Материалдар / Құстарға қыста қамқор бол!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құстарға қыста қамқор бол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тəрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Таным.Әлеумет.

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Құстарға қыста қамқор бол!».

Мақсаты: а)Өлкеде қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә)Балалардың есте сақтау қабілетін,логикалық пайымдауын,шығармашылық қиялын дамыту.

б) «Қыстап қалатын құстарға қамқор болу керек» деген көзқарасын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Қыстап қалатын құстардың аттарын.

Түсінеді: Қыстап қалатын құстардың тіршілігін және оларға қамқорлық қажет екенін.

Қолданады: Құстарды қоректендіру дағдыларын.

Алдын ала жұмыс: Суреттер мен фотосуреттерді қарау,бейнетаспаларды көру, үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу,қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жабдықтар мен материалдар: Тақырыпқа байланысты суреттер,әліппе-дәптер, түрлі-түсті карындаштар, «Қыстап қалатын құстар» тақырыбындағы сурет, жемсауыттар, жем түрлері (бидай,нан қиқымдары,өсімдіктердің дәндері,шетен) интерактивті құрал.

Сөздік жұмыс: Суықторғай,сарышымшық,жемсауыт,жем.

Билингвалды компонент: аяз-мороз.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады.

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен. ( А.Асылбеков.)

Балалардың білімдерін белсендіру. Қандай құсты білесіңдер? Ал қандай құстарды қыста даладан көрдіңдер? Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Ондай құстарды қалай атайды?

Жұмбақтар шешеді: Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды іздейді,

Жем іздейді там-тұмдап. (Қарға)

Жем көрсе,

Шықылықтап қалтаңдайды.

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)

Бұл құсты бәрі білер,

Ауламызда шырылдап.

Шиқ-шиқ етер, қоңыр.... (Торғай)

Кеудесі сары, жем шоқыр,

Жып-жып етіп ұшар,Бұл қай құс....(Сарышымшық)

«Еркін самғап ұшсын»-деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

«Бейбітшілік құсы»,-деп

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)

Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ ның тақырыбын және мақсатын болжамдап тапқызады.

Қайыркен: Жылы жаққа ұшпайтын,

Бідің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Құстарды біз атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.

2. Негізгі бөлім:

Әліппе-дәптердегі суретпен жұмыс: Суретші қандай құстардың суретін салды? Құстар туралы білетіндерін әңгімелейді. Суықторғай-жотасы қоңыр, кеудесісұр, кішкентай құс. Олар үйірімен жүреді.Торғай-пайдалы құс.Ол зиянкес құрттар мен дәнді дақылдар, нан қиқымдарымен қоректенеді. Сарышымшық-жылдам ұшатын құс. Кеудесі сары-жасыл, басы,тамағы қара,құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар.Суықторғай мен сарышымшық жазда жәндік және жидектермен қоректенеді, түрлі дәнді дақылдар да олардың қорегі. Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп,олар жасаған жемсауыттардағы жемді жейді.

Тоқылдақ-орман құсы. Ағаш қуысындағы зиянды жәндіктермен қоректенеді.Оны «Орман дәрігері» -деп атайды. Орманда оның тоқылдатқан дыбысын естуге болады.Көгершін , кептер- қала,ауылда адамдарға жақын мекендейді.

Мыршай суықторғайды сипаттауға тапсырма бергенін айтады. Ол жыл құсы ма, әлде қыстап қалатын құс па? Қандай тіршілік етеді? Немен қоректенеді? Қанаты қандай?

-Суықторғай өте әдемі құс. Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт,бауыры қызғылт.

Педагог балалардың айтқандарын толықтырады.Суықторғайлар ағаш тұқымдары, жеміс-жидек,шетеннің жемісімен қоректенеді.Қылқанжапырақы ормандарда және аралас ормандарда тіршілік етеді және ұяларын аса бейік емес қылқанжыпырақты ағаштарға тостаған етіп жасайды.

«Суықторғай» ойыны: Шарты: Суықторғай сияқты секіреді, ұшады және шырылдайды. Балалар қысқа адыммен секіреді, ұшады рюм-рюм-рюм ысқырып дыбысын салады.Педагог үстел үстіне жемсауыт шығарады және құстарға арналған жемдерді де қояды. Кәмпиттер,тұқымдар,шемешке,картоп,шеколад,сәбіз т.б. Суықторғайдың жемін табуға тапсырма береді. Балалар құстарға арналған жемді таңдайды.

Торғайларға – нан қиқымы,дәндер.

Сарышымшыққа –нан қиқымы, дәндер.

Суықторғайға- өсімдік тұқымдары,шетеннің жемісі.

Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен көгөністердің аршылған қабықтары.

Көгершінгк – тары.

Сергіту сәті: Ептеп,ептеп,жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай-торғай томпаң-томпаң секіріп,

Шаршадыңба, отыра ғой, деміңді ал.

Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындауға шақырады.

3 Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

Рефлексия: рефлексияның әдістерінің бір тәсілін қолданады. Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру.

-отырып,тұрып,созылып.

-ым ишарамен көрсету, міне тамаша!

-қол шапалақтаңдар.

Аяқтарыңмен топылдатыңдар!

Түрлі түсті суреттерді қолдануға болады: гүлдер, қар қиыршықтары,жапырақтар т.б

Балалар:ҰОҚ ны қорытындылауға қатысады.Қандай құстарды кездестірдіңдер? Бүгінгі ҰОҚ да танысқан құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап қалатын құстар) Қыста құстарға қандай қамқорлық көрсетуге болады?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!