Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қоғамдық және азаматтық мәртебесін қорғау үшін құқықтары мен міндеттерін заңның талабына сай өзін-өзін құқықтық тұрғыдан тәрбиелеуге баулу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, пікірлесу;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакаттар, қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі;
-
Үй тапсырмасын тексеру;
-
Жаңа сабақ.
-
Күнделікті көрініс.
-
Дебат – «Қылмыс неден туындайды?»
А) Тәртіп бұзу дене не?
Ә) Темекі мен маскүнемдіктің зияны неге әкеліп соғады?
Б) Тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы.
В) Қылмыс дегеніміз не?
Г) Қорытынды пікір.
6. Ой қозғау. Қорытынды.
Сабақ эпиграфы: «Құқығыңда сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа»; «Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Мұғалім: Қылмыс – қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігінен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстық формальді белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады.
Құқық бұзушылық – құқыққа , оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқықбұзушылық – нақтылы құбылыс. Оны нақты адам белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормалардың қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады.
Құқық беру әдісі
Құқық нормалары
Міндеттеу әдісі
Рұқсат ету әдісі
Тыйым салу әдісі
Күнделікті көрініс: Ауыл іші. Түн. Топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреу атып тұрып, айқайлап шақырды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті. (Бұл жағдаятты талқылау үшін жалпы сынып ой бөлісіті).
Оқушыларға сұрақ: «Сендердің түсініктеріңде тәртіп бұзу деген не?»
1-оқушы: Менің ойымша, тәртіп бұзу дегеніміз – мұғалімге дөрекі сөйлеу, сабақтан қашу, өзгелерге кедергі келтіру және т.б. Бұл мектепке қатысты тәртіп бұзушылықтар. Ал мектептен тыс жағдайда біреуге өрескел қылық көрсету, алдау, ұрлық жасау, т.б.
Мұғалім: Ал, оқушылар, қылмыс неден туындайды деп ойлайсыңдар?
2-оқушы: Темекі тартудан. Темекі денсаулыққа зиян, бұл никотинге бағыныштылық туғызады. Сол бағынышты болған никотин керек уақытта табылмай қалған жағдайда, ол адамның жүйке тамыры жұқарып, тіпті өзін-өзі ұстай алмай, бір қуіпті қатерге ұшырауына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
3-оқушы: Мен ішімдіктен деп ойлаймын, сол себепті оның зиянды әсерлеріне тоқталғым келеді:
-
Арақ ішкен адам ақыл-есінен айырылып, жындыға айналады;
-
Маскүнемдік ағайын-туыс арасына араздық салады;
-
Арақ адамды арсыздыққа, опасыздыққа, зинақорлыққа жетелеп, абыройынан айырады.
-
Арақ барша жамандыққа жол ашып, қылмысқа итермелейді.
4-оқушы: Ішкілікке салынған адамдар қоғам үшін аса қауіпті, себебі олар өз істеріне жауап бере алмай, ұрлыққа, қылмысқа баруы мүмкін.
Мұғалім: Оқушылар, сендер арақтың, темекінің зиянды жақтары туралы өте жақсы айттыңдар. Пікірталасымызды одан әрі өрбіту үшін сендерге келесі сұрақ: тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы бар ма?
5-оқушы: Тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы жоқ. Себебі, менің ойымша, бүгінгі күнделікті тәртіп бұзып жүрген бала ертеңгі қылмыскер. Тәртіпті бұзушылардың бойы жамандықтарға үйреніп кетеді де қылмысқа бейім болып тұрады.
6-оқушы: Мен бұл пікірге толық келісемін. Себебі, тәртіп бұзушылық балалықпен, білместіктен болуы мүмкін, оның салдары ауыр емес. Меніңше, тәртіп бұзу – ол әкімшілік құқық бұзу болып есептеледі.
