400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Сабақ тақырыбы: Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрленд

Күні

Мұғалімнің есімі:

Сынып8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

8.1.2.3көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және

көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады; көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өрнектерді түрлендіріп көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады; көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады.

Кейбір оқушылар: Өрнектерді түрлендіріп, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарып; көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алып талдайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері,

табыс критерийлері,

күтілетін нәтиже)

  • көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады;

  • көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты: көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару;көбейткішті түбір таңбасының астына енгізу;квадрат түбірдіңқасиеттерің білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: «Көбейткіш», «квадрат түбір», «түбір белгісі», «теріс емес», «арифметикалық түбір», «квадрат түбір», «қысқаша көбейту формулалары».

Диалог үшін сөз тіркестері: квадрат түбірден...шығады, көбейткішті түбіртаңбасының алдына шығару үшін..., көбейткішті түбір таңбасыныңастына енгізу үшін...

Құндылықтарды

дарыту

«Қазақстанның тәуелсіздігі жәнеАстана» идеясы бойынша оқушылардың бойына патриоттық адамгершілік, өзара сыйластық қарым-қатынастарды дамыту.

Пәнаралық

байланыстар

Физика пәнінде кинетикалық энергия формуласынанжылдамдықтың формуласын қорытуда қолданылады.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оң және теріс сандар, санның дәрежесі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру.

Ширату жаттығулары. «Бинго» әдісі: белгілі бір тақырыпқа кіріспе

немесе қарым-қатынас дағдыларын дамытудың амалы ретінде пайдаланылады.

Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, оқу мақсатын бірге тұжырымдаймыз.

«Бинго»

слайды

Сабақтың ортасы

Жаңа материалды меңгеру.

BilimLand білім беру порталынан жаңа тақырыпқа байланысты бейнероликты көрсетемін.

Жаңа материалды игеру үшін «Елшілер» әдісі:белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс құру дағдыларын қалыптастырады.

«Атомдармен молекулалар» әдісімен топтарға бөледі.

(Т)1-тапсырма. «Үшіншісі артық» әдісі: оқушылар осы заттардың

арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды. Ойлау,шешім қабылдау, проблеманы шешу,бірлескен жұмыс, ақпаратты басқару дағдыларын қалыптастырады.

1)

2)

3)

4)

Дескриптор:

  • дұрыс тұжырымды анықтайды;

  • жауаптарын негіздейді.

ҚБ: «Серпілген сауал» әдісі бойынша топтар бір бірін бағалайды.

Кері байланыс. 1) Көбейткішті түбір таңбасының алдына қалай шығарады?

2) Көбейткішті түбір таңбасының ішіне қалай шығарады?

(Ж)2-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі:оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

Астана қаласындағы Бейбітшлік және келісім сарайындағы конференц-залдың едені шаршы тәріздес. Еденнің ауданы 288 м2. Конференц-залдың еденіне қанша метр жиектеме (плинтус) керек?

Дескриптор:

  • шаршының қабырғасын табады;

  • шаршының периметрін есептейді;

  • есептің жауабын жазады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Кері байланыс. Ауданның формуласынан ұзындықты табуда көбейткішті түбір белгісінің алдына шығаруды қалай қолдандыңдар?

(Т) 3-тапсырма. «Сәйкестендіру» белсенді әдісі: Оқушылардың алған білімін қолдану, нақтылау және оқушылар белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады.

Кинетикалық энергияның формуласынан жылдамдықтың формуласын қорытып, берілген мәндерді орнына қойып кестені толтырады.

E=48Дж

m=4 кг

м/с

E=75Дж

m=9 кг

м/с

E=72Дж

m=9 кг

м/с

Дескриптор:
- айнымалының мәндерін формулаға қояды;

- мәнін есептейді;

- көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарады;

- мәндерін сәйкестендіреді.

ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісімен оқушылар берілген тапсырма бойынша қандай білім баспалдағында тұрғанын анықтайды.

Кері байланыс: Физика пәнінде квадрат түбірдің қасиеттерін қалай пайдаланасыңдар?

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/naqty-sandar/lesson/kvadrat-zhane-kub-tubirler





«Үшіншісі артық»

Слайды











«Көршіңмен талқыла слайды»











«Сәйкестендіру» слайды

Сабақтың соңы


Қорытынды: «Миыңның суретін сал» әдісі. Оқушылар мидың суретін салып, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Рефлексия: «Динамикалық шеңбер» арқылы кері байланыс жасай отырып сабақты қорытындылаймын. Рефлексия арқылы келесі сабаққа түзетулер енгіземін.

Үй тапсырмасы: оқулык, 39 бет, №4.8(1,3)





Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1-тапсырма.

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

кейбір оқушыларға тапсрыманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

2-тапсрыма.

«Қорытынды» тәсілі

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендігіне көз жеткізу керек.

3-тапсырма.

«Қарқын» тәсілі

Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беріледі.

«Бас бармақ»әдісі бойынша топтар бір бірін бармақ көрсету арқылы бағалайды.




«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптар бір-бірінің жұмысын бағалайды.





«Жетістік баспалдағы» әдісімен оқушылар берілген тапсырма бойынша қандай білім баспалдағында тұрғанын анықтайды.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан оқушылар сыныпта еркін қозғалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
10.02.2019
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі