Материалдар / Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі

Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде 2. Әбілхайыр хандығы 3. Қазақ хандығының құрылуы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы пәнінен «Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі» тақырыбына ашық сабақ


Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут)

Қазақ хандығының құрылуы- тарихи үдерістердің заңды нәтижесі Жоспар:

  1. Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде

  2. Әбілхайыр хандығы

  3. Қазақ хандығының құрылуы


1-тапсырма: “ Т а р и х и м о з а й к а ”

2-тапсырма: «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

3-тапсырма: «Ерлік – ел есінде»

4-тапсырма: «Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады»
`

ІІІ. Жаңа сабақ (30 минут)

Жоспар

  1. Қазақ хандығы дұшпандар құрсауында

  2. Жоңғар хандығы – көшпелілердің соңғы империясы

  3. Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы

  4. «Ақтабан шұбырынды» жылдары


ІV. Бекіту (20 минут)

1-тапсырма. Тұлғаны таны.

2- тапсырма. «Қашан? Қайда? Не болды?» (кестені толтыру)

3-тапсырма. Қызық екен ойыны.

4-тапсырма. Кезбе тілші


V. Бағалау (5 минут)


VІ.Үйге тапсырма беру (3 минут)


VІІ.Пайдаланған әдебиеттер (2 минут)







Сабақтың тақырыбы: Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау

1. Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

2. Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, плакат.

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану, қоғамтану т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу

3. Оқу құралдарын реттеу

4. Жаңа сабаққа зейінін аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ хандығының құрылуы- тарихи үдерістердің заңды нәтижесі

  1. Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде

  2. Әбілхайыр хандығы

  3. Қазақ хандығының құрылуы

1-тапсырма “ Т а р и х и м о з а й к а ”
1. Керей
2. ұлы
3. қазақ
4. екі негізін
5. хан -
6. хандығының
7. тарихи
8. қалаушы
9. Тұлғаның
10. алғашқы
11. ханы
12. бірі,
13. қазақ
14. болатын.

Жауап: Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.
2- тапсырма. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» ойынында ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу
Жәнібек хан –...........................................
Керей хан –...............................................

Бұрындық хан- ..........................................

Қасым хан- .................................................

Хақназар хан-.............................................

3-тапсырма. «Ерлік – ел есінде» тақырыбындағы Керей мен Жәнібек, М.Х.Дулатидің қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны.
1.Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?
Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов¬. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н. Назарбаевтың мұражайының алаңында.
2. М. Х. Дулатидің ескерткіші қай қалада ашылды?
Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м.
Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М. Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.
4-тапсырма. «Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады» сұрақтарға жауап алу.
1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: (Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)
2. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? (XV ғасырдың ортасы)
3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан бөлініп кетті? (Әбілхайыр хандығынан)
4. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайда көшті? (Моғолстанның батыс аймағына)
5. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру - тайпалардың алғашқы атауы. («өзбек - қазақтар»)
5-тапсырма. Сергіту сәті: Анаграммада берілген әріптерді орнына қойып, дұрыс сөздерді жазу, артық қалған әріптерден бір сөз шығады, сол сөзге мақалдар айту керек.

ЕРЕКЙЕ- Керей – Е

ӘЖІНЕКББ- Жәнібек - Б

ӘТУЕКБ – Тәуке – Б

БЙАЫАЛЕ – Абылай – Е

СЕМІК – Есім – К

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Қазақ хандығы дұшпандар құрсауында

  2. Жоңғар хандығы – көшпелілердің соңғы империясы

  3. Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы

  4. «Ақтабан шұбырынды» жылдары

ХVI ғ. соңына қарай ноғай (маңғыт) тайпалары шығысқа қарай жылдам кеңейіп келе жатқан Орыс патшалығының қысымымен Шығыс Дешті Қыпшақты иеленді.Ноғайлардың көшіп-қону аумағы ХVIIғ. Еділден Ертіске дейін жетті. Бұл сәтте ноғайлардан бөлек, қазақтардың батыс пен солтүстіктегі қарсыластары орыстар ығыстырған башқұрттар мен Сібір татарлары болды. ХVI ғ. екінші жартысында шығыстан ойраттардың (жоңғар, қалмақтардың) шапқыншылығы жиіледі. Ойраттар өздерінің жайылымдық аумақтарын кеңейтті және Сырдария бойындағы қалаларды басып алуға ұмтылды. Нәтижесінде ХVII ғ. бас кезінде Қазақ хандығы Сырдария жағалауындағы далалармен және Жетісу тауларымен шектеліп, сыртқы жаулардың құрсауында қалды.

Жоңғар хандығы далалық халықтар бірінен кейін бірі отырықшы-егінші мемлекеттердің үстемдігін мойындаған сәтте пайда болды. Көшпелілер өркениеті дағдарыс кезеңіне енді. Осы кезде көшпелілердің соңғы империя сы ретінде Жоңғар хандығы пайда болды. Оның бірінші ханы-Эрдени батур (қонтайшы). Оның бастамасы бойынша құрылтайда бірыңғай заң орнатқан және буддизмді мемлекеттік дін етіп жариялаған Далалық жинақ қабылданды. Жоңғар хандығы орталықтанған мемлекет болды. Билеуші Галдан – Бошокту хан, қалғандары қонтайшы атағын иеленді.

1643 жылдың шамасында Жәңгір хан шағын әскермен, бар-жоғы 600 адаммен таулы жердің артықшылығын пайдалана отырып, ойраттарыдың саны басым әскеріне төтеп берді. Бұл қазақ тарихында Орбұлақ шайқасы ретінде белгілі.Жәңгір ханға әмір Жалаңтөс батыр бастаған жиырма мыңдық әскер көмекке келген соң, ойраттар шегінді.

ХVII ғ. Екінші жартысы мен ХVIIIғ. бас кезінде қазақ хандығының билеушісі Жәңгір ханның ұлы Тәуке болды. Тәуке хан маңызды реформаларды жүргізді, олардың ішінде Қазақ хандығы заңдарының жаңа жинағы – «Жеті жарғы» да бар. 1681-1684 жылдары Галдан-Бошокту Жетісуды басып алып, ол жерге өз ордасын көшірді.Ойраттар Іле, Шу және Талас өзендерінің жағалауында көшіп-қона бастады. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты ықпалды билерге сүйене отырып, Тәуке хан көп жасақ жинады. Талас, Шу өзендерінің азат етті.1715жылы Тәуке хан қайтыс болған соң әрбір жүздің өз хандары пайда болды.

1723 жылы ойрат әскері Талас өзеніндегі қазақтардың қоныстарына соққы берді және Ертістен Шуға дейінгі орасан майдан шебінде шабуыл басталды. Әскерді Цеван-Рабданның ұлдары Галдан-Церен мен Шоно-Лоузан басқарды. 1724-1725 жылдары болған келесі соққы қазақтың көш жолдарын бөліп тастады және барлық жүлзді ығыстырды. Қазақтардың бір бөлігі оңтүстікке, Ферғана мен Хорезмге қашты, басқа бөлігі Жайыққа қарай көшті. Көптеген қазақ босқындары Мәуреннахр шұраттарына қоныстанды.Ойраттар Ташкент пен Түркістанды басып алды. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қазақ елін аштыққа, қайғы-қасірет пен күйреушіліктерге душар етті. 1726 жылы Түркістан қаласына жақын Ордабасы деген жерде үш жүздің құрылтайы өтіп, онда екінші халық жасағын құруға шешім қабылданды. 1726 жылы біріккен әскер ойраттарға Бұлантты өзені бойында соққы берді. Шайқас орны «Қалмақ қырылған» деген атау алды. Ойрат әскері шегіне бастады. Цеван –Рабданның өлімі, Жоңғарияда өзара қырқысу соғысының басталуы, сондай-ақ Циндердің шабуылға көшуі қазақ жасақтарына шабуылды табысты өрістетуге көмектесті. 1729-1730 жылдары қазақ әскері Балқаштан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде ойраттарды жеңіліске ұшыратты және Жетісу азат етілді. Әр жылдары ойрат шапқыншылығымен күресті даңққа бөленген батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Малайсары және т.б., сондай –ақ хандар мен сұлтандар, оның ішінде Әбілқайыр мен Абылай басқарды.1735 жылы Галдан-Церен Ұлы жүз жеріне соққы берді. Жалғыз өзі ойраттарға қарсы тұра алмаған Ұлы жүз билеушілері Жоңғар хандығының бодандығын мойындады.1739-1741жж. Ойраттар Орта жүз жеріне жорықтар жасады. Алайда қазақ жасақтары 1755-1757жж. жоңғар хандығына бірнеше шабуыл жасап, оны толықтай жойды.

Бір жарым ғасырға созылған қазақ-ойрат соғыстары жаңа тарихи жағдайдағы көшпелілер өркениетінің аман қалуы үшін жанталасқан күресі болды. Біздің ата-бабаларымыз өз жерін қорғап және өз мемлекетін сақтап қалды.

ІV. Бекіту:

1-тапсырма. «Тұлғаны таны» ойнындағы суреттегі сұраққа жауап алу.
Т - өзбек ханмен жасасқан «ант беріскен шартты»бұзған, 1582 - 1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған? Тәуекел хан
Ә –Ресей бодандығын алған, ниет білдірген кіші жүздің ханы? Әбілхайыр хан
У – 1711 ж. Абылай кімнің шаңырағында дүниеге келді? Уәли
К – Қазақ хандығының алғашқы хандарының бірі? Керей
Е – Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп сайлап, 1598 – 1628ж. ж. хан болды? Есім хан
Х – 1582 ж. Тәуке хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, 1538 – 1580 ж. ж. ел билеген қай ханның кегін қайтарды? Хақназар хан
А – Үйсін Төле бидің түйесін бағып, Сабалақ деген ат берген 1771 – 1781 ж. ж. қазақ хандығын билеген хан? Абылай хан
Н – 1991 ж. 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш Президенті. Н.Назарбаев
2- тапсырма «Қашан? Қайда? Не болды?» кестені толтырады.

Аңырақай шайқасы .....................................

Ақтабан шұбырынды....................................

Қалмақ қырылған...........................................

Орбұлақ шайқасы..........................................

3-тапсырма. «Қызық екен» ойынында 15 сұраққа жауап алу.

1.1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болды: Қайып.
2. XVII ғасырдан бастап Қазақстанға қауып төндірген мемлекет. Жоңғар хандығы.
3. Жоңғарияның Қазақстанға жорықтар ұйымдастырудағы мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.
4. 1710 жылы үш жүздің өкілдері басып қосып, жоңғарларға қарсы күрес мәселесін талқылаған жер. Қарақұм.
5. 1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер. Аякөз өзенінің бойы.
6. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
7. Қазақ қолының Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерін талқандаған жыл. 1718 жыл.
8. Жоңғардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кірген жылы. 1723 жыл.
9. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән. «Елім-ай».
10. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған өңір. Жетісу.
11. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек.
12. Қазақ әскерлерінің 1726 жылы жоңғар әскерін женген жер. Бұланты өзенінің жағасы.
13. Қазақтардың жоңғар әскерін женген Бұланты өзенінің жағаыс кейіннен аталды: «Қалмаққырылған».
14. «Қалмаққырылған» шайқасынан кейін барлық қазақ жасақтары жиналған Қазақстанның оңтүстігіндегі тау. Ордабасы.
15. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай түбінде жоңғарларға қарсы соққы берген қазақ жасақтарына басшылық жасады: Әбілқайыр.

4- тапсырма. «Кезбе тілші» ойынында бір оқушы тілші болып бүгінгі жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.

V. Үйге тапсырма: Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі оқу және қосымша тест сұрақтарын дайындау.

VІ. Бағалау: Сабақты бағалау мен бақылау төмендегі кесте бойынша жүргізіледі.

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. З.А.Джандосова Қазақстан тарихы Алматы 2019ж.

2.А. Артықбаев, М. Қойгелдиев Қазақстан тарихы 2010 ж.

3. Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» Алматы 2003 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