Материалдар / Қылмыс пен жаза
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қылмыс пен жаза

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге және психологқа жарамды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
1214
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қылмыс және жеткіншек



Сабақ барысында оқушыларды дөңгелек үстел басына 5 - 6 – дан бөліп отырғызып, қылмыс туралы 2 түрлі көрініс көрсетеді.



1 –көрініс.



Самал қасындағы отырған Эльмираның қаламсабын ұрлап алады. Эльмира болған жағдайды сынып жетекшісіне айтады. Сынып жетекшісі:

  • Самал Эльмираның қаламсабын алдың ба –дейді.

  • Жоқ тәтей алған да, көрген де жоқпын,- деп жауап береді.

Ақырында Самал Эльмираның қаламсабын алғанын мойындайды. Сынып жетекшісі оған ақылын айтады.

- Самал, сенің бұл істеген ісің мектеп оқушысының ережесін бұзғаныдығың.

Эльмираның қаламсабын рұқсатсыз алуың сенің қылмыс жасағандығың.

Енді істі қайталама. Эльмирадан кешірім сұра да, қаламсабын өзіне қайтарып бер.

- Эльмира, кешір! Міне, қаламсабың. Енді бұндай істі қайталамаймын - деп, Самал кешірім сұрайды.

Арада бір ай өтеді. Қазақ тілі сабағы өтіп жатыр. Эльмира оқулыққа алып келген ақшасын ұстап отырады. Оны Самал көреді. Эльмира мұғалімнен сұранып сыртқа шығып кеткен кезін пайдаланып, ақшасын жымқырып, ұрлап үлгереді. Сол кезде сынып жетекшісі келіп оқулықтың ақшасын сұрайды. Эльмира сөмкесін ашып ақшаны алып бермекші болғанда, ол жоқ болып шығады.

  • Жаңа ғана ақшамды сөмкеме салып кеткем. Енді жоқ. Тағы да Самал алды ақшамды,- деп жылап жібереді.

  • Самал, Эльмираның ақшасын алдың ба, алсаң өзіне қайтарып бер.

Самал мойындамайды. Сабақ бітеді. Оқушылар үйлеріне тарайды. Мұғалім мектептен қайтып келе жатып, Самалдың базардан тәтті сатып алып тұрғанын көреді.

  • Самал, сен ақшаны қайдан алдың?

  • Жаңа жолда мамам кездесіп ақша берді,- деп өтірік айтады.

- Ертең сбаққа келгенде мамаңды ерте кел.

Ертесіне Самалдың мамасынан: «Кеше Самалға қанша ақша бердіңіз ба?» деп сұрайды.

Мамасы қызына ешқандай ақша бермегенін айтады. Сосын сынып жетекшісі Самалдың мамасына болған жағдайды баяндап береді.



- Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады - деген қазақтың мақалы бар. Мен сіздің қызыңыз туралы ащы шындықты айту үшін шақырдым. Істің алдын алып, сіз болып, біз болып Самалды дұрыс жолға салып, тәрбиелеуіміз керек. Самал тек ұрлық жасап қана отырған жоқ, ол өтірік айтып, бізді алдап отыр.

Қызының ісі үшін қатты ұялған анасы «Қызыммен үйге барып жеке сөйлесейін. Енді ондай қылық жасамайды. Өзім қадағалап, тәрбиелеймін» деп уәдесін беріп, үйіне кайтады.Үйіне келген соң Самалды қасына отырғызып, ақылын айтады.

- Қызым, сен мені жолдастарыңның алдында жерге қараттың. Кірмегенім қара жердің тесігі болды. Мен сені тәрбиелеп, барымды алдыңа тосып, ешкімнен кем қылмай отырғанда, неден кемтарлық көріп ұрлыққа бардың. Сенің болашағыңнан үміт күтіп, саналы, білімді азамат болады деп, еңбектеніп тапқан таянғанымды алдыңа тосып отырғанда, бүл не қылығың? Өзің ойланып көрші.

Самал ойланып, өзінің кінәларын түсініп, мұңайып қалады.

  • Мама, кешіріңіз! Енді бүндай іске бармаймын. Сізді ұятқа қалдырмаймын. Үмітіңізді ақтаймын.

  • Кешеғі жолдасыңның ақшасын апарып, кешірім сұрауды ұмытпа.

Арада бірнеше жылдар өтеді. Самал тәртіпті, үлгілі, жақсы оқитын оқушы катарына қосылады.

