Ұйымдастыру
бөлімі
Оқушыларды сапқа
тұрғызу. Кезекші рапортын қабылдау.
Командалық
жаттығулар. Оңға, солға қарай бұрылу.
Жүру жаттығулары: Ара
қашықтықты сақтау:
1. Қол жоғарыда аяқтың
ұшымен жүру.
2. Қол желкеде өкшемен
жүру.
3. Қол белде аяқтың
ішкі қырымен жүру.
4. Қол белде аяқтың
сыртқы қырымен жүру.
Секіру
жаттығулары:
1. Қолды алға қойып
тізені алма кезек көтеріп секіру.
2. Қол жамбаста
аяқтарын жеткізе секіру.
3. Қолдарын екі
бүйірінен қойып оң бүйірге қарай
секіру.
4. Қолдарды бүйіріне
қойған күйде сол бүйірге қарай секіру.
Жүгіру
жаттығулары:
Алаңды айнала жай
жүгіру, бірте-бірте жылдамдықты үдету.
Жалпы дамыту
жаттығулары:
Жұппен орындалатын
жаттығулар.
Негізгі
бөлім:
Жеңіл атлетикамен
шұғылдану үшін алдымен мына ережелерді біліп алу
керек.
-қысқа қашықтыққа көп
бала болып жүгіргенде әркім өз жолымен жүгіруге тиіс, әйтпесе олар
жүгіріп келе жатқанда бір-бірімен соқтығысып қалуы
мүмкін.
-алыс қашықтыққа баяу
жүгіргенде өзгелермен сөйлесуге болмайды, себебі сөйлесіп жүріп
уақыттан ұтылады.
-секіру жаттығуын
орындамас бұрын секіріп жтүсчетін жерге гимнастикалық төсеніштің
дұрыс төселуін, далада болса, шұңқырдағы құм немесе ағаш
үгіндісінің дұрыс қопсытылғанын тексеріп алу
керек.
-секірудің кез келген
түрін (ұзындыққа секіру, биіктікке секіру) орындауды өзіңнің бұрын
секірген бала төсенішлтен немесе шұңқырдан толық шығып болған соң
ғана бастау керек..
-спорт құралдарын
немесе допты тек қана мұғалімнің көрсеткен жағына қарай лақтыру
керек. Бұрын лақтырылған құралдарды жинап алу кезінде сол бағытқа
қарай еш нәрсе лақтыруға болмайды.
Жүгіру
Ертедегі Греция
жартастарының бірінен осыдан 2500 жылдай бұрын жазылған: «Егер
күшті болғың келсе- жүгір, егер әдемі болғың келсе-жүгір, егер
ақылды болғың келсе-жүгір» деген жазу табылған. «Стадион» деген
сөздің өзі гректің «стадия» деген сөзінен шыққан. «Стадия» шамамен
«200 метр қашықтыққа жарыса жүгіру» дегенді білдіреді. Дұрыс әрі
ұзақ жүгіру үшін кеудені сәл еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, аяқтың
аттау қозғалысына қарай екі қолды кезекпен сермей жүгіру керек.
Жүгіру кезінде саусақтарды бүгіп, басты сәл еңкейтіп ұстанған
дұрыс. Шапшаң жүгіру үшін аяқты тез-тез қозғап, кең адымдап жүгіру
керек.
Шапшаң жүгіру ең
алдымен адымды кең ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша
кең ашып жүгірген адам жүгіріп өтуге тиісті қашықты белгіленген
уақытта толық жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша ез
жүгіргенмен, көрсетілген уақыт ішінде жүгіріп өте алмайды.
Сондай-ақ жүгіруші адымын кең ашқанымен, тез аттап жүгірмесе, ол
жоғары көрсеткішке жете алмайды. Демек, шапшаң жүгіру үшін әрі кең
адымдап, әрі тез аттап жүгіру керек.
Жүгіру
жаттығулары.
Жүгіру дұрыс меңгеру
үшін соған дайындайтын арнаулы жаттығуларды орындар үйренген жөн.
Арнаулы жаттығу түрлері мынадай.
-ені 30 см ұзындығы 20
метр болатын екі сызықтың арасындағы жолдай шықпай жүгіруге
дағдылану.
-жылдамдықты біртіндеп
арттыра отырып жүгіруге дағдылану. Жылдам жүгіруге ауысқанда
табанды ижерге нық тіреп, серпіле жадвмдау керек екенін есте ұстау
қажет.
-тізені барынша жоғары
көтере орташа екпінмен жүгіріп келе жатып, жылдам жүгіруге ауыса
білуді үйрену. Тізені барынша жоғары көтеріп жүгіргенде ақтың
ұшымен басу керек екенін ұмытпау қажет.
-100 метрлік
қашықтықтың әрбір 10-15 метрін орташа екпінмен жүгіруден жылдам
жүгіруге ауыса отырып жүгіріп шығуға дағдылану.
-жоғарғы сөрелік
қалыптан 10-15 метр қашықтыққа жүгіруді үйрену.
Қорытынды бөлім:
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Еркін тұрыңдар!
Үйге тапсырма беру;
Жүйелі түрде бағалау;
Оқушылармен қоштасу.
|