Материалдар / Қылмыс неден туындайды?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қылмыс неден туындайды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
2107
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қылмыс неден туындайды?



Дайындаған: Байқоныс М



Сабақтың тақырыбы: «Қылмыс неден туындайды ?»

Сабақтың мақсаты: Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, бойларын жаман әрекеттерден аулақ болуға баулу, адамгершілікке, мейірімге тәрбиелеу, сонымен қатар қылмыс неден туындайтындығын түсіндіріп, оның алдын-алу шараларын қарастырып, әрбір қылмыстық әрекетке жауапқа тартылатындығын және қылмыстық жауапкершілік деген ұғымды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Пікір-сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабағымыз мектебімізде өтіп жатқан құқық апталығына арналады.Бүгінгі тақырып аясында өздеріңе берілген сұрақтарға емін-еркін жауап бере алады деп ойлаймын.

Сонымен балалар сендерге алғашқы сұрақ сендердің түсініктеріңде тәртіп бұзу деген не?

Оқушы: - Исмайлова. Менің ойымша тәртіп бұзу дегеніміз-сабақта дөрекі сөз қайтару, сабақтан қашу т.б. бұл мектепке қатысты тәртіп бұзушылықтар.

Мұғалім: Пікір сайысымызды одан әрі өрбіту үшін сендерге келесі сұрақ: Тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы бар ма?

Оқушы: Гүлназ.Тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы жоқ. Себебі менің ойымша бүгінгі күнделікті тәртіп бұзып жүрген бала ертеңгі қылмыскер деп ойлаймын. Себебі тәртіпті бұзушылардың бойы жамандықтарға үйреніп кетеді де қылмысқа бейім болып тұрады.

Оқушы : Жадыра. Ал мен Гүлназдың пікіріне толық қосыламын.Себебі, тәртіп бұзушылық балалықпен, білместікпен болуы мүмкін және оның салдары ауыр емес.Меніңше тәртіп бұзу ол әкімшіліктік бұзу болып есептеледі. Ал қылмыс ол қасақана жасалады.Мысалы: ұрлық жасайды, кісі тонайды, адам өлтіреді.Мұның қоғамға қаупі өте ауыр. Ал бұзық болып жүрген жасөспірім баланы ертеңгі қылмыскер деп айтуға түбірлі қарсымын.Жас кезінде бұзық болған қаншама ағаларымыз, қазір үлкен адамгершілік иелері, отбасы отағалары, адал еңбек етушілер.

Мұғалім: Әңгіме өте қызықты өрбуде, біз тақырыбымызды ашу үшін қылмыс дегеніміз не?

Оқушы: Нұрбол. Қылмыс-қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі.Ол үшін қауіпті заң тыйым салған заңмен жазаланатын өрескел қылықтар қылмыс істеген кезінде 16 жасқа толған адам жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де, жауапқа тартылады.Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де, жауапқа тартылады:

  • Кісі өлтіргені үшін;

  • Қасақана дене жара салғаны;

  • Әйелді зорлағаны үшін;

  • Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін;

  • Тонағаны үшін т.б.

Мұғалім: Қылмыстық жауапкершілікке адам 14 жастан бастап тартылады екен. Әрбір баланың үйіндегі ата-анасы, мектептегі мұғалімдері менің білуімше адамгершілікке, мейірімделікке тәрбиелейді.Бірақ қоғамымызда жасөспірімдердің қылмыс жасауы дегенмен тыйылып жатқан жоқ.Сонда балалар, жасөспірімдерді қылмысқа қандай жәйттер итермелейді?

Оқушы: Менің пікірімше қылмысқа итермелейтін жайттар еліктеушілік, қызғаныш, кек қайтару, қастандық, жетіспеушілік т.б.

Оқушы: Олжас. Ал менің ойымша сабақтан қашу, нашар оқу, мектептегі жұмыстарға белсене қатыспау, сонымен қатар қылмыстық іс-әрекетке әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларынан шығады деп ойлаймын. Себебі, қазіргі кезде көп жоғары оқу орындары ақылы, ал оқу орнына түспек түгілі күндерін зорға көріп отырса оның оқуына қалай төлейді?Міне, осындай себептер баланы артқа тартады, оның бойында алға ұмтылуға жігер болмайды.

Оқушы: Меруерт.Мен бұл пікірге түбірімен қарсымын, себебі қазіргі таңда 11-сыныпты бітіргенде ұлттық бірыңғай тестті жақсы тапсырса, кез-келген жоғарғы оқу орнына есік ашық. Мамандақ иесі болып, отбасына көмектесуге болады.

