Құрлықтағы таулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрлықтағы таулар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сабақта керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



География

6 сынып

Сабақтың тақырыбы

«Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі»

Сілтеме

Физикалық география оқулығы, оқыту әдістемесі,дидактикалық материалдар,жұмыс дәптері

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру.Физикалық карталар бойынша басым биіктіктерін және ең биік шыңдарды анықтау тәсілдерін үйрете отырып, оқушыларда аласа, орташа және биік таулар ұғымдарын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

Өз бетінше білім алу дағдылары қалыптасады. Өз пікірін дәлелдейді,басқалармен келіседі немесе келіспейді.

Негізгі идеялар

Топпен жұмыс жасауда пікір алысады, бір-бірінен үйренуге жетелейді.

Оқыту модульдері, әдіс

Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту

Ресурстар

Түрлі – түсті қағаздар, оқулық, атлас, кескін карта, глобус, маркерлер,білім ағашы.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (2 мин)

Топ ережесін еске түсіру. Әртүрлі түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Бір-біріне жақсы тілектерін айтады, топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5мин)

Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру:

1.Жанартаудың құрылысын сипаттап бер.

2.Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

Берілген сұрақтарға жауап беру

ІІІ. Қызығушылығын ояту.(7 мин)

Жаңа тақырыпқа байланысты жұмбақ айту.

1.Көтеріп орман,тоғай,тастың бәрін,

Жанында шөгіп жатыр нарын.

(Тау)

2.Өркеші бар түйе емес,

Не ақ отау үй емес.

Бір орнында тұрғаны,

Не болады, бұл дене?

(Тау)

3.Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

(Тау)


Оқушылар жұмбақтарды шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



ІҮ.Мағынаны тану.(10 мин)

«Географиялық лото» ойыны. Мұғалім үш топқа сұрақтар береді.

Ітоп: Тау дегеніміз не?

Тау торабы дегеніміз не?


ІІтоп: Тау жотасы ұғымына анықтама бер.

Тау шыңы.

ІІІтоп: Тау аңғары.

Таулы өлке.


«Кілтті сөздер» әдісі.

І топ: Аласа таулар

ІІ топ: Орташа биік таулар

ІІІ топ: Биік таулар

Осы сұрақтар барысында әр топ өз жауаптарын дәлелдейді, салыстырады, талдайды.












Y.Cергіту сәті. (2 мин)

«Үйдің суреті»

Оқушылар үйдің суретін салады, суретке қарап адамның қандай екендігі анықталады.


VІ. Ой-толғаныс (12 мин)

«Сандар сөйлейді»

Мәтінмен жұмыс. Топтарға тапсырмалар береді.

Ітоп: 2000м: 8848м: 400-1000м:

ІІтоп: 6995м: 1000-2000м.

ІІІтоп: 8000м: 7439м.


Дәптермен жұмыс.

Практикалық тапсырма: Физикалық картаны пайдаланып, тауға сипаттама беру жоспары:

1.Географиялық орны.

2.Қандай бағытта созылғаны.

3.Таудың ұзындығы.

4.Қандай таулар қатарына жатады? Басым биіктіктері.

5.Ең биік шыңы.




Берілген сандардың нені білдіретінін айтады,талдайды, салыстырады.




Оқушылар жоспар бойынша физикалық картаны пайдаланып, дәптерге орындайды.

VIІ. Үйге тапсырма беру. (2 мин)

Мәтінді түсініп оқу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

VIIІ. Бағалау. (2 мин)

Мұғалім оқушыларға бағалау ресурстарын ұсынады.

Топтық бағалау «Екі жұлдыз,бір тілек»

ІХ. Рефлексия (3 мин )

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын туралы ойларын білу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу,ілу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі