Материалдар / “Құрақ құрау қиялға қанат бітірер” 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Құрақ құрау қиялға қанат бітірер” 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау өнерінің қыр - сырын дәстүрлі өлшеммен және математикалық жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін наси хаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрақ құрау қиялға қанат бітірер”


Орындаушы: Мұратбай Асылай, №170 орта мектебінің 4 “б” сынып оқушысы.

Жетекшісі: Күлайым Түрікбенбаева Жақсыбайқызы

І-санатты еңбекке баулу пәнінің мұғалімі.

Бағыты: Атадан балаға мирас болған тағылымдар (Отбасында қолданылатын дәстүрлер).

Секциясы: Көркемөнер, этномәдениеттану.


Аннотация

Тақырыпты зерттеудің мақсаты: «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» атты ғылыми жоба арқылы құрақ құрау өнерінің қыр - сырын дәстүрлі өлшеммен және математикалық жолмен шығару жолдарын , тәсілдерін наси хаттау.

Зерттеудің міндеттері: Құрақ бұйым түрлерін, үлгілерін жасап халыққа ұсыну. Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті, тарихы, өнері үлкен әсерін тигізеді.
Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері ерте заманда пайда болған. Киіз үйдің ішін әспеттегенде де, көрпе-жастығын әрлегенде де құрақтарды келістіріп қолдана білген.


Зерттеудің мақсаты

Құрақ түрлерін зерттеу

Олардың тігілу әдістерін түсіну

Қолданылатын тігіс түрлерін тану, анықтау


Зерттеудің нысаны: құрақшылық өнерді толығымен зерттеу, анықтау.

Зерттеу нәтижесі: әрбір құрақ түрін жасаған кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Құрақ үлгісін дайындау кезінде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден құрақтың шығу тарихын зерттей келе қажеттілігін, сұлулығын біле бастадым.Екіншіден, құрақ бөліктерін дәстүрлі өлшем түрлерімен дайындау жолдарын үйрендім. Үшіншіден жобалау, математикалық шамалау мыс: шаршы, шаршыдан үшбұрыш, шаршыдан алтыбұрыш, шаршыдан шеңбер пішіндерін өлшеу құралсыз (сызғыш, циркуль, транспартер) жасау әдістерін үйрендім.

Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды әрі қарай жалғастыру, іздену, дамыту.



Зерттеудің кезеңдері

Біріншіден, өзім көптен қызығып жүрген өнер түрі зерттейтін жобамның тақырыбымен таныстым

Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, құрақ түрлерінің эскизін жасап үйрендім.

Үшіншіден,жинаған жұмысымды талдадым.

Төртіншіден, хабарланған талаптар бойынша зерттеу жұмысымды жинақтадым.



Кіріспе

Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.

Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі “сегізжапырақ”, “қызғалдақ”, “ботакөз”, “құдық”, “жұлдыз”, “шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. “Ғылыми жобамен ” айналысар алдында құрақ түрлерімен жан-жақты танысып, құрақшылық өнерге тоқталдым. Осы ұсынылып отырған жобада құрақ құрау арқылы дәстүрлі өлшем алу жолдары пайдаланып аталған құрақтың бірнешеуінің жасалу жолын көрсетемін.

Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып тігіледі. Бұл қолөнер­дің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі «жер», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасын жоғалтпады. Бүгінде құрақ қолөнерінде қолданылып жүрген «су символы» деп құрақ құрау қолөнерінде жүргізілетін бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақты айтады.

Шеберлер сәндік құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген. Құрақтан қолдорба, шайдорба, түскиіз, керме, аяққап, жастыққап, сандық жапқыш, көрпеге құрақ құраған. Қазіргі кезде жастық тыста, жиде, түскиіз, сүлгі, диванға, орындыққа төсеніштер жасайды. Негізінен құрақтың 200 ден астам түрі бар. Олар:  «айқұрақ», «шаршықұрақ», «үшбұрыш», «ботакөз», «жұлдызша», «тырна», «майда», «гүл», «ою» «мүйіз», «төртбұрыш», «сегіз сай», «мүйіз» құрақ, «қиықша» құрақ, «үшбұрыш», «аққу», «шахмат», «торкөз», «ботакөз», «алма», «гүл» құрағы, «ши» құрақ, «жұлдызша» құрағы ел ішінде кеңінен таралған. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш қана емес,сонымен т.б. түрлері бар.
Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздың артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған. Сонымен қатар, құрақпен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттарды безендіруге де мүмкіндік мол. Оған зат салатын әртүрлі қоржындарды, қыз-келіншектерге арналған бұйымдарды, күнделікті қолданыстағы жастық, аяққап, қолқапшық, қиық сырмақты жатқызуға болады. Құрақ құрау үшін арнайы қамқа, шағи, шыт, тібен, бояқ, насар, мақпал, қыжым секілді маталар қолданылады.
Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын құрайды.

Құрақ құрау қолөнерімен кез келген адам айналыса алмайды. Өйткені бұл қолөнердің де өз қиындығы бар. Алдымен, өнерді түсінетін, ұшқыр ой мен бояу сырын білетін танымы бар адам ғана істің көзін таба біледі. Сондай-ақ түс пен түсті сәйкестендіру аса жоғары шеберлікті қажет етеді. Құрақ өнерімен айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Ерте заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрауды біліп, үйренуге тиіс болған. Қазіргі кезде бұл қолөнерді ісмер қыз-келіншектер мен көнекөз әжелеріміз ғана ермек қылады.
Қазақтың дәстүрінде бар осынау қол­өнер түрін әлем елдерінің біразы қолданады екен. Ал таңғажайып көркемдігімен талайды тамсандырған қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.







І тарау

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.Матаның сапасына талшықтың ұзындығы,жуандығы,мықтылығы,жұмсақтығы жатады.Матаның оң және теріс беттері бар.Оны көзбен көру,қолмен ұстау арқылы ажыратамыз.

Құрақ маталары:

Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.


Қазақ халқы салт-дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер: Н. Шайкенов “Ұлт дәстүрі заңнан биік” – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел- мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, қонақжайлылығымен, әдепті ырым, тыйыммен, қолөнер түрлерін үйретумен ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйренуі және өмірде қолдануы ағайынды адастырмас сара жол.

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра.

Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата-әжелеріміз жастарға үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді.

Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түрлеріне: өру, тігу, тоқу, құрастыру, сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде әже апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім-тәрбие беретін өнердін бір түрі.

Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Бұл құрақ өнері бүкіл елге белгілі өнердің бірі болып табылады. Құрақ құрау көптеген халықтарға бұрыннан белгілі өнер. Ең көне бұйым болып табылатын пэчворк техникасы, ең алғаш рет шыт отаны – Индия елінен табылған.

Ерте заманда құрастырылған киімдерді кедей, нашар тұратын адамдар киген. Ал қазіргі таңда құрастырылған киімдерді авангард стилінде пайдаланады. Орта Азия халықтары қазақпен қырғызда – “құрақ”, Ресейде – “мозайка” немесе “ляпочка” деп, ал ағылшынша “квилт” - деп Жапон халқында “сашико” деп аталады. АҚШ, Германия, Швеция сияқты елдің мұражайларында құрақ бұйымдарының коллекциясы бар. Ал Қазақстанда  Ә.Қастеев мұражайында сақталған.

ІІ тарау

Құрақ техникасы немесе пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда құрақ құрау, құрастыру) қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер.

Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы қайта бүтін мата жасау.

Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-XVI ғасырдан бастап дамыған. Шеберлер бар маталардың өлшеміне, түсіне, формасына байланысты геометриялық пішіндерден өнер композициясын құрастырды.

Елімізде XVI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай құрақ құрау өнері кең өріс алды. Негізінен киіз үйдің ішкі жиһаздарын сәндеуге арналған. Киіз үйдің ішкі жиһаздарына төсеніштер, жастық, көрпеше, аяққап, тұтқыш жасаған. Құрақ құрау үшін мата таңдалынбайды күнделікті бұйымға көбіне мақта маталар пайдаланылған, ал мереке тойларға арналған бұйымдарға барқыт, шибарқыт, драп өте қолайлы, әрі тиімді болған.

Құрақтардан бас киім, бала көйлектері мен шапандары, бесік жасауларын, қалыңдық жасауын, көрпе, жастық, ат жабуларын тіккен. Көне дәуірде құрақ бұйымдарға киелі қасиеттер тән деп санаған. Мәселен, қазақ халқының нанымы бойынша, бұйымдарды дайындауға матаның ұсақ қиықтары неғұрлым көбірек пайдаланылған сайын, олардың иелерінде соғұрлым бала, мал мүлік көп болады деген сенім болған.

