Материалдар / Құрашасай елді мекенінің топонимдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрашасай елді мекенінің топонимдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақтөбе қаласы,Құрашасай елді мекенінің топонимдері туралы жазылған,қазіргі кезде топонимдердің оқушы білімін толықтыру мақсатында түсінуге ,білімін жетілдіруге көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
606
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Құрашасай елді мекенінің топонимдері»


Секция: география,өлкетану

Махамбетова Казиза Тлеубергеновна

. Ақтөбе қаласы.№77ЖББ орта мектебінің

География пәні мұғалімі


І.Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам жаратылыс құбылыстарын ғылыми ұғымдар арқылы түсіне бастайтын кезі мектептегі жаратылыстану ғылымдарынан басталады.Олай болса терминалогия мен топонимика оқушыға берілетін білімнің үлкен бір саласы. Термин –ғылым, техника – өнер және жаратылыстану салаларының ұғымдарын белгілейтін мағыналы сөз. Сондықтан қазіргі заманда оқытудың жаңартылған бағдарламасында терминология өзекті мәселе. Өз жерінің атауларының мағынасын жақсы түсінген оқушыда Отанға , жерге деген сый – құрмет, патриоттық сезім артады.

Зерттеудің мақсаттары: Қазіргі таңда ең өзекті мәселе – ұлт мәселесі болатын болса, осы шағын Құрашасай ауылындағы топонимдер –өткен заман куәгерлері себебін, сырын ашу, оның маңыздылығын, тарихын терең зерттеп түсіндіру.оқушыларға терминология мен топонимикалық ұғымдарды аша отырып жер – су атауларын анықтауға, түсіне білуге тәрбиелеу.ҚР- ның «Білім туралы» Заңының 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны ҚР- на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған осы қағидалар негіздеріне сүйене отырып, өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттер:

  • оқушыларға терминология мен топонимикалық ұғымдарды аша отырып жер – су атауларын анықтауға, түсіне білуге тәрбиелеу.

  • жергілікті жер топонимдеріне тоқталып өту;


Зерттеудің жаңалығы: Құрашасай елді мекеніндегі жер,су топонимдерінің шығу тарихын зерделеу.

Зерттеу әдістері: жұмыстың алдына қойған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды.

1.Әдебиеттерді, газет журналдарды талдау әдісі біз зерттеу жұмысының барысын білу үшін қолдандық.Әдебиеттерде берілген авторлардың пікірлерімен өзіміздің жұмысымызда зерттеген еңбектеріміздің қорытындыларын салыстыру қажет болды.Зерттеу барысында дереккөздер басшылыққа алынды.

2.Пікірлесу,сұрастыру жергілікті көне көз қариялар,мұрағаттар

3.Ғаламтор желісін пайдалану а) жұртшылықтан сұрау арқылы және ғаламтордан мәліметтер алынды, ә)жергілікті топонимдер туралы іздену.

Зерттеудің нәтижелері мен тәжірибелік маңызы: жұмыстың нәтижелерін мұғалім «география», «жаратылыстану», «өлкетану » сабақтарында кластан тыс шара кезінде қосымша материал ретінде пайдалануға, болашақта мектептің оқу- тәрбие деңгейін жетілдіруге, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған. Өлкетану материалдары өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушыларды пән сабақтарына қызықтыру және шығармашылық қабілетін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу үшін қажет. Өйткені, жер – су атаулары – елдің тарихы .


ІІ. Негізгі бөлім.

Кез келген географиялық нысанның (жер,су,тау,жазық және т.б) атауы бар. Атаулардың мағынасын ашу кез келген адамның қызығушылыгын тудырады. Географиялық атауларды топонимика (грек.topoc-орын, onyma -аты) ғылымы зерттейді.Географиялық атаулар ,топонимдер жүздеген,мыңдаған жылдарда пайда болады. Топонимика –біріншіден, белгілі бір территориядағы географиялық атаулардың жиынтығы,екіншіден, тіл білімінің лексика саласындағы географиялық жалқы атауларды зерттейтін үлкен бір бөлімі.Бұл атаулар - өткен мен бүгінгіні ,жеңіс пен жеңілісті, сауда мен мәдениетті байланыстыратын халық мұрасы.Академик Я.К.Грот: «Топографиялық атау ешқашан кездейсоқ болмайды жәнет оның мағынасыз болуы мүмкін емес. Онда жергілікті жерге тән белгілер немесе оның белгілі бір заттың шығу тегін білдіруі ақылды,қиялдауды қажет ететін жағдайларды көрсетеді» деген болатын.Топонимдерді дұрыс түсіндіру үшін ұзақ уақыт ізденістер қажет.

Топонимика нысан ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Ойконим - елді мекен атауларын,хороним –табиғи, әкімшілік-аумақ атауы,антропоним –кісі есімдері, этноним –ру,тайпа атауы, гидроним –су,көл,өзен атауларын зерттейтін ғылым. Аз да болса, жергілікті жердегі топонимдерге тоқтала кеткім келеді.



«Құрашасай» ойконимі.

Құрашасай ауылы Ақтөбе облысынан 11 км шақырым жерде орналасқан. Новый селолық округіне қарасты елді-мекенбіз. 1936-1937 жылдары «Құраша колхозы» деп аталған. Ал, 1939 жылы «Құрашасай» деп аталған. Олай аталуыңда үлкен себебі бар. Оның басты себебі: Жіңішке өзенінің тармағында аша тәріздес сай болған. Ол сай тек көктемде қар суымен, жауған жаңбыр суымен ғана толып отырған. Мінекей, сол кезде «Құр ашалы сай» деген ұғым шыққан сол себепті ауыл атын Құрашасай деп қойған.

Құрашасай ауылының көмір шахтасы

Құрашасай ауылында 1932 жылы батыс өңіріне кең байлықтарын игеру мақсатындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде,Ақтөбе қаласынан 11км қашықтықтағы өлкеде геологтар 1938-1939 жылдан бастап Құрашасай өлкесіңде көмір кеңі бар екені анықталды.1940 жылдан бастап өлкенің көмір кенің игеру бастады.Сол уақытта Құрашасай елді мекеніңде 6 шахта жұмыс жасады.Ауылда басқа ұлт өкілдерінің көптен қоныстанудың бірден - бір себебі-Шахтаның ашылуымен тікелей байланысты. Кенішке әкелінген жұмысшылар соғыс тұтқындарымен, жер аударылып келгендер еді. Барлық күштеп жер аударылған халықтардың арасындағы ірі ұлттық топ – немістер болған. Осылайша ауылда бірнеше ұлт өкілдері қоныстана бастаған. Бұл ауылға халықтың көптеп қоныстануының «бірінші себебі» деп айтар едім, себебі ауылдағы басқа ұлт өкілдерімен сұхбаттасып, сұраған кездегі барлығының да берер жауабы бір. Сол бір уақыттардағы Сталиндік қудалау кезінде жер аударылғандарын сөз етеді. Соның айғағы ретінде Уалиханов көшесінде тұратын Юсумбели Володя атты азаматты сөзге тартып, сұхбат алған болатынмын.

Қазақ КСР Министрлігі №904 нұсқауымен 1956 жылы 27 желтоқсанынан бастап өлкенің көмір кенін игеру тиімсіз деп танылып, 1957 жылдың 1-шілде айынан бастап Ақтөбе кеніш басқармасы жабылып, Құрашасай көмір кенін игеру ісі мүлдем тоқтатылды. Құрашасай көмір кенішінің жабылуымен халықтың ұлтық құрамына тағы да басқа ұлт өкілдері қосылған. 1957 жылы шахта жабылғаннан кейін, Ақтөбе жүйке ауруларын емдейтін аурухана ашылған. Тұрғын халықтың көпшілігі «Жүйке ауруларын емдейтін облыстық ауруханада» жұмыс жасаған. Осы аурухананың ашылуына байланысты жер-жерден халық көптеп көшіп келіп, ауылдағы халықтың санын арттырған. Бұл халықтың қоныстануының «екінші себебі» болған.

Шахтаның көтіршігінің төбесіңде жұлдызшасы бар мұнарасы мен мұндалап алыстан көрінеді.Әдетте шахтаның қасында таудай-таудай төбешіктер болады.егер шахтаға барып көрмеген адам оны көмір тас деп ойлап қалуып мүмкін. Шахта –жер астынан пайдалы кең қазу жұмыстарын жүзеге асыратын тау-кең кәсіпорны.Шахта-кеңді қазып алуға бөлінген кең орнының бір бөлігі деугеде болады. Шахтада бірнеше мыңға дейін жұмысшылар мен инженерлер жұмыс жасады. Құрашасай ауылың шахтасы кезіңде өндірісі мол шахта болды. Ертеректе Қарағандыда шахта ашылмас бұрын, Құрашасай ауылының шахтасы бүкіл Қазақстанды көмірмен қамтамасыз етті. Кезіңде өңдірісі мол болған шахтаның ішіне кірсек, мұнай қалдықтарын табуға болады.Біздің Құрашасай шахтасында немістер жұмыс жасаған және де сол кезде ашаршылық болды. Ашаршылық кезіңде бәрі қырылып,шахтадағы жұмысшалардың көбісі өліп қалды.Қазіргі таңда көне көз қариялар азайып, тек шахтада жұмыс жасаған жалғыз әжей өмір сүруде. Шахта 1956 жылы маусым айында жабылып қалған.

«Жіңішке» өзені гидронимі

Жіңішке өзенінің жағасы малға жайлы болғандықтан, осы жерде мал қыстақтары орналасқан. Новый селолық округіне қарасты Село маңынан Жіңішке өзені ағып жатыр. Өзеннің арнасы өте тар, жіңішке болғандықтан «Жіңішке» деп аталып кеткен. Осы Жіңішке өзенінің тармағында аша тәріздес сай бар, сол сайда Құрашасай ауылы орналасқан. Қазіргі таңда Құрашасай ауылы көркейіп, «Көне Құрашасай», «Новостройка», «Қанағат» тұрғын үй алаптарына бөлінеді.

«Ойылсай » ойконимі

Байырғы халқынан басқа әсіресе Орал, Қобда, Ойыл аудандарынан келіп қоныстанушылар саны өте көп. Қоныстанушылардың алғы-легінде шешен ұлтының көп болғандығына байланысты ауылдың төменгі етегі «Шешен ауылы» атанса, қазіргі таңда ол атау «Ойылсай» атанып жүр. Себебі, Ойыл ауданынан көшіп келушілер санының көптігіне байланысты.

Қорытынды: Ақтөбе қаласынан 11 км шақырым жерде орналасқан Құрашасай ауылының азда болса көненің көзі саналатын топонимдерге тоқталып өттік. Қазіргі таңда оқушыларымыздың бойында Отанға,туған жерге деген елжандылыққа ,отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызызор деп білемін.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ақтөбе қаласының топонимдері. Ғаламтор желісі.

2. Топонимика категориялары (Топонимиканың түрлері, дерек көздері -Э.М.Мұрзаевтың, А.Абдрахмановтың топонимикалық еңбектері,

3. Қазақстан географиясы 9класс Алматы «Мектеп» баспасы. 2019ж

4.Ауылдың көне көз қарияларымен сұхбаттасу материалдары.2019ж

5. Новый селолық округі құжатнамалары.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!