Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құстардың туған жерге оралуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.
Сабақтың мақсаты: 1) Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы, рөлі туралы оқушылардың білімін жүйелеу,
тереңдету; құстардың көктемгі тіршілігі туралы
мағлұмат беру;
2) Оқушылардың ой - өрісін дамыту, сөздік
қорларын молайту;
3) Құстарды қорғауға, оларды қамқорлыққа алуға
баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау;
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері, тірек сызба;
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
-
Балалар, бүгін қай күн ?
-
Ақпан айының 28-і.
-
Ендеше қыс мезгілінің соңғы күні екен. Сақылдаған сары аязымен есте қалған қыс кетіп, көңілді көктем мезгілі де келіп жетті. Ендеше көктем мезгілінде күн жылынады, қар ериді. Көктем мезгілі сияқты біз де сабағымызды көңілді жадырап өткізейік.
ІІ Үй тапсырмасын шолу.
-
Үйге не берілді?
-
Малды көктемде күту, оқу, әңгімелеу.
-
Бізді қоршаған не?
-
Табиғат.
-
Табиғат нешеге бөлінеді?
-
Өлі және тірі.
Т ірі табиғат
Өсімдіктер Жануарлар Адам
-
Жануарлар типі 6 түрге бөлінеді?
Сүтқоректілер |
Жорғалаушылар |
Қосмекенділер |
Құстар |
Бунақденелілер |
Балықтар |
Малдар |
Жылан, кесіртке |
Бақа |
Қаз, үйрек, тауық |
Ара, шыбын, көбелек, маса, қоңыз |
Балықтар |
Құстардың түрлері өте көп.
-
Құстар нешеге бөлінеді ?
Қ ұстар
Жабайы Үй құстары
-
Құстардың күндізгі тіршілігін есімізге түсірейік.
Күз мезгілі келгенде күн суытады. Табиғатта өзгеріс болады. Күн суытқанда көптеген құстар жылы жаққа ұшады.
-
Қандай құстар біздің жерімізде қыстап қалады?
-
Қарға, сауысқан, құр, алақарға.
-
Олар неге басқа жаққа ұшып кетпей қыстап қалады?
-
Олардың түрі, дене пішіндері, жемдерін қар астынан тауып жеуге
икемді. Өйткені олардың тұмсықтары үшкір, мықты, тырнақтары өткір болғандықтан олар қар астындағы қатып қалған төгінділерді де тырнақтарымен тырнап, босатып шоқып жейді. Сондықтан олар қыстап қалады.
-
Күзде (басқа) жылы жаққа кететін қандай құстарды білесіңдер?
-
Неліктен олар жылы жаққа кетеді?
-
Өйткені қыстыгүні құстарға жем табу өте қиын, соның себебінен
көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-
Енді сол жылы жаққа (кететін) ұшқан құстар мәңгілік сол жақта қалып
қалмайды екен, олар өздерінің өсіп - өнген туған жерлеріне, Отанына оралады екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы құстардың туған жерге оралуы.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
-
Мәтінді оқу.
-
Оқушыларға оқыту.
-
Түсінбеген сөздерді тапқызы.
Дернәсіл.
Сергіту сәті.
Кәне қанат қағайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып болған соң,
Орнымызды табайық.
Тапсырма
-
Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
-
Құстар балапандарына қандай қамқорлық жасайды?
-
Көктемде құстар тіршілігінде қандай қиындық кездеседі?
Дәптермен жұмыс:
Тоқылдақ, шағала, аққу, тырна, бұлбұл, көкек, көгершін, дуадақ.
«Иә ма жоқ па» ойыны.
Артық болмас білгенің ...
-
Құстарға байланысты қандай болжауларды білесіңдер?
а) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады?
ә) Қарғалар топтаса қарқылдаса, аяз болады екен?
б) Сауысқан шатыр астына тығылса боран соғады екен.
в) Егер құстың ұясы ағаштың оңтүстік жағында салынса, жаз салқын болады.
-
Құстарға тән қандай ортақ қасиеттерді білесіңдер?
-
(барлығы ұшады, қанаттары бар, жұмыртқалайды, тұмсығы бар,олар еңбекқор).
-
Ал, айырмашылығы ше?
-
Тұмсықтары, дене пішіндері, түсі, дыбыстары әр түрлі.
Мекенін тап ? ойыны.
Сабақты қорыту:
-
Жалпы құстардың қандай пайдасы бар?
-
Еті, мамығы, жұмыртқасы, табиғаттағы зиянкесті жәндіктерден
ағаштарды қорғайды. Ал, жайқалып өскен ағаштар бізге таза ауа береді. Сол таза ауамен біз демаламыз.
-
Мінеки, балалар құстардың қанша ма пайдасын білдік.
-
Енді осы арамызда құстардың ұясын бұзатын, өртейтін, балапандардың
өсіп - өнуіне зиянын тигізетін, құстарды ататын сотқар, тентек балаларды көрдіңдер ме?
-
Ендеше, ондай әрекеттен аулақ болуымыз керек. Керісінше, құстарды
аялап, оларға мейіріммен қарау керек. Құстардың барлығы да еңбекқор. Олар ұшқанда жұптасып, бірін – бірі бөлмей, тастамай жүреді екен. Оларда достық қарым – қатынас мықты екен. Дәл қазір оларға ұя жасап көмектесуіміз керек.
Балалық қып қызбайық!
Құс ұясын бұзбайық.
Жұмыртқасын алмайық.
Обалына қалмайық.
Бағалау: Балалар, біз сабақты көктем мезгілімен бастадық. Ендеше көктемде адам ағзасы әлсірейді.Сондықтан мен сендердің алдарыңа денсаулық себетін ұсынамын. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді , білімізді жақсы түсіндім десеңдер,менің ағзама дәрумендер қажет десеңдер бір-бір дәрумендерден алып, өздеріңді бағалап жіберіңдер.
Үйге тапсырма: Құстардың туған жерге оралуын оқып, әңгімелеу.
Кел,бәріміз,
Ойланып,
«Иә ма, жоқ па» ойналық
Мен бастайын ойынды
Түрлі сұрақ қоюды.
Сұрақ қойған мезетте
Сен «иә» де не «жоқ» де
Қалмау үшін жаңылып,
Сұрағымның мәнін ұқ.
Бір бала бар жыбырлақ
Отыра алмайды сыбырлап
Кәне біздің сыныпта
Ондай бала бар ма екен ?
Айдын көлде шағала,
Қаздар жүзе ала ма ?
Құрттан қараторғай да,
Бау-бақшаны қорғай ма ?
Қарғалар да кей-кейде,
Сөз үйреніп сөйлей ме ?
Еңбек сүйгіш балаға,
Жұрт риза бола ма ?
Айтшы енді білейін,
Ұнады ма бұл ойын ?
Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты : 1. Ертегінің түрлерін еске түсіре отырып, ертегінің
негізгі идеясын ашу;
Сабақтың міндеттері: 1.Ертегіні толық түсіну;
2. Ертегіні бөліктерге бөліп,талдау;
3. Ертегінің негізгі мазмұнын толық ашу;
Табыс критерийлері:
1.Ертегі және оның түрлерін біледі.
2. Ертегіні түсініп оқиды.
3. Мақал-мәтелдің мағынасын түсінеді.
4. Мақал-мәтелге байланысты ортақ тақырып қояды.
5.Ертегінің мазмұнын талдай алады.
6. Жақсы - жаман қасиеттерді ажыратады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: топтастыру, жұптық, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
-
Балалар, мен сендерді ортаға шеңбер құруға шақырамын. Сендер атомдар мен молекулалар боласыңдар.
-
Ортаға бірінші шыққан жұптар топқа барып отырады.