Дүниеге келген жас нәрестені жаман рухтан қорғау үшін, көйлекті қырық құрақтан, ал балдырған жасындағы балаларға қырық құрақтан шапан мен тақиялар тігіп, жас сәбидің жастығын, бесік жапқышын құрақтан дайындаған. Құрақтан тігілген заттардың үлкен тобы қалыңдықтың жасауы ретінде әзірленетін. Өрнектер композициясы әр түрлі өлшемдердегі тік төрт бұрышты шаршылар, үшбұрыштар және тік төртбұрышты жолақтар түріндегі құрақтардан құралатын. Үшбұрыштардан жасалған өрнек - “тұмарша” (бойға тағатын тұмар, амулет), ортада шаршы оған тіркесе тігілген тең бүйірлі үшбұрыштар – “ботагөз”, яғни ботаның көзі деп аталады. Ол сәттілік, байлық және бұйым иесін “сұқ көзден” қорғайды деп есептеген. Біздің әжелеріміз де құрақ құрай отырып, немере қызына арналған құрақты - “Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін” – деген ниет тілекпен жасаған.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы, құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың терең дүние танымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.

Басты-басты бұйымдары – көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділігін табуын түсініп,тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңітеді.

Құрақ негізінен, түрлі түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккенде қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шығаруға болады? Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын қиықтар таза және тегіс үтіктелген болуы тиіс. Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Барқыт, жібек, сиса,сәтен маталардың кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не біріңғай барқыттан немесе біріңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді.

Құрақтағы бояулар сыры. Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан .Халқымыздың ұғымында көгілдір түс – аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, жаңарудың, ақ түс – биіктіктің, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Жұмыс барысында түстер үйлесімділігі, қиындылардың симетриялылығы, әр геометриялық пішіннің қабырғалары сәйкес өлшемде дәл қиыстыру шеберлікті қажет етеді, төзімділікке баулып, еңбек етуге тәрбиелейді.

Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады. Құраққа әртүрлі матаның қиындыларын пайдалануға болады, әсіресе мақта матасынан жасалған құрақ төзімді болады, әрі жуылғаннан кейін қыртыстанбайды. Барқыт, шибарқыт, драп құрақ құрауға өте қолайлы, әрі тиімді. Құрақ әр түрлі геометриялық фигуралардан тұрады. Бүгінде көрпе, жастық, жұмсақ ойыншықтар, шағын көрпешелер, әр түрлі естелік бұйымдар жасауда құрақ кеңінен қолданылады. Құрақтың бірнеше түрі бар: сегіз жапырақ, қызғалдақ, тырна қатар, ботагөз, шаршы т.б. Осы құрақтар сан алуан қиықтардан тұрады. Құрақты құрау кезінде қойылатын талап – ол мата бөлшектерінің симетриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдалынатын мата жұқа, қалыңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тігіске кететін қосымшаны 0,5-1см артық алып, матаның шығымдылығын ескеру керек және түр үйлесімділігін ұмытпаған жөн. Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы да сол ысырапшылдыққа жол бермейді. Көрнекті педагог Ы. Алтынсаринның «Бір уыс мақта», «Әке мен бала» әңгімесін еске түсірейік. Осыдан ақыл, ой, сезім, іскер шебер қол болса, ешнәрсе ешқашан ысырап болмайды деп қорытынды шығаруға болады.

Құрақ құрау кезінде қойылатын талап ол мата бөліктерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек.Құраққа пайдаланатын мата жұқа,қалыңдығына қарай іріктеліп алынады.

Матаны үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайындаған үлгіні матаның үстіне қойып, бормен немесе сабынмен шетін сызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, бормен белгіленген жерін қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы біріктіреміз, одан соң тұрақты тігіс машинаға саламыз. Құрақтың сәнді болуы сызбасымен үлгісіне тікелей байланысты. Машина тігістерін қолмен тігу арқылы орындауға болады. Қол тігістері: тепшіу, көктеу, жөрмеу, қайып тігу, т.б. солардың ішінде қайып тігу әдісімен тігеміз. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларынан тұмаршалауға шашақтауға немесе өзге түсті матамен жиектеп сәндеуге болады. Көрпенің астына лайықтап астар қиып алып беттестіру кезінде екі жағының да оң беті ішіне қарайды. Арасына көрпешенің немесе бұйымның барлық жақтауларына өлшеніп алынған тұмарша қосыла көктеледі. Мықты болу үшін машина тістерін пайдаланамыз. Құрақ бұйымның оң бетін аудару үшін 8-10 см көлемінде астардың дәл ортасынан ашық тігілмеген жер қалдырамыз. Арасына тұмарша салынып астарланған құрақтың ішіне мақта саламыз да көрпешені көктейміз. Бізге көктеу не үшін керек?

