Материалдар / Құрманғазы Сағырбайұлының 200-жылдығына арналған «Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кештің сценариі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құрманғазы Сағырбайұлының 200-жылдығына арналған «Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кештің сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. - Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін жастар бойында насихаттау, өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру. Күйлерін домбырада ойнау арқылы мазмұнымен таныстыру, оқушылардың бойына дарыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚОӘББ Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«Балалар музыка мектебі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны








Құрманғазы Сағырбайұлының 200-жылдығына арналған

«Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы»

атты әдеби-музыкалық кештің сценариі









Өткізуге жауапты: Ергалиев Қ.А.

Өтетін орны: «Одақ » МҮ

12-мамыр сағат 18-00 2023 ж





















2022-2023 оқу жылы



Мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін жастар бойында насихаттау.

Сахнада домбырашылар ансамблі отырады

Жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауым және оқушылар! Құрманғазы Сағырбайұлының 200-жылдығына арналған «Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кешіне қош келдіңіздер!

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ  – қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Әкесі Сағырбай нәрестені қолына алып: «Бүгін Құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп жариялаған. Ол тез ер жетеді. Әкесі оны алты жастан жұмысқа береді. Сол кезден домбырасын қолынан тастамай, естіген әнін, күйін тартады. Ауыл қарттарын жағалап, оларға күй тарттыратын. Күйлердің мазмұны туралы түрлі әңгімелер тыңдайтын. Музыкалық қабілетті Құрманғазы анасы Алқадан алған, оның тұқымында дарынды ақындар, өлеңшілер мен күйшілер болған. Бүкіл Бөкей ордасына танымал халық музыканты Ұзақтың ауылға келуі Құрманғазының болашақ тағдырына әсер еткен, балалық шағының жарқын сәті болды, ол Ұзақты өзінің ұстазы деп есептейтін.


Күй «Саранжап» орынд Жүнісов Бақытжан


Күй «Балбырауын» орынд Бораш Мансұр


Жүргізуші:   Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және "Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген.

Құрманғазының күйі «Алатау» орынд Шоқан Шаяхметов

Ән « »

Жүргізуші:   «Қайран шешем» – Құрманғазының күйі. Ақбайдың шабармандары Құрманғазыны арбаға байлап жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы міне айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас кеп, шешесінің қасына келеді. «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?» – деп, жағына шапалақпен тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап «Қайран шешем» атты күйін шығарады.

Құрманғазының күйі «Қайран шешем »

ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем», «Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады. «Кісен ашқан» – еркіндікке ұмтылған тұтқынның жан айқайы. Ал күйші «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Бұқтым-бұқтым» күйлерінде өзінің ішкі толғанысын күй арқылы шебер береді.

Құрманғазының күйі «Түрмеден қашқан» орынд Дамир Манат

Ән


Жүргізуші:  «Қызыл қайың серпер» – Құрманғазы ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін: «Менің елім де, жерім де, ағашым да пана екен. Анадай қамқор болып, жапырағымен жауып пана болған қызыл қайыңға арнап едім», – деп осы күйді шығарған екен.



Құрманғазының күйі «Қызыл қайың серпер» орынд Жылқайдаров Әсет

Жүргізуші:«Адай» күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді

Құрманғазы күйі «Адай» орынд Альменов Еркін

Ән « » орынд

Жүргізуші: « Аман бол, шешем, аман бол» – Құрманғазының күйі. Құрманғазы қапылыста ұсталып Орда түрмесіне жөнелтілейін деп тұрғанда «Қайтып көріскенше қош аман болыңдар, халқым» деп, «Аман бол, шешем, аман бол» күйін тартыпты.

Құрманғазының күйі « Аман бол, шешем, аман бол»

орынд Ергалиев Қайырбек Атшабарұлы

Жүргізуші:Бүгін біз Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінің шығу тарихы мен оның орындалуына және күйдің құдыретіне тәнді болдық. Болашақта да осындай күй тартатын домбырашыларымыз өнері үстем бола берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош, сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенше күн жарық болсын!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!