-
Екі атомнан тұратын молекулалар
-
Үш атомнан тұратын молекулалар
-
Алты атомнан тұратын молекулалар
-
Екі атомнан тұратын молекулалар
-
Үш атомнан тұратын молекулалар
-
Екі атомнан тұратын молекулалар
-
Бір атомнан тұратын молекулалар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді ?
- Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» деген өлеңін мәнерлеп
оқу.
Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқыту.
Жұппен жұмыс
1. «Достық өлкесінің өлеңінің авторы кім?
2. Өлеңде бала досын қайда апарды?
3. Досы нағашысының үйіне барып не істеді?
4. Баланың әжесі қандай ?
5. Әже көзәйнектің сынғанын көріп не істеді ?
6. Баланың әжесі ұрысқаннан кейін балаға қандай ой келді?
7. Көзәйнекті баланың досы сындырғанын әжесі қайдан білді?
8. Әже ашуланып не істеді?
9. Баланың нағашысы қандай ақыл айтты?
10. Өлеңнің соңғы жолында не жазылған?
11. Осы өлеңнен қандай ой түйдің?
12. Осы өлеңдегі баланың әрекеті дұрыс па?
13. Дос туралы қандай мақа-мәтел білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқыту.
1. Қатты жерде қақ тұрар,
Ынтымақты елде бақ тұрар.
2. Ынтымақ-елдің ырысы.
3. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақ кетсе, өкініші бітпес.
4. Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.
- Балалар, осы мақал –мәтелдің мағынасын түсіндіріп жіберейік.
- Осы мақал- мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едіңдер?
Сол тақырып кірпіштің де атауы болсын.
- Сендердің қойған ортақ тақырыптарың бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты ме екен. Оны сабақ өту барысында көреміз.
- Ендеше біз бүгін құстар жайлы жазылған үнді елінің «Құстар айтысы» деген ертегісімен танысамыз.
Ертегімен таныстпас бұрын біз алдымен сабағымызға мақсат қойып алайықшы:
1. Ертегінің түрлерін білуіміз керек.
2. Неге бұл ертегі «Құстар айтысы» деп аталғанын түсінуіміз керек.
3. Құстар не себепті айтысқанын білеміз.
4.Бұл ертегінің қай ертегіге жататынын білуіміз керек.
5.Ертегінің мазмұнын толық түсінуіміз керек.
Олай болса балалар сабағымызға қойған мақсаттарға жету үшін бір-бірімізді тыңдап, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс жасайық.
1. Мәтінді тыңдату. (диктофон)
2. Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқушыларға оқыту.
-Балалар мен сендерді төрт топқа бөліп қойдым. Ертегінің мазмұнын түсіну үшін біз бүгінгі сабақта топпен жұмыс жүргіземіз. Топпен жұмыс жүргізбес бұрын топ ережесімен танысып алайық.
1 тапсырма: топпен жұмыс: әр топ ертегіден
1 топ : Ынтымақ жайлы ертегінің қай бөлігінде жазылған соны тауып,
делелдеп түсіндіресіңдер.
2 топ: Құсбегінің әрекеті ертегінің қай бөлігінде жазылған,соны тауып
түсіндіріп бересіңдер.
3-топ: Ертегіде алауыздық туралы айтылған бөлік болса тауып,оқып
дәлелдейсіңдер.
4-топ : Құстардың жазаға тартылуы
Топтар бір-бірін тыңдап отырып бағалап отырады.
2 тапсырма: екі жақты бір күнделік топқа беру
Ертегідегі құстардың атын жазып екінші жағына құстардың әрекетін бір-
ақ сөзбен жазу керек.
Қарғалар жанжалдасты
Көгершіндер мақтанды, ашуланды
Торғайлар ұрсысты
Барлық құстар торға қамалды.
3 тапсырма :
Ертегінің мазмұны бойынша әр топ екі сұрақтан жазып, келесі топқа береді.
-
«Құстар айтысы» ертегісі қай елдің ертегісі?
-
Құсбегі торды қайда құрады?