Көктеу жұмысы мақтаның түйдектеліп, көрпешенің бір шетіне жинақталып қалмауы үшін қажет. Көктеп болған соң корпешені сулы дәкемен үтіктейтін болсақ тігістің кейбір кемшілігі білінбей кетеді. Осындай тәсілдермен құрақ көрпеше, көрпе, жастықша құрауға болады.

Небір керемет құрақ үлгілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып отырады.

Құрақ дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұндырар көркемдігі мен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік-тынысына мән-мағына беріп, заттық және рухани өмірін әрлей түсті, сән-салтанатын арттырып отырды.

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі – қолданбалы қолөнерімізді зерттеу, оны ары қарай дамыту қолға алынып жатқан осы сәтті пайдаланып, өзіміз тәлім-тәрбие үйретіп жүрген жас ұрпаққа он саусағынан өнер тамған шебер ата-бабаларымыздың өз саусақтары арқылы өлшем алу жолдарын еске түсірсем деймін.

Ерте заманнан бастап қазақ халқы өз қолының саусақтарын өте дәлелдікпен өлшемдер алуға пайдаланып келгені мәлім.

Халық арасында “Шеберлердің өлшеуіші әрқашан да өзімен бірге жүреді” деген сөз бекер айтылмаған. Себебі, біздің ата-бабамыз өзіне керекті қандай бір өлшемді қолының саусақтарын, буындарын пайдаланып өлшеп отырған. Осы өлшемдер кейіннен пайда болған халықаралық өлшем бірліктерімен сәйкес келеді. Дәстүрлі өлшем алу жолдарын меңгеру барысында ұрпақ ұлттық құндылықтармен сусындап, кез-келген жағдайда өлшем ала білуге, шамалауға дағдыланады.

Дәстүрлі өлшем түрлерін өлшеу тәсілдерін және сантиметр есебімен кестені толтыру.

  • Өлшеуіш сызғыш немесе таспадан жасалған өлшеу құралының 0-іне басбармақтың ұшын қойып өлшеуден басталады.

  • Кере қарыс, қарыс, сүйем, сынық сүйемдердің өлшемін аларда саусақтарды жақсылап керіңдер.

Дәстүрлі өлшем түрлері

Кере қарыс ” – оң қолдың бас бармағының ұшынан бастап шылдыр шүмек саусағының ұшына дейінгі өлшем.

Қарыс” – оң қолдың бас бармағының ұшынан бастап ортаңғы саусағының ұшына дейінгі шамамен 18см-ге тең өлшем.

Сүйем” – бас бармағының ұшынан бастап сұқ саусағының ұшына дейінгі өлшем, шамамен 17см-ге тең.

Сынық сүйем” – бас бармағының ұшынан сұқ саусағының екінші буынына дейінгі өлшем, шамамен 13см-ге тең.

Бір елі” – сұқ саусақтың жалпақтығы, шамамен 1,5см- 2см-ге тең.

Екі елі” – сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың жалпақтығы, шамамен 3-3,5см-ге тең.

Үш елі” – үш саусақтың жалпақтығы, бұл шамамен 4,5-5см-ге тең.

Төрт елі” – төрт саусақтың жалпақтығы, бұл шамамен 6-7см-ге тең.

Алақан жабар” – бес саусақтың жалпақтығы, бұл шамамен 10-ге тең.

Тырнақ бойы” – бас бармақтың ұшынан бірінші буынға дейінгі өлшем.

Дәстүрлі өлшем түрлерін пайдалана отырып осы әдісті әлі күнге дейін жалғастырып келе жатқан әжелеріміз бар. Әженің тәрбиесіне сүйене отырып бір құрақ түрін мысалға келтіруге болады.


ІІІ тарау

Естігенің естен шықса, көрген қалар көңілде, бір нәрсені жасап ұқсаң ұмытылмас өмірде” – деп шығыс даналығында айтқандай көненің көзі ұлттық қолөнер түрлерін бала күнінен меңгерген Күнзада әжеміздің өз қолынан жасаған бұйымдарын мақтанышпен айтуға болады.

Көп өнеге ала-аламыз тектіден,

Көп істерді үйренеміз ептіден

Құзырлылық әрбір жеке тұлғаның,

Жинақтаған қасиеті деп білем.

