Материалдар / Құрылымдық мәліметтер

Құрылымдық мәліметтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәліметтер жайлы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
770
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: ____________________________ Н. Өтетілеуова

Қысқа мерзімді жоспары

Мектеп: №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Әбдиева Сандуғаш
Сынып: 9 «А», «Ә»Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық мәліметтер

Оқу мақсатары

  • Құрылымдық мәліметтермен таныстыру.
  • Программа құруға үйрету.
  • Жаңа сөздермен жұмыс жасауға үйрету.
  • Жұппен, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу
  • Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету.
  • Жетістіктер критерийлері

    Барлық оқушылар


  • Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруде, программалау тілі жайлы білетін болады.


  • Оқушылардың басым бөлігі:


  • Программа құрылымымен танысады.
  • Бұрын алған білімдерін кез келген жағдайларда дұрыс қолдана алады.


  • Кейбір оқушылар:


  • Программа құруға үйренеді.
  • Дербес компьютерде жұмыс жасау барысында белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.
  • Тілдік мақсат
  • Программалау тілдерін талдай алады,
  • олар туралы тұжырымдар жасай алады және практикалық тұрғыда қолдана алады,
  • берілген тапсырманың шешімін ұсына алады.
  • Өткен тақырып«Бес саусақ» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау

    Қолданылатын әдіс – тәсілдерСТО, «Миға шабуыл», «Бес сұрақ».
    Қолданылатын ресурстарФлипчарт, слйд, оқулық.

    Пән аралық байланысМатематика, қазақ тілі, әдебиет



    Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)



    І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.

    ІІ. Жеке жұмыс (10 минут) Алгоритмдердің программалау тілінде кескіні программа деп аталады. Француз математигі және физигі Блез Паскальдің құрметіне аталған Pascal программалау тілі IBM PC дербес компьютерлеріне арналған дәстүрлі алгоритмдік программалау тілі болып табылады. Кез келген басқа тілдер сияқты, Рascal тілінің өзінің алфавиті, символдар жиыны, өзінің грамматикасы, операторлары жазу және программалауды безендіру ережелері болады. Орыс әріптері мен пернетақтаның кейбір басқа символдары Pascal алфавитіне кірмейді, бірақ оларды жалқы тырнақшаларда және түсініктемелерде пайдалануға болады. Pascal программалау тілінде жазылған программа program, сөзінен басталады және бұл тілдің жол-жолмен жазылған операторлары тізбегінен тұрады. Операторлар нүктелі үтірмен «;» аяқталады және олар қызметші begin (басы) және end (соңы) сөздерінің арасында орналасады да, нүктесі бар end (соңы) сөзімен аяқталады. Бір жолда бірнеше оператор болуы мүмкін, олар да бір-бірінен «;» нүктелі үтірмен бөлінеді.
  • Программа тақырыбы (program);
  • Пайдаланушылар модульдерін көрсету бөлімі (uses);
  • Таңбалар (белгілер) бөлімі (label);
  • Тұрақтылар бөлімі (const);
  • Типтер бөлімі (type);
  • Айнымалылар бөлімі (var);
  • Процедуралар мен функциялар бөлімі (procedure, function);
  • Операторлар бөлімі (begin ………………..end);
  • Түсініктемелер.
  • Бұл тапсырма смайликтер арқылы бағаланады.



    ІІІ. Жұптық жұмыс (7 минут) Блок-схеманың кескіндерін тауып алыңдар және атқаратын қызметін атаңдар.

    Бұл тапсырма жұлдызша арқылы бағаланады.

    ІV. Топтық жұмыс (15 минут) Топтарға мәтін таратылып, оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды. Топ пікірлерін тыңдау (әр топқа 2 минуттан).Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады. (әр топқа 1 минуттан)

    Программа деп ....................(Алгоритмдердің программалау тілінде кескіні программа деп аталады)Бүтін сандар..........................(integer)Қызметші сөздер...................( Readln, writeln, if-then-else, case of, goto, т.б.)Идентификаторлар................(Программада кездесетін барлық тұрақтылар, айнымалылар, функциялар мен процедураларды белгілейтін әріптер)Нақты сандар.........................(Real)

    «Жест» көрсету арқылы баға береміз.

    V. Жеке жұмыс (7 минут) Оқушы дәптерімен жұмыс. Оқушыларды «Бағдаршам» бағалау жүйесі арқылы бағалаймыз.

    Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі (3 минут)

    Сергіту сәтіБейнеролик көрсетуОқушылармен бірге сергіту жасау, бейнеролик туралы оқушылардың ойын жеткізуИнтербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығу жасайды.
    Үй тапсырмасы: 7-8 -ші тапсырманы орындап келуОқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
    Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жиналған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.
    Қосымша ақпарат
    Саралау оқушыларға алдыңғы тақырыптар бйынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын. Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын. Оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіліп, тақырып бойынша мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылады. АКТ-мен байланыс жасау. Бір – бірін топта тыңдау, сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу
    РефлексияСабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
    Қорытынды бағамдау

    Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?

    1:

    2:

    Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?

    1:

    2:

    Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетініне не білдім?











    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