-
Торға қандай құстар келіп түседі? ІІ топ
-
Тордан босанудың жолын іздеген құстар не істейді?
-
Құстар қандай шешімге келеді? ІІІ топ
-
Құстар тормен ұшқан кезде құсбегі не істейді?
-
Жанжалды қай құстар бастайды? 4-топ
-
Ертегінің соңында құс аулаушы құстарды не істеді?
Әр тапсырма сайын бағалап отыру.
Бұқар жыраудың термесін оқыту: Жалғасын табу.
Бір дегеніңіз-
Бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенім- ...
Үш дегенім- ..
10 слайд Сабақты қорыту: - Балалар, осы ертегіден өздеріңе қандай
сабақ алдыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар алауыздық өте жаман қасиетке жаман қасиетке
жатады екен. Керісінше бір-біріңмен тату болып,ынтымақта жүру керек.
-
Біз құстар сияқты айтыспай, жанжалдаспай керісінше осы сабақтағыдай бірігіп, ынтымақта жұмыс жасай отырып, әр топ бір-бір өрмекшінің торын құрдық.
-
Жалпы өрмекші деген жәндіктің өзінде екі қасиеті бар екен:
-
Біріншіден кез-келген затты үйлестіреді, екіншіден кез-келген затты біріктіретін қасиеті бар екен.
-
Адамдар арасында бірлік болу үшін адамдардың бойында қандай қасиет болу керек?
-
Достық қарым-қатынас болу керек.Достық болған жерде бірлік болады.
-
Осы бірліктің арқасында біздің еліміз, яғни Отанымыз 30 елдің қатарына еніп, бүгінгі күнде «Мәңгілік елге»айналып отыр.
Бағалау: топ басшыларына бағалату.
Рефлексия.
Үйге тапсырма: Ертегіні оқып,мазмұнын айту.
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы
білімдерін тереңдету.Мағынасы қарама-қарсы сөздер
туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөйлеу
дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлей білуге
машықтандыру;
3.Сауатты көркем жазуға, бірін-бірі тыңдауға,сыйлауға
үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ой қозғау, талдау, жұппен жұмыс,
топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Психологиялық дайындық:
4 «Ә» сыныбының оқушылары:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Құлынның туған күнінде» деген тақырыпта әңгіме жазып келу.
- Балалар,осы жазған әңгімелеріңді жұптасып бір-бірімізге оқып берейік.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Ұлы ақын Абай ақылды,тапқырлықты қажет ететін жұмбақ ойлапты.Соны сендерге ұсынғым келіп тұр.
Баяяғыдан бері сегіз батыр кезек- кезек жығысып келе жатыр.Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол батыр кімдер ?
Шешуі: қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық
болды егіз.
-Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қандай сөздер?
-Олай болса біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қарсы мағыналы сөздер»
Бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу минуты : - қалпақ киетін бас әріптерді жазу.
Т,П,Г, Ғ, Б.
-дәптерге әріптерді әдемі, әрі көлбеу және қатесіз жазуымыз керек. Сендердің жазғандарыңды бақылаушы МАИ қызметкері мен боламын.
Оқулықпен жұмыс жасамас бұрын : Алан мен Дананың түсіндірмесін бейнефильмнен тыңдайық.
Біздің сабағымыз 5 кезеңнен тұрады.
Әр турдағы тапсырма аяқтаалған соң, қолымыздағы сілтемелер арқылы ауысып отырамыз.
8-жаттығу 1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Мағынасы –қарама-қарсы сөздерді табу.
Енді балалар сабағымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.
9-жаттығу 1. Мақалдарды оқып, жатқа жазу.
1.Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
-
Ақылды іс тындырады,
Ақымақ іс тындырады.
-
Осы мақал-мәтелдегі қандай екі сөзді жұптастыруға болады?
-
Олар қандай сөздер?
-
Балалар, бірінші кезеңіміз аяқталды.
-Сілтемеге қарап, орнымызды табайық.
10-жаттығу 1.Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді
табу.
Мейірімді –мейірімсіз сұйық-қою
Жуас-қатал қашық- жақын
Қымбат-арзан
Екінші кезеңіміз аяқталды.
11-жаттығу 1.Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп
жазу.
2.Неліктен кейбір жұптары мағынасы қарама-қарсы
сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.
Үшінші кезеңіміз аяқталды. Төртінші кезеңді бастамас бұрын, сілмеге қарап орнымызды табайық.
Сергіту сәтін орындау.
12-жаттығу 1.Сызық бағытымен бір әріпті қалдыра отырып,
жаңылтпаш құрастыр. Үтір мен нүктелердің
орнында бір әріп бар деп есептеңдер.
Топпен жұмыс.
Төртінші кезеңіміз аяқталды, бесінші кезеңге өтейік.
13-жаттығу 1. Тиісті мағынасы қарама-қарсы сөздерді қойып,
мақал-мәтелдерді көшіріп жазу.
Керекті сөздер: қорқақ-батыр, күні-түні, жаманға-жақсыға.
Бесінші кезеңіміз аяқталды, сілтемеге қарап орнымызды табайық.
Сабақты қорыту: Топпен жұмыс «Мазмұнды сызба» деп аталады
Мұғалімнің қорытуы: Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.
Бағалау: Әр кезеңде жауап берген бағалау парағына қарап бағалаймыз.
Рефлексия бағдаршам арқылы
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадіров «Жиб-Жица күресі»
Сабақтың мақсаты: 1.Шығармамен оқып танысу,талдау арқылы Қалмақан
Әбдіқадыровтың «Жиб-Жица күресі» әңгімесі
бойынша қазақтың әлемге әйгілі палуаны Қажымұқан
Мұңайтпасұлының өмірімен танысып,қазақ палуаны
жайлы мәлімет алады.
2.Мәтіннен қажетті үзіндіні табу арқылы оқушылар
өздігінен ізденіп жұмыс істеуге дағдыланады.
3.Бір-бірінің пікірін сыйлау, сөзін тыңдау арқылы
достық қарым-қатынасқа үйренеді.
Алып күш иесін құрметтеуге,спортты сүюге баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ой қозғау, талдау, жұппен жұмыс,
топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Психологиялық дайындық:
-
Балалар, кәне бәріміз тұрып, бір-бірімізге жымия қарап, жылуымызды берейік.
-
Бірінші алақанмен,екінші аяқпен, үшінші иықпен, төртінші арқамызбен, енді мұрынымызбен.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :
-Үйге қандай тапсырма берілді?
«Жас Мұхтар» әңгімесін оқу, мазмұнын айту.
«Сыр сұхбат» ойыны арқылы сұрау.
-Оқушылар қалаған адамға үй тапсырмамасы бойынша сұрақтар қойып соған жауап алады.
- М.Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренеді?
- Абайдың қарасөзі естіген нәрсені ұмытпас үшін не істеу керек?
- Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған ?
- Мұхтардың атасының аты кім?
- Мұхтар қандай жырларды тыңдаған?
- М.Әуезовты кім деп танимыз?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде былай деген: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем,ұйықтасам, десе ,екіншісі білсем,көрсем,үйренсем дейді.
Сендер осының қайсысына жатқызар едіңдер?
-
Екіншісіне.
-
Олай болса сабағымызды бастаймыз.
-
Палуан дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Палуан дегеніміз күрес саңлақтарын немесе жеңімпазын айтамыз.
-
Дұрыс айтасыңдар,ендеше біз бүгін қазақтың атақты палуаны
-
Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы Қалмақан Әбдіқадыровтың
« Жиб-Жица» әңгімесін
оқимыз. Жиб-Жица деген сөздің мағынасы
ережесіз жекпе-жек деген мағынаны
білдіреді.
