Материалдар / Қымызмұрындық мерекесі

Қымызмұрындық мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда "Қымызмұрындық мерекесі" атты тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар жарияланған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
49
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 9-11 сыныптар "Өсиет" аталар мектебі,"Ғибрат" әжелер мектебі, "Ұлағат" әкелер мектебі, "Мейірім" аналар мектебі жобаларын іске асыру

Құндылық:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;



АР-ҰЯТ

- Сөзіне берік, ісіне адал болу;

-Халқына адал қызмет ету;


ТАЛАП

  • Білуге, жаңаны тануға құштар болу;



Сынып сағатының тақырыбы

Мақсатты аудитория

Сынып сағатын жүргізу барысы



Қымызмұрындық мерекесі

Сынып:

10 сыныптар

Стратегиялар

«Болжау» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Менің жобам» әдісі, «Білім қоржыны» әдісі


Дәйексөз:

«Қымызмұрындық—озық дәстүр», «Қымыз –қырық ауруға ем», «Сары қымыз — дертке шипа, денге күш», «Қымыз –Ұлы даланың Ұлы қазынасы»

Кіріспе:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне қарап тұрып, жақсы тілектерін айтады.

Сынып сағатының барысы Сабақтың ортасы
Зерттеу және талдау
:

М

ұғалім: (Слайдтағы суреттерге назар аударып, не бейнеленгенін, суреттердің бір-бірімен байланысын сипаттау ұсынылады.
«Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылар пікірі тыңдалады.)

-Жылқы малына байланысты ұғымдарды атау


II. «Мағынаны тану» кезеңі. Әр ұлттың салт-дәстүрі — алтын қазығы, адастырмас ақ жолы. Өзінің көшпенді, отырықшы тұрмысына тән тағылымдарымен ерекшеленетін қазақ халқы жылқыны алғаш рет қолға үйретуімен де тарихтан орнын белгіледі.


Жылқы өнімі — отқа піспейтін, айран, ірімшік, не сүт болмайтын бие сүтін ашытып, қымыз жасау үрдісін сан жылдар бойы қалыптастырып, дамытқан алаш жұрты оның қасиеті мен қастерін де жоғары бағалаған. Бұл ұлттық сусынымызға қатысты дәстүрдің бірі — Қымызмұрындық.

Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қымызмұрындық мерекесі»

Қай халықтың болмасын дастарханы, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет — ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Мемлекет басшысы: «…Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дейді өз мақаласында.. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Қыс өтіп, жазғытұры жеткенде құлындаған бие байланып, сауылады. Көктемдегі алғашқы қымыз ішуге арналған «Қымызмұрындық» тойын ерекше әзірлікпен қарсы алған. Қымызмұрындықта бие сауатын үй оның сүті қорланып ашытылып, екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемді шақырып, көпшіліктен бата алған. Алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттік, бірлікті меңзейді. Мерекеде үлкендер бапты қымыздан дәм татып, келелі әңгіме құрса, бәйбішелер қымыз баптау сырын келіндерге көрсететін болған.


Қымызмұрындық жыл сайын екі рет атап өтіледі. Біріншісі, бие байланып, қымыз қоры молайған кезде болса, екіншісі, биені ағыттық деген белгімен қымыз маусымы таусылар сәтте жасалады.

III. 1. «Қызығушылықты ояту» кезеңі
а) Тақырып бойынша бес жолды өлең құру «Синквейн» «Қымызмұрындық»
Не?
Қандай?
Не істеді?
Түйін
Синоним
б). Өз ойларымен бөлісу
2.
https://youtu.be/4GGEome49Mc?si=_BkjXvv2N40nrO_v

«Қымызмұрындық мерекесі» туралы бейнебаян тамашалау

3 . «Менің жобам» ұсыныс-пікір кезеңі.
3 қатарға проблемалық сұрақ ортаға тасталады. «Қымыздың қазақ өмірінде алатын орны: мәселе, ұсыныс, шешім». Топ оқушылары алдын ала ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ұлттық тағамдардың беделін көтерудің түрлі жолдарын ұсынады:
Әр қатардың пікірі, ұсыныстары тыңдалады. Ортақ шешім қабылданады.

Рефлексия:
«Білім қоржыны» әдісі арқылы қорытындылау

Қорытынды:

Қымыз – халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Қымыз тарихының алты мың жылдығына орай «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінің өткізілуі де соның айғағы.

Қымыз сапасы бүгінгі күні дәмі, уақыты, шипалық қасиеті, ыдысына байланысты және биенің сауылған кездегі жасына орай бөлінеді.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов: «Бұл тек қана Қымыз емес, халықтың рухы. Қымыз – тірі қан. Халқымыздың, керек болса, мемлекетіміздің асыл қаны»   деген еді. Сондықтан біз қымызға ерекше мән беруіміз керек.

Жылқы қымызы денсаулыққа аса пайдалы екендігі әр уақыт насихатталып келеді. Соған қарамастан, ағзаға пайдалы сусынды аз мөлшерде пайдаланамыз. Оған себеп, әлі де қымыздың маңыздылығына және қажетті мөлшерде пайдасы бар екендігіне түсінігіміз шамалы. Сондықтан жылқы малын көбейте отырып, еліміздің барлық түкпірінде сапалы дайындалған қымыздарды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, оның қасиетін жоғарылатуға қамқорлық жасалу керек деп ойлаймын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