Материалдар / ҚҰРЫЛЫСШЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚҰРЫЛЫСШЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа техникаларды пайдалану құрылысшы мамандардың біліктілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Жаңа қондырғылар мен құрылғыларды пайдалана отырып, құрылысшы мамандығының мәртебесін жоғарылата аламыз. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс жасау өндіріске жоғары санатты мамандар шығаруға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде отансүйгіш, еңбекқор, білікті мамандар өндіріске жіберілетініне сенеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2022
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚҰРЫЛЫСШЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ



«Білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға қызығудың дәурені өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық берілуі керек. Өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын тәрбиелеу қажет»

Қасым-Жомарт Тоқаев



Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.

Бүгінгі кезеңде қай іске де кәсіби көзқарас қажет. Үнемі үздіксіз алға даму үстіндегі бүгінгі Қазақстандық қоғам талабы, жұмысшы мамандығына деген көзқарас түбірінен өзгерді десе де болады. Бүгінде өндірістің кез келген саласының көсегесін өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты меңгеріп, озық технология мен қазіргі замандағы техника тілін жетік білетіндер ғана көгерте алады.

Сондықтан да, өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру, оның сапасын арттыру қажеттілігі туып отыр. Бұл міндет ендігі жерде әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылмақ.

Жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, теория мен өндірістік іс-тәжірибемен ұштастыра білетін, жан-жақты, білімді, білікті шебер ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Өндірістік іс-тәжірибе кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылады. Осыған орай, болашақ мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Қазіргі заманның өндірістік оқыту шебері – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, студенттердің талапкерлігімен қабілетін өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Өндірістік оқыту шебері қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, студенттермен қарым-қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай шебер бүгінгі таңда жас маманға кәсіптік білім беру жұйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, кәсіптік білім саласындағы реформалар, өндірістік оқу сабағындағы әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, шебердің жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.

-    жүйелі ойлауды;

-    құқықтық ақпараттық мәдениетті;

-    кәсіпкерлік мәдениетті;

-    өзін-өзі тануды;

-    басқаларға ұсынуды;

-    өз қызметін білімді талдауды;

-    жаңа білімді;

-    нано технологияларды меңгеруді;

-    кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;

-    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;

-    әр іске жауапкершілікпен қарауды;

-    нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы болып  Кәсіпқор «Холдинг»  КЕАҚ белгіленді. «Жас маман»  жобасының мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 ден аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Осы жобаға сәйкес Жаңаөзен қызмет қызмет көрсету және жаңа технология колледжінде «Жас маман» жобасы аясында «Құрылыс құзіреттілік орталығы» ашылған болатын.

Бұл орталықтың басты мақсаты құрылыс саласында жана құрылғылармен және жаңа технологиялармен жұмыс жүргізетін, бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау. «Құрылыс құзіреттілік орталығы» көптеген жаңа техникалармен қамтамасыз етілді. Соның ішінде тас кесу құрылғысы, селикатты кірпіш шығару қондырғысы, торкреттеу машинасы, рендрейгер робот-сылақша машинасы, коллерлеу машинасы, гипс жасау машинасы, мултикат машинасы, жартылай өткізгішті дәнекерлеу аппараты. Және ІТ құрылыс құзіреттілігі бойынша 3D принтер, компьютерлер, планшеттер, құрылысқа арналған интерактивті модуль орнатылды. Осы жабдықтарды іске асыруда болашақ мамандарға AutoCAD, ARCHICAD, ProgramLab жаңа заманауи бағдарламаларды жұмыс барысында тиімді пайдалануды қалыптастыруға ықпал тигізеді.

AutoCAD - бұл компьютерлік бағдарламалық жасақтаманың жобасын жасау бағдарламасы. Ол ғимараттардың, көпірлердің және компьютерлік чиптердің сызбаларын жасау сияқты бірқатар қосымшалар үшін қолданылады. AutoCAD - бұл 2D және 3D компьютерлік сызбаларды жасауға арналған бағдарламалық құрал. Бұл коммерциялық бағдарламалық құрал.

AutoCAD сызбаны қоса алғанда, компьютерлік дизайнды немесе бағдарламалық қосымшаларды жасау үшін қолданылады. AutoCAD 2D және 3D форматтағы екі қолданбаны әзірлейді және қолдану туралы ақпаратты қамтамасыз етеді. AutoCAD салада, архитектурада және жобаларды басқаруда қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалауға арналған құралдарды ұсынады.