Үстел басындағы отырған оқушыларға сұрақтар:

1. Самалдың істеген істерін қалай бағалайсын?

2. Самалдың мамасы туралы ойларың қалай?

3. Сынып жетекшісінің орнында сен болсаң қалай істер едің?

4. Эльмира туралы не айтар едіңдер?

5. Самалдың орнында өзіңді қойып көрші, не істер едің?



2 – көрініс.



( Қазақтың ертедегі аңыз-әңгімесі желісімен)

Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны куырып береді.

Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауғын ұрлап әкеліп анасына береді. Қорадағы тауқтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар, жесір әйелдің ала сиырын ұрлап, сойып жатқан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.



Би: Сен бес баласы бар,өзі сырқат жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балалардың аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң дарға асу.

Жігіт: Дат, тақсыр!

Би: Датың болса айт.

Жігіт: Маған анаммен сонғы рет тілдесуге рұқсат етіңіздер.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, маған тіліңізді көрсетіңізші ( Анасы тілін көрсетеді).

Уәзір: Сені жарық дүниеге алып келген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Жігіт: Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде анам осы тілімен маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екендігін түсіндіріп, ақылын айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын,- деп жауап береді.

Би: Әй, балам, бүл сөзіңнің жаны бар екен, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті.

Ұры әйел болсын, еркек болсын қолын шауып тастау керек. Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабындар.

Сарбаздар жігіттің қолын айбалтамен шабады.Өкініп тұрып жігіт

  • Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамандар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел-жұрттан кешірім өтінемін.



Оқушыларға сұрақтар.



1. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме әлде, анасы ма?

2. Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің?

3. Бидің шығарған үкімі дұрыс па?

4. Бидің орнында болсаң қандай жаза қолданар едің?



Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың хадистерінде 5 түрлі қылмыс жасаған адам қанша садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды делінеді. Соның бірі-ұрлық.

1. Ұры байымайды, сұқ семірмейді.

2. Ұрлық түбі - қорлық.

3. Біреудің ала жібін аттама.

4. Ұрлық ине ұрлаудан басталады.

5. Ақылды ұры ауылды ұрламайды.

6. Ұрының қасында ұры жүреді.

7. Қарақшыдан туған қалтаға түседі.

8. Ұрлық адамға ұят, итке сыбаға.



Ұрлықтың екі түрі болады:

1. Жеке меншікті ұрлау.

2. Қоғамдық меншікті ұрлау.

Қылмыс жасауға ұмтылу да – қылмыс. Қылмыс істеген адамдарға негізгі және қосымша жазалар қолдану мүмкін. Негізгі жазаға жататындар мыналар:

  • Бас бостандығынан айыру;

  • Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзету жұмыстары;

  • Белгілі лауазым иесі болу құқығынан айыру;

  • Айып салу.

Жазалардың айрықша шарасы өлім жазасына кесу – қасақана кісі өлтіргенде қолданылатын жаза. Өлім жазасы 18-ге толмаған қылмыскерлер мен жүкті әйелдерге қолданылмайды.

Бас бостандығынан айыру жазасын жасы толмағандар еңбекпен тәрбиелеу колонияларында өтейді. Еңбекпен тәрбиелейтін колониялар екі түрге бөлінеді: жалпы және күшейтілген режимдегі.

Жалпы режимдегі колонияларда жеңіл қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді. Ауыр қылмыс жасағандар күшейтілген режимдегі колонияда жазасын өтейді.



Бұл қылмысқа жататындар:

  • Бандитизм;

  • Пойызды апатқа ұшырату;

  • Мемлекеттің немесе жеке адамның меншігін тонау;

  • Қасақана кісі өлтіру;

  • Денені ауыр дәрежеде жарақаттау;

  • Әйелдерді зорлау;

  • Милиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау;

  • Атылатын қару – жарақ, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тонау.

Кез келген Қазақстан азаматы өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге, ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға міндетті. Конституцияның 9 бабында «адамның және азаматтың ар – намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуға болмайды» деп жазылған.

Міне, мен бұл тәрбие сағатымды оқушыларға осындай бағытпен құқық, заң туралы тәрбие беруге ұмтылдым.







«Т.Есімжанов атындағы ЖББОМ»КММ







Қылмыс және жеткіншек.











Орындаған: ___Ахунова.М



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!