Жаңа сабақ
- Әңгіменің авторы туралы қандай мәлімет
дайындап келдіңдер.Соны ортаға
салайық. (топпен
жұмыс)
Автор туралы
мәлімет
Қалмақан Әбдіқадіров 1901 жылы 14 сәуірде
Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. 1964 жылы 30 сәуірде қайтыс
болған. Оның тұңғыш шығарған өлеңі «Сырдария» деп аталды. Балалар
әдебиетінің дамуына көп үлес қосқан. «Амантай», «Алатаудың бауыры»,
«Тәтті қауын» және басқа да өлең, әңгімелері
бар.
Қ. Әбдіқадыров-ақын, жазушы,
аудармашы.
Жиб- Жица күресі-ережесіз
күрес.
Жапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір
«Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяқ-
қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірсе
де жазаланбайды
екен.
Енді Қажымұқан туралы не
білесіңдер?
-Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы бейнефильмге
назар аударайық.
Қажымұқан Мұңайтпасов- қазақтың әлемге әйгілі
палуаны
1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек
болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Жер шарының 24
елін аралап, талай-талай атақты палуандармен күрескен. Алтыны,
күмісі бар- барлығы 48 медель алған. Берлинде жуан сым темірді
мойнына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға
мініп шыққан түйесін мойнына көтерген, 75 пұт жүк салынған арбаны
тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас
қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақтаттырған. «Ғажап көпір»
деген нөмір болған. Палуан көпір жасап тұрып үстіне жүк машинасын
өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресімен әлемнің
59 еліне барып өнер
көрсеткен.
Қажымұқан балуанның 75 жасындағы дене
құрылысының
өлшемдері
(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі
бойынша)
1. Салмағы–174
кг.
2. Бойы–195
см.
3. Кеудесінің аумағы–146
см.
4. Балтырының аумағы–49
см.
5. Мойнының жуандығы–56
см.
6. Бас аумағы–65
см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14
см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10
см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12
см.
10. Аяқ киімі–54
размер.
Алып күш иесі Қажымұқан киген
көйлек
Алып күш иесі Қажымұқан
кеудесіне
320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен
ұрғызып
уақтаттырған.
Оқулықпен
жұмыс:
1. Мәтінді тыңдату.
(аудиовизуалды)
2.Мәтінді оқыту.
3 тапсырма топпен жұмыс
Топтарға сұрақтар беріледі, оған жұппен жауап беру керек.
«Өз жартыңды тап» оқыту әдісі
1-бөлім: Қажымұқанның жапон палуаны Сар-Кек-Кимен кездесуі.
2-бөлім: Палуандар арасындағы жеңісі.
3-бөлім:Қажымұқанның жеңісі.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындау:
-
Сайыс қалада өтті?
-
Жапон палуаны Сар-Кек-Ки қандай шарт қойды?
-
Көрушілер арасында неліктен қобалжу болды?
-
Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай екен?
-
Қажымұқан сияқты қандай тағы қандай палуандарды білесіңдер?
Ардақ Назаров, Бейбіт Назаров, Қайрат Ахметов.
-
Осы сайыстан кейін Қажымұқан не істеді?
-
Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы жазылған қандай әңгімелерді білесіңдер?
-
Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанша медалі болған?
-
Ивань-Кореньге Қажымұқан қандай ұсыныс айтты?
Сергіту сәтін орындау.
4 тапсырма: Мақалдың екінші бөлігін тауып,
мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс
өлтіреді,
Жігітті ...
...
5. Әңгімедегі оқиғаның шиеленіскен жерін
тауып оқы.
Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз -адамдар
арасында қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың
қиындауы.
1.Күрес алаңына шыққан Қажымұқанды көз алдыңа келтіріп көр. Сол елестетуің бойынша Қажымұқанға сипаттама бер.
6 тапсырма (топпен жұмыс)
Қажымұқан туралы не білеміз?
7 тапсырма Қажымұқанның бойындағы қасиетке қарап өздеріңді «Мен чемпион бола алам ба? Деген сұраққа ойланып жауап беріп
көріңдерші..
Қорытындылау :
Күрес түрін осы мектепте жүріп-ақ үйреніп,
қазір ауылымыздың атын шығаратын мына сендерсіңдер.Сендер де
болашақта осындай биіктерден көрінгілерің келсе спортпен
айналысуларың керек. Әрқайсыларың атақты болуға,ел намысын қорғауға
лайықтысыңдар.
Бағалау:
Рефлексия
В- 6 Бағыттау парағы
Тур |
Үстел |
Ең жақсы сөйлеген ойыншының нөмірі |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
А- 6 Бағыттау парағы
Тур |
Үстел |
Ең жақсы сөйлеген ойыншының нөмірі |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
ІІ сабақ. Сұлтандар
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ хандығындағы сұлтандардың рөлі туралы біледі. Сөздер мен сөйлемдерді талдайды; Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге мысалдар келтіре алады; Отаншылдық сезімдерін дамыту үшін жағдай жасау.
Сабақтың ресурстары: маркер, постер, «Ыстық орындық», сергіту сәттерінің жазбалары, бағалау парақтары, «Қос бағанды күнделік», мақалдар жазылған карточкалар, топтарға арналған дифференциалды тапсырмалар жазылған карточкалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу – 1 минут
2. Оқушылардың назарын жинақтап, сабаққа аудару мақсатымен сергіту сәтін өткізу. «Билеген құндыз» сергіту сәті қосылады, мұғалім мен оқушылар құндыздың биін қайталайды. – 3 минут
3. Топқа бөлу. Оқушылар 1-ден 4-ке дейін саналып, 4 топқа бөлінеді. – 1 минут.
4. Өткен тақырыпты қайталау «Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану. Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Ойлануға – 1 минут. Сұрақ алмасуға – 6 минут
-
1-топпен 2-топ бір-біріне сұрақтарын қояды. 3-топпен 4-топ бір-біріне сұрақтарын қояды;
-
1-3, 2-4 топтар сұрақ алмасады;
-
1-4, 2-3 топтар сұрақ алмасады.
ІІ. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі
5. Оқулықтағы 1-тапсырманы түсініп оқу (жеке жұмыс) – 3 минут.
6. «Ыстық орындық» ойынын өткізу. 5 минут. Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша бір оқушы отырады. Сынап оқушылары осы балаға тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сол сұрақтарға жауап беру керек. Оқушыға баға қойылады. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Мысалы мұғалім мынадай сұрақтар қояды: «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өзін сынып алдында жақсы ұстай білді ме?» Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. «Ыстық орындыққа» 2-3 оқушыны шығаруға болады.
7. Топтарға сөйлемдер жазылған карточкалар беріледі. Тапсырмаларды топ мүшелері білім деңгейлеріне сәйкес өзара бөлісіп орындайды (дифференциалды тапсырма). Тапсырмаларды орындауға – 4 мин.
-
топ: Қазақ хандығы бірнеше бөліктерге бөлінген.
Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса
2. «Хандығы» сөзін құрамына қарай талда
3. «Қазақ» сөзін жікте
4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір
2-топ: Ұлыстарды басқаратын сұлтандардың саны 18-24-ке жеткен.
Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса
2. «Ұлыстарды» сөзін құрамына қарай талда
3. «Сұлтандар» сөзін жікте
4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір
3-топ: Ханмен бірлесе отырып, бүкіл хандықты сұлтандар басқарған.
Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса
2. «Басқарған» сөзіне фонетикалық талдау жаса
3. «Хандық» сөзін тәуелде
4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір
4-топ: Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.
Тапсырма: 1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса
2. «Ынтымағын» сөзіне фонетикалық талдау жаса
3. «Күш» сөзін тәуелде
4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтір
Топтар алмасып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді, қателері болса түзетіп, баға қояды – 3 мин.
8. Сергіту сәті. «Шөжелер» биін билеу. – 3 минут
9. Әр топ бір мақалдың мағынасын ашып, постерге сурет салу керек - 5 минут. Бағалау критерийлері тақтаға ілінеді:
1. Мақалдың мағынасын барынша толық ашу.
