Материалдар / Қыпшақ хандығы 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыпшақ хандығы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихымызды ұрпаққа таныту,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
541
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі


II бөлім


Педагогтің аты-жөні:

Акшауова Раушан Ыскаковна

Күні:


Сынып:

6 « А»

Сабақтың тақырыбы :

Қыпшақ хандығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда

« Ұлы дала » ұғымын қолдану.


Сабақ мақсаты:

Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау арқылы жауынгерлік қасиетін таныту. Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда « Ұлы дала » ұғымын қолдана отырып ,ата тегіміздің елін ,Отанын сүю қасиетін дәріптеу.


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақ басы


Ұйымдастыру. Амандасу,сыныпты түгендеу.Жағымды ахуал орнату,оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл күйлерін көтереді. Сыныпты топқа бөлу. 1-ден 3-ке дейін санау арқылы топқа бөліну

1-топ «Қимақтар»

2-топ «Қыпшақтар»

3-топ «Қазақтар» Қызығушылықты ояту. «Бұрын,бұрын,қазір,кейін,кейін..» әдісі арқылы сұрақтар қою. Оқушыларға ортағасырлық Қазақстанның саяси картасындағы мемлекеттерді көрсетіп, сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.

- ХІІІғ дейін Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыған мемлекет қалай аталды?

(ХІІІғ-дан бұрын бұл мемлекет Дешті-Қыпшақ деп аталды)

- ХІ ғасырға дейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер болды? (Оғыз, Қимақ, одан бұрын Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары өмір сүрді)

- Қазір біз оқып жатырған кезең -ХІғ-да Қазақстан территориясының көп бөлігін қандай мемлекет алып жатқан? ( «Шығыс Дешті Қыпшақ»)

- Кейін Дешті Қыпшақтың территориясына қандай мемлекеттердің жерлері енді?(Кейін