Мұғалім: Балалар сендердің айтуларың бойынша қылмысқа итермелейтін жайттар баланың отбасның әлеуметтік жағдайы әсер етеді дейсіңдер, бірақ біздің арамызда отбасның әлеуметтік жағдайы төмен балалардың сабақ үлгерімі жақсы, өзі тәрбиелі балаларды көріп жүрміз ғой. Ал енді кейде керісінше, бәрі емес әрине кейбір отбасның әлеуметтік жағдайы жақсы болса да тәртіп бұзуға бейім, сабақ үлгерімі нашарлар бар ғой. Әрине сендердің ойларыңды сараптап отырып, әлеуметтік жағдайы белгілі бір дәрежеде әсер ететін шығар, бірақ бұл жауаптар менің сұрағымның жауабын толық ашпаған сияқты.Қане кім тағы қандай пікір айтады?

Оқушы: Айгерім.Менің пікірімше әлеуметтік жағдай емес, әрбір адамның іс-әрекетіне оның сана-сезімі адамгершілігі әсер етеді.

Оқушы: Бабашев. Мен айтылып жатқан пікірлердің бәріне қосыламын, сонымен қатар өзімнің де мынадай ойымды білдіргім келеді. Бізге әрине әке-шешеміз де, мұғалімдеріміз де, жаман әдеттердің зиянды жақтары туралы айтады, осында оқып жүрген үлкен сыныптың оқушылары мектептің бұрышында тұрып сабаққа кешігіп кіріп жатқандарын, өздерінен кішілерге дөрекі сөйлеп, кейде мәдениетті емес сөйлеп жатқандарын жиі көреміз.Соларға еліктеп өсеміз.Міне тәртіп бұзу, тәртіптен ауытқу еліктеуден басталады.

Оқушы: Амина.Мен сенің пікіріңе қарсымын. Сен үлкендерге еліктеймін дейсің, ендеше жақсы жұптарына неге еліктемейсің? Халқымызда мақал бар: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген.Сондықтан тәртіп бұзуға, қылмысқа итермелейтін жайттар еліктеушілік емес, әрбір адамның іс-әрекетіне оның сана сезімі әсер етеді деп ойлаймын.

Мұғалім: Балалар, сендер тәртіп бұзушылық пен қылмыстың айырмашылығы туралы өте жақсы айттыңдар. Енді көңіл қойып «Кім кінәлі?» деп аталатын көріністі тамашалап талдайық.

Жүргізуші: Бұл сыныпта 28 оқушы оқиды. Біздің басты кейіпкеріміз Айнұр бұл сыныпта 1-сыныптан бері оқиды, сабақ үлгерімі белсенділігі жақсы еді, оның анасының өмірден қайтқанына 3 жыл болды, ал әкесі Мырзабай кейінгі кездері қатты ішкілікке салынып жүр. Айнұрдың сабағы да, мінез-құлқы да күрт өзгерген.

Сабаққа кірген мұғалім:

-Қане кім сабақ айтады? Ең соңында қол көтермей отырған қыз сен айта қойшы.

Айнұр: Кеше мектептен кеш қайтып едім, біздің үйде жарық жоқ, кешіріңізші келесі сабаққа дайындалып келейінші.

Мұғалім: О-О-ой, осы сен қыз-ақ бажырайтып мына қызыл жемпіріңді тастамайсың, аппақ кофточка киіп жарқырап келсең болады ғой, е жарқыратып бір дұрыстап сабақта айтпайсың. Сендердің негізгі сыныптарың жақсы, тек мына «кімдер» сияқты болмаса, кім еді ей атың?

Айнұр: Айнұр.

Жүргізуші: Қоңырау болып балалар сыртқа шықты.

Айжан: -О-О-о қыздар бүгін балмұздақ жеуге кафеге барайық, кімде қанша ақша бар?

Нұрлан: - Менде 500 теңге бар

Сәттібек: - Менде 430-дай бар

Әйгерім: -Менде 250 теңге бар

Ұялып қалтасына қолын қинала салған Айнұр «Менде 20 теңге бар»-деді.Айжан және басқалары оны қоштап , Айнұрды мазақ етіп күліп, «20 теңгемен қазір кім қайда барады?» деп келеке етті.

Мұңайып өкпелеп кетіп бара жатқан Айнұрдың артынан бармақшы болған Нұрсұлтанға

Айжан: Үндемеші, кетсе кете берсінші, киімін қарасай, қасында жүруге де намыстанасың.

Жүргізуші: Мектептен қапа болып келген Айнұр, өзінің сыныптағы ең жақын досы болған, осыдан 3 жыл бұрын көшіп кеткен Ақерке деген жан дос қызына хат жазды.

Айнұр: Саламатсың ба, Ақерке. Қалай денсаулығың, сабағың жақсы ма? Жақсы болуыңа тілектеспін.

Ал енді өзіме келетін болсам жағдайым орташа. Ал ауа-райы болса күн бұлтты, қара тұман басып күннің қабағы бір ашылмай-ақ қойды. Ал менің көңіл-күйім осы табиғатпен үндес. Сен ауылдан көшіп кеткелі бері менің жан-дүниемді түсінетін жан жоқ. Сондықтан да ешкіммен дос болғым келмейді. Міне, сабаққа бармағаныма он күн болды. Бірде-бір сыныптасым іздеп келуге жарамады.Ал сынып жетекшіміз Гүлбира апай екі рет келді, бірақ мен терезеден қарап апайды көргеннен кейін тығылып қалып, есікті ашпай отыра бердім. Ал әкеме менің өмірде барым, жоғым бәрібір. Сылқия араққа тойып алып көшеде ұйықтап қалады.

Мен үшін өмір ешқандай мағынасыз, өмірге келгеніме өкінемін. Әттеген-ай менің Анашым тірі болса, мен сабақтан қалмай барар едім. Өзгелер сияқты әдемі киінер едім, әкем де, ішкілікке салынбас еді ғой.

Кейінгі күндері ұйықтар алдында өзіммен-өзім сөйлесіп, Анашым, маматайым мені неге ерте тастап кеттің, одан да өзіңімен бірге ала кетші- деп тілеп жатып ұйықтап кетемін. Ал кейде өмірден түңіліп өз-өзіме қол жұмсағым келеді.Өзің барда сенімен сырласып Анашыма деген сағынышымды да, әкемнің ішкілікке салынып жүргенін де айтып мұңымды сыртқа шығарып алатын едім. Ал қазірше?... Менің жазығым не?!...

Өзіңнен маған сүйеніш болар хат күтемін.

Мұғалім: -Ал, енді балалар осы көріністе байқаған Айнұрдың осыншама көңіл-күйінің жабырқауына, өмірден түңілуіне не себеп болып тұр. Бұл жағдайды алдын алуға болатын ба еді?

Оқушы: Амина. Меніңше, бұл жерде кінәлі сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі Айнұрдың көңіл-күйін осындай жағдайда жеткізбеу шараларын жасау керек еді. Яғни сыныптағы балалардың оған қарым-қатынасының дұрыс болуын қадағалауы тиіс еді. Қыздар, ұлдар оған мейіріммен қараулары керек еді.

Бейсенбаев: - Менің пікірімше, Айнұрдың анасынан айырылуы-ол тағдыр. Ал мұндай күйде жүруіне бір ғана кінәлі адам-әкесі, оның ішкілікке салынуы. Егер әкесі ішкілікке салынбағанда, бәрі дұрыс болар еді.

Оқушы: Бақытжан.-Бұл жердегі әңгіме өмірден жасыған қызбала туралы болып тұр, ол оның орнында егер ер бала болса, ол мұндай тығырықтан шығу үшін ұрлыққа баруы немесе біреуден, өзінен кіші адамнан ақша тартып алуы мүмкін еді.

Мұғалім: - Сонымен оқушылар, бүгінгі тақырып аясында өте жақсы, тиянақты өз ойларыңды жақсы білдірдіңдер. Темекінің, арақтың зиянды жақтары ұғыныңқы білім алдыңдар, сонымен қатар мектеп қабырғасында тәртіпсіз болып жүргендер туралы көзқарас та жақсы емес болатынын білдіңдер.

Ал қылмыстық іс-әрекет үшін 14 жастан бастап жауап беретіндігімен таныстыңдар. Ендеше балалар біз қандай өмірді таңдаймыз.

Барлық оқушылыр: - Салауатты өмір салтын таңдаймыз?

Мұғалім: - Өте жақсы, алған беттеріңнен қайтпаңдар. Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келіп, сендерге кеңес ретінде, өзі бір-ақ рет берілетін және қайталанбайтын өмір деп аталатын үлкен жолды жүріп өтіп, артымызға қайырылып қарағанда өкінбейтіндей болайықшы, оның баға жетпес құндылығын, мәнділігін бала жастан біліп өсейікші.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!