(Еркін Дүйсебаев)

Күнзада Кемалқызы 1941 жылы Қазалы ауданы қазіргі Аранды ауылында туылған. Күнзада апа ата-анасынан ерте айрылып, әкесінің қарындасы Ұлжан апасының қамқорлығында болды. Апасы Ұлжан – өте қабілетті, он саусағынан өнер тамған шебер әйел болған. Күнзада апасынан осы жақсы қасиеттерді үйрене жүріп, алаша, кесте, ою-ою, киіз басу, ағаш үй жабдықтарын және құрақ өнерін жетік меңгерді. Бұл үйренгендері өміріне мол азық болды. Отағасы Меңдіқұл совхозда мал дәрігері апамыз күріш егіп сонымен қатар ұлттық қолөнерденде қол үзбеді. Ауылдас үлкенге де кішіге де қайрымды “өнерлінің қолы алтын ” дегендей өте сыйлы болды. Жолдасы өмірден ертерек озып, Күнзада апа 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Айзада жоғарғы оқу орнын бітіріп Шымкентте бастауыш сынып мұғалімі. Үлкен ұлы Батырхан – белгілі сазгер, Түктібаев ауылында №88 мектепте ән-әуез пәнінің мұғалімі болған. Кіші қызы – Қарлыға №70 мектепте география пәнінің мұғалімі. Қазіргі таңда Қазалы қаласында кіші баласы Қаршығаның қолында, немерелерінің ортасында отыр. Қаршыға №8 Кәсіптік лицейде жоғарғы білімді мұғалім, келіні – Нұргүл мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде талмай еңбек етіп жүр.

«Өнер көзі -халықта» алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз – дегендей, Күнзада әжемнен көп нәрсе үйрендім.


Әже өнерін үлгі ете отырып дәстүрлі өлшем түрлерін пайдаланып тәжірибе ретінде үстел үстіне шағын құрақ көрпеше дайындадым. Көрпеше көлемін 3 қарыс және 4 елі шаршы пішінде. 18х3=54см+7см=61см. Шахмат құрағы 25 бөлік шаршыдан әр шаршы өлшемі алақан жабар 9см үлгісінде дайындалады.

9см өлшеміндегі шаршыдан 13 бөлік қызыл, осы өлшемде 12 бөлік көк түстен дайындап, 1-қатардан бастап қызыл шаршы + көк шаршы т.с. Әр қатарға бес бөліктен құралады. Тігіс қосымша көзінің ұзындығы 35 см дәстүрлі өлшеммен 2 қарыс шамасында болады.

Құрақ кеудеше, көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан. Құрақ кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі және де қолдағы материалдардың қиықтарының біртекті болғаны дұрыс. Құрақтар тобы біріңғай мата, біріңғай пүліш, немесе біріңғай жүн, жібек маталардың қиықтарынан құралуға тиісті. Бұл құрақтың тегіс, оңай құралуы үшін қажет және де біріңғай мата түрінен құралған кеудеше, басқада киім, бұйымдар кигенде, қолданғанда, жуғанда бір жері созылып, бір жері қысқарып кетпей, өз үлгісін сақтайтын болады. Жалпы, құрақ кеудешені қызыл, күлгін, қою көк, ашық көгілдір маталардың қиықтарынан жасаған дұрыс. Ал астарына тұтас мата алынады, кеудешенің етек-жеңін әдіптеуге таспа баулар пайдаланылады.

Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарыңнан жасаған бұйым әрқашан да ыстық болады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.

Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына құрметпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері.

Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді” – деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.

Ел іші – алтын бесік” деген аталы сөздің ақиқатын көзімен көріп, халық шеберлігінің жасаған таңғажайып құрақ бұйымдарын қолыма ұстағанда іздегенімді тапқандай болдым.

Қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі – құрақ. Құрақ тігу өнерінің қазақ халқында ерте кезден болғандығын археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштер дәлелдейді. Құрақ – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлігінің көркем қиялдарынан туған мұрамыз.

Этнографтардың айтуынша, бұл жерде үшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа үш ғылымның белгісі болып саналатын – балықты, оқты, құсты меңзейді. Қошқармүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық “кіріс” пен “шығыс”,“қиысуды” белгілейді.

Қорытынды.

Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.

Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, құрақ өнерін меңгердім. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу барысында, оның түрлерін, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді. Қазақ халқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!