайды.Егер өзгертіп
айтатын болсақ, олардың арасындағы мағыналық қатынас бұзылады,
соңғысы тіпті құрмаластық сипаттан біржола айырылады. Бұл жағдайлар
құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орын тәртібінің тұрақтылығын
және оның жай сөйлемдерді құрмаластыруда шешуші рөл атқаратындығын
аңғартады.
Әрине , құрмалас сөйлемді
құруда сөйлемнің құрылымын, жасалу жолдарын, түрлерін, құрмалас
сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібін білген дұрыс, алайда бұл
үлкен зерттеу жұмысын талап етеді. Грамматиканың негізгі түйінді
объектілерінің бірі болып саналатын болғандықтан, талмай еңбек
етуде жүзеге асырылатын лингвистикалық
сала.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Төлеубай Қордабаев «Қазақ
тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі»-Алматы «Санат», 1995
ж.
2.Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,
1998 ж.