AutoCAD бағдарламалық жасақтамасы дизайнның сапасын ұсынады, құжаттаманың анықтығын ұсынады, жаңа идеяларды қолдану оңайырақ, ол қолмен жасалған дизайнға қарағанда дәлірек болуы мүмкін, адам қателігін азайтады, идеяларды сақтауға және өңдеуге болады, және ол дизайнды өзгертуді жеңілдетеді және арзанырақ етеді.

AutoCAD – 2-D және 3-D дизайн және сызбасын жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайн (CAD) бағдарламасы. AutoCAD бағдарламасын Autodesk Inc. әзірлеп, сатады және дербес компьютерлерде орындалатын алғашқы CAD бағдарламаларының бірі болды.

AutoCAD - бұл белгілі бір объектілердің немесе орындардың 2D және 3D дизайнына арналған компьютерлік бағдарлама. Компьютерлік сызбалар құрылыс саласында кеңінен қолданылады , өйткені оның сайттарды қолмен сызбаларға қарағанда оңай жоспарлау мүмкіндігі бар, ол көптеген инженерлік материалдарды жобалауға көмектесе алады және үнемі жаңартылып отырады.

ArchiCAD - Graphisoft жасаған сәулетшілер үшін графикалық бағдарламалық пакет CAD. Архитектуралық шешімдерді жобалау үшін әзірленген, сондай-ақ ландшафты элементтері, жиһаз және т.б.

Жұмыс кезінде виртуалды ғимараттың тұжырымдамасын қолданады. Оның мәні жоба ArchiCAD компьютердің жадында қолданыстағы нақты үш өлшемді ғимараттар өмір өлшемі үлгісі болып табылады. Жобаның ерте жобалау кезеңдерінде оның орындау іс жүзінде «виртуалды ғимаратында жұмыс аяқталғаннан кейін .. т.б. қабырғалар, едендер, терезе, баспалдақтар, объектілерді әр түрлі және толық шындық әріптестерімен құралдарын пайдалана отырып, ғимарат» салу «үшін «, дизайнер әзірленген нысан туралы түрлі ақпарат алу үшін алады. т.б. еден Жоспарлары, қасбеттері, секциялар, түсіндіру, ерекшеліктері, презентация материалдары мен форматында IFC арқылы әр түрлі инженерлік бағдарламалармен өзара іс-қимылды қолдайды.

Бұл қондырғылар студенттеріміздің қауіпсіздігіне, жұмыс сапасын жақсартуға, жеңілдетуге және уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.

«Құрылыс құзіреттілік орталығының» ашылуымен қатар WorldSkills колледжішілік чемпионаты өтті. Біз бұл чемпионатқа 20 құзіреттілік бойынша қатыстық. Және де WorldSkills чемпионатында «Жас маман» жобасы бойынша келген жаңа техникалармен жұмыстар жүргізілді. «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша тас кесу қондырғысы, селикатты кірпіш шығару қондырғысы қолданылды. «Майлау және безендіру» құзіреттілігі бойынша коллерлеу машинасы, «Құрылыс әрлеу жұмыстары» құзіреттілігі бойынша торкреттеу машинасы, рендрейгер робот-сылақша машинасы, гипс жасау машинасы, мултикат машинасы пайдаланылды. «Дәнекерлеу» құзіреттілігі бойынша жартылай өткізгішті дәнекерлеу аппараты, «3D бұйымдарын жасау» құзіреттілігі бойынша 3D принтер, «Бизнес және ІТ» құзіреттілігі бойынша компьютерлер қолданылды. Бұл техникалар студенттеріміздің жұмысын жеңілдетіп, жұмыс сапасының жоғарылауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттеріміз құрылыс саласында жоғары санатты маман болып шығуына барлық жағдай жасалуда.

Жаңа техникаларды пайдалану құрылысшы мамандардың біліктілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Жаңа қондырғылар мен құрылғыларды пайдалана отырып, құрылысшы мамандығының мәртебесін жоғарылата аламыз. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс жасау өндіріске жоғары санатты мамандар шығаруға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде отансүйгіш, еңбекқор, білікті мамандар өндіріске жіберілетініне сенеміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



Қазақстан Республикасының  « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 6-б.

3. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл

Қ.Р « Білім туралы» Заңы.  Астана  2707 2007 № 319 –III. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!