2. Эстетикалық талғам.
3. Түсінікті болу керек. (т.б. критерийлер оқушылардың ұсыныстары бойынша қосылады)
1-топ: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
2-топ: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
3-топ: Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
4-топ: Өзің үшін ту,
Елің үшін күй.
Оқушылардың жұмыстары тақтаға ілінеді.
10. «Галлереяны шарлау» әдісі арқылы бағалау. Әр топ басқа топтардың жасаған постерлерімен танысып, критерийлерге сай бағалайды, постер жасау бойынша тілектерін (ескертулерін), қойған бағасын стикерлерге жазып жабыстырып кетеді. 5 минут
ІІІ. Бекіту кезеңі.
11. Өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың ойлау, коммуникативтік қабілеттерін белсендету мақсатымен «Миға шабуыл» стратегиясын өткізу. 5 минут
- Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім болған? (хан)
- Ханна кейінгі билік кімдерде болған? (сұлтандарда)
- Батыр деген атақ нені білдіреді? (сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді)
- «Әйгілі» деген сөз орыс тіліне қалай аударылады? (известный)
- Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулықтар арқылы жасалады? (да, де, та, те, және, әрі)
- Ілік септік қандай сұрақтарға жауап береді? (кімнің? ненің?) т.б.
12. Бағалау парағын толтыру. 1 минут
Оқушының аты-жөні:_______________________________________________ |
|
|
Өз бағам |
|
|
1-ші оқушы қойған баға |
|
|
2-ші оқушы қойған баға |
|
|
3-ші оқушы қойған баға |
|
|
Мұғалімнің бағасы |
|
|
Қорытынды баға |
|
|
13. Үй жұмысы. 39 бет, 4-тапсырма. Мақалдарды жаттап келу. 1 минут
14. Рефлексия. «Қос бағанды күнделік» - 3 минут
Оқушының аты – жөні________________________________________ |
|
Білемін |
Бүгін білдім |
|
|
|
|
|
|
Ыбырай Алтынсарин.
Таза бұлақ
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен
шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан
- жақты ашу.
Міндеттері: 1. Білімділік. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына
тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным
процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту
технологиясы әдістері, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайд, Ы. Алтынсарин портреті, перфокарта
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.
«Тілектер бұрышы», мұнда оқушылар мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі
сабақта бір - біріне 1 - 1 сөйлемнен тілек айтады.
2. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
3. Жаңа сабақты активтендіру кезеңі.
Ой қозғау.
Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар
қоямын.
1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?
2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?
Мағынаны тану кезеңі.
а) Оқушыларға слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен
шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының
Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс
болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол
немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны
1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді
бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы
Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.
1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Шығармалары:
Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы
баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.
ә) Мәтінмен жұмыс.
Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?
Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.
Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.
Сөздік жұмысы.
Ғибрат алу – үлгі алу.
Топпен жұмыс.
1 - топқа тапсырма:
Мәтінге жоспар құрғызу.
1. Бұлақ басындағы үш жолаушы.
2. Тасқа жазылған жазу.
3. Бірінші жолаушының пікірі.
4. Екінші жолаушының сөзі.
5. Жас жігіттің сөзі.
6. Тастағы жазудың мәні.
2 - топқа тапсырма:
Рөлдік ойын.
Әңгімені рөлге бөліп оқу.
3 - топқа тапсырма.
Зертте.
Әңгіменің тақырыбы не жайында?
Жоба қорғау.
Адам, бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.
Бұлақ -------------- Адам
«Менің де айтарым бар»
Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге сен қандай пікір
білдірер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.
Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес
келеді?
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – жанның тынысы.
Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өмірмен байланыс.
Біз қандай болуымыз керек? Пікір алмасу.
Ой - толғаныс кезеңі.
«Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
4. Білімді бекіту.
«Бақытты сәт» ойыны.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырайдың туған жері?
3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?