400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде тақырыбында оқу мақсатына сай жасалған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құқық негіздері 10-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт Мектеп баспасы Авторлары: А.С.Ибраева , С:К.Есетова, Г.Т.Ищанова, С.Б. Гончаров



Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде

10.2.4.1 - қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау;

10.2.4.2 - нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру

Тапсырма 1 Жуан-жіңішке сұрақтар

  1. Қылмыстық құқық дегеніміз не?

  2. Құқықбұзушылықтың ең ауыр түрі қандай?

  3. Қылмыстық құқықтың міндеттері

  4. Қылмыстық құқық жүйесі қандай бөліктерге бөлінеді?

  5. Қылмыстық құқық субьектілері кімдер?

Тапсырма 2 Сәйкестендіру

Қылмыстық құқық міндеттері мен негізгі функцияларын айырып ал

  1. Қылмыстық құқық міндеттері

А

Қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау

В

Қылмыстық құқықтың қорғау функциясы

  1. Қылмыстық құқық функциялары

С

Қылмыстың алдын алу

Д

Қоғам мүшелерін тәрбиелеу

Е

Алдын ала ескерту

Ж

Қылмыстық құқықтың ынталандыру функциясы



Тапсырма 3 Мағынаны таны

Экранда қылмыстық құқықтың ... берілген.



Тапсырма 4 Контекстен жұмыс

1.Жеті жарғыда қандай мәселелер көрініс тапқан?

2.Қылмыстық істерді ата

3.Қазақстан мемлекетіндегі алғашқы Қылмыстық Кодекс қашан күшіне енген?

4. Екінші Қылмыстық Кодекс ше?

5Shape1 . Тәуелсіздік алғаннан кейін қашан күшіне енді?

Тапсырма 5 Т кестесі

Қылмыстық Кодекстің 2 бағыты

Shape2









Тапсырма 6 Терминдермен жұмыс

Қылмыстық құқық нормалары құрылымы

Диспозиция-

Диспозицияның 4 түрі -

Санкция-

Гипотеза-













Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Жуан-жіңішке сұрақтар

1.Қылмыстық құқық дегеніміз не? Қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын - заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады.

2.Құқықбұзушылықтың ең ауыр түрі Қандай? Қылмыстық құқықбұзушылық

3.Қылмыстық құқықтың міндеттері -қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, алдын алу, қоғам мүшелерін тәрбиелеу

4.Қылмыстық құқық жүйесі қандай бөліктерге бөлінеді? Жалпы,Ерекше

5.Қылмыстық құқық субьектілері кімдер? Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамдар

Тапсырма 2 Сәйкестендіру

Қылмыстық құқық міндеттері мен негізгі функцияларын айырып ал

  1. Қылмыстық құқық міндеттері

А

Қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау

В

Қылмыстық құқықтың қорғау функциясы

  1. Қылмыстық құқық функциялары


С

Қылмыстың алдын алу

Д

Қоғам мүшелерін тәрбиелеу

Е

Алдын ала ескерту

Ж

Қылмыстық құқықтың ынталандыру функциясы

1А, С, Д 2 В,Е, Ж

Тапсырма 3 Мағынаны таны

Экранда қылмыстық құқықтың жалпы қағидаттары берілген

Тапсырма 4 Контекстен жұмыс

1.Жеті жарғыда қандай мәселелер көрініс тапқан? Қылмыстық құқық мәселелері

2.Қылмыстық істерді ата - Мемлекетке сатқындық жасау, адам өлтіру, тонау, барымта, билікке бағынбау, өртеу, жалған сөйлеу қылмыс кезінде

3.Қазақстан мемлекетіндегі алғашқы Қылмыстық Кодекс қашан күшіне енген?

1960 ж 7 қаңтар

4. Екінші Қылмыстық Кодекс ше?1997 ж

5. Тәуелсіздік алғаннан кейін қашан күшіне енді?2015 ж 1 қаңтар

Тапсырма 5 Т кестесі

Қылмыстық Кодекстің 2 бөлімі: Жалпы және Ерекше

Жалпы: Ұғымдар, қылмыстық заңдар, қылмыс пен жаза ұғымы, қылмыс құрамы элементтері, жаза белгілеу ережелері, қылмыстық жауаптылықтан босату, жазалау

Ерекше: 18 тарау (қылмыс құрамы, жаза, мерзімі)

Тапсырма 6 Терминдермен жұмыс

Қылмыстық құқық нормалары құрылымы

Диспозиция-Нақты қылмыстық әрекеттің белгілерін сипаттайтын бап бөлігі

Диспозицияның 4 түрі – қарапайым, сипаттау, бланкетті, сілтемелік

Санкция- жасалған қылмыс түрі мен жазалау мөлшерін анықтайтын бөлігі

Гипотеза- қылмыстық құқықбұзушылықтың жалпы сипаттамасы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
1116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі