Материалдар / «Құтты болсын - Наурыз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құтты болсын - Наурыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Мұсылман қауымының жаңа жылы – Наурыз мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертеңгілік тақырыбы: «Құтты болсын - Наурыз!»

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағұлмат беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Мұсылман қауымының жаңа жылы – Наурыз мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету.

Жүргізуші: 

-Армысыздар қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарың мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен.

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

-Қане, балалар, барлығымыз әндетіп ата мен әженің ауылына барып, наурыз мерекесін тойлап келейік.

Ән: Хор:«Қошақаным»

1.Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.



Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?



2.Демалыста өзіңді,
Ӏздеп тағы барамын.
Қошақаным бәрі бір,
Тауып сені аламын.



Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?


3. Қозыларым жүр ме екен.
Ерке сұлу сол ме екен?
Мені қашан келер деп,
Сағынып ол жүр ме екен?



Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, балалар. Ал, балалар, ауылға да келіп жеттік міне, ата мен әжеге амандасайық.

(балалар атамен, әжемен көріседі)

-Ата, әже біздің балалар да мерекеге өз үлесін қосқысы келеді. Балалар қане тақпақтарымыз арқылы мерекелік құттықтауымызды жеткізейік.





1-бала

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

2-бала

Осыншама жақсылық,

Алып келген наурызым.

Төрлет, бізге нұр беріп,

Шуақ шашып, ақ жүзің.

3-бала

Наурыз айы –гүл айы,

Наурыз айы – нұр айы.

Наурыз айда халқымның,

Құлпыра түсер шырайы.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, балалар. Ал енді қыздарымыз би билеп берсін.

Би: «Бипыл» (қыздар домбырамен би билейді)

Жүргізуші:

-Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Ата бізге ұлттық ойындардың түрлерін айтып беріңізші.

Ата:

-Қазақ халқында ұлттық ойындардың түрлері көп, соның ішінде -«Арқан тартыс», «Тақия тастамақ», «Асық ату», «Ханталапай», «Көкпар тарту», «Теңге алу»,т.б

Жүргізуші: -Ата сізге рахмет, балаларымыз ұлттық ойындарын біліп алды. Әже енді сіз, біздің балаларға қазақтың салт дәстүрлерін айта отырыңыз.

Әже:

-Балаларым, қазақтың салт-дәстүрлері өте көп. Сол дәстүрлердің бірі тұсау кесу. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

-Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

Тосын сәт. Көрші әже немересін алып, қонаққа келеді.

Көрші әже:

-Сәлеметсің бе құрбым, сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін алғашқы немерем Айкөркем жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек. Сол құлынымның тұсауын елімізге сыйлы, ардақты ана, сүйікті әже, құрбыма кестірейін деп келіп отырмын.

Ал, келін балам, кішкентай Айкөркемді ортаға әкеліп, әжесіне табыс ет.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала: (баланы көтеріп келіп, әженің алдына әкеп береді)

Әже:

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Құйтақандай жан балам,

Аман болсаң аз күнде,

Алшаң басып жүресің.

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл-көзім тасқа.



Маған тұсау кестіріп,

Жатқандардан бұйрық сол.

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

(Әже қолына ала жіпті алып, қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі. )

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алғақарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Айкөркемді жетектеп жүргізеді.)

Көрші әже: Әлдиді алға бастаңдар. Шошытпаңдар, айқайлап, Жалғыз тастап қашпаңдар. Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар. Із қалдырсын соңына, Алдын кең ғып ашыңдар!

(Ақ жайманы жайып, төріне бала алға ұмтылуы үшін кітап, домбыра, қамшы қояды, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Жүргізуші:

-Балалар, Көрші әжеміздің немересін құттықтап «Тұсау кесер» тойының құрметіне тақпақ айтып, би билеп берейік.

1-бала

Айналайын халқым –ай,

Құтты болсын салтың –ай.

Шықтық біздер жырлауға,

Қазағымның салтын –ай.

2-бала

Уа, халайық, халайық!

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

3-бала

О, ағайын, ағайын!

Думанға толы маңайың.

Мереке болып келіп тұр,

Наурыз айы –бал айың.

4-бала

Наурыз тойы –тамаша,

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, енді осы мерекеге арнап қара жорға биін билеп берейік.

Би: «Қара жорға»(ұлдар билейді)

Көрші әже:

-Рахмет, айналайын балалар, өркендерің өссін. Сендерге де осындай той жұғыстыболсын.Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.

 (әже қонақтарына сый-сыяпатын таратады.)

Ата:

-Жарайсыңдар балалар, ал енді күштеріңді сынап көрейін.

Ойын: «Арқан тартыс»

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, арқынды екі жақтан тартады. Қай топтың күші басым болып, мәре сызығынан қарсы топты тартып өткізсе, сол топ жеңіске жетеді.



Жүргізуші:

-Балалар тамаша өздеріңнің қандай күшті екендеріңізді көрсеттіңіздер рахмет! Көрші әженің немересінің тұсау кесер салтын да тамашаладық, би билеп, ән де айттық. Ата енді сізден бата алып,бақшамызға қайтайық. (барлығы алақандарын жайып бата алады)

Ата:

Құлыным үлкен жігіт болсын!

Ата-анасына қызық болсын!

Жақсылармен қатар болсын!

Жамандарға қаталболсын!

Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,

Ер болсын болсын.

Наурыздарың құтты болсын!

Ұлыс береке әкелсін.

Ақ мол болсын,

Қайдабарсаңжолболсын!

Жүргізуші: -Әумин! Айтқаныңыз келсін ата, немерелеріңіздің қызығын көріп жүре беріңіздер. Қазақтың тойы ешқашан бітпесін деп тілейміз, әр шаңырақта дал осындай той болсын! Енді Дастархан әнін орындайық. Ән: «Дастархан» 1.Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Ас ұсынып, бас тартқан Жайылып тұр дастарқан. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей! 2.Жақсы келсе - құтболар, Жаман келсе - жұтболар. Жолаушымыз біз деген Асыл мұрат іздеген. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей! 3.Айналайын ағайын, Үміт отын жағайын. Уайым-қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей! Жүргізуші: -Ата-әже сіздерге көп рахмет, балаларға салт-дәстүрді көрсеттіңіздер. Сау болыңыздар! (Балалар барлығымен қоштасып балабақшаға қайтады.)














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!