7-оқушы: Қылмыс – ол қасақана жасалады. Масалы: ұрлық жасайды, кісіні тонайды, адам өлтіреді. Мұның қоғамға қаупі өте ауыр. Ал бұзық болып жұрген жас өспірім баланы ертеңгі қылмыскер деп айтуға түбірлі қарсымын. Жас кезінде бұзық болған, яғни тәртіп бұзған қаншама ағаларымыз қазір үлкен адамгершілік иелері, отбасы отағалары, адал еңбек етушілер.
Мұғалім: Әңгіме өте қызықты өрбуде, біз тақырыбымызды әрі қарай өрбіту үшін қылмыс дегеніміз не? Оның анықтамасына тоқталайық.
8-оқушы: Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел кезеңі. Ол заң тыйым салған, заңмен жазаланатын өрескел қылықтар.
9-оқушы: қылмыс істеген кезінде 16 жасқа толған адам жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартылады, мысалы:
-
Кісі өлтіргені үшін;
-
Қасақана денеге жара салғаны үшін, денсаулығына зиянын келтіргені үшін;
-
Әйелді зорлағаны үшін;
-
Қарақшылыққа шабуыл жасағаны үшін;
-
Тонағаны үшін, т.б. (Слайдпен көрсетеді)
Мұғалім: Қылмыстық жауапкершілікке адам 14 жастан бастап тартылады екен. Әрбір баланың үйіндегі ата-анасы, мектептегі мұғалімдері, менің білуімше, адамгершілікке тәрбиелейді. Бірақ, қоғамымызда жасөспірімдердің қылмыс жасауы дегенмен тыйылып жатқан жоқ. Сонда, балалар, жасөспірімдерді қылмысқа қандай жайттар итермелейді?
10-оқушы: Менің пікірімше, (слайд) қылмысқа итермелейтін жайттар: еліктеушілік, қызғаныш, кек қайтару, қастандық, жетіспеушілік.
11-оқушы: Менің ойымша, сабақтан қашу, нашар оқу, мектептегі жағдайы төмен отбасының балаларынан шығады. Себебі, қазіргі кезде көп жоғары оқу орындары ақылы, ал ол бала өзінің отбасының жағдайын көріп тұрып, жоғары оқу орнына түспек түгілі, күндерін зорға көріп отырса, оның оқуын қалай төлейді?міне, осындай себептер баланы артқа тартады.
12-оқушы: Менің пікірімше, әлеуметтік жағдай емес, әрбір адамның іс әрекетіне оның сана сезімі, адамгершілігі әсер етеді.
Мұғалім: Сонымен, оқушылар, бүгінгі тақырып аясында өте жақсы, тиянақты өз ойларыңды жақсы білдірдіңдер. Ал, қылмыстық іс-әрекет үшін 14 жастан бастап жауап беретіндігімен таныстыңдар. Ендеше, оқушылар, біз қандай өмірді таңдаймыз?
Оқушылар: Салауатты өмір салтын!
Мұғалім: Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол – мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ. Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыңдар? (Ата-ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамыз айтқандай, «Көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Слайдтан екі сурет көрсетіледі: 1) тіп-тік, әдемі салынған үйдің суреті; 2) фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Ата-аналар ойы тыңдалады.бұдан соң бірінші сурет – тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екіншісі – тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан-жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері», - деп В.А.Сухомлинский айтқандай, тәрбиешілерінің алғашқы тәрбиесі ерте бастан, яғни бесіктен басталуы тиіс. Ал екінші сурет – бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Мұғалім: Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі. Қылмыс жасағаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Қылмысқа байланысты қандай пікір түйдіңдер?
1-оқушы: «Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа».
2-оқушы: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды».
3-оқушы: «Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Ата-аналар тарапынан тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Табалдырықтан басталған тәрбиеге өзекті мәселесі ретінде қарап, жұмыла оң ықпал еткен дұрыс.
Мұғалім сөзі: Жүсіпбек Аймауытұлы: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі», - деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден-бір жауапты, ата-ана, өздеріңіз.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты рөлді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындылынады.
Жетіспеушілік
Еліктеушілік
Қылмысқа итермелейтін жайттар
Қастандық
Қызғаныш
Кек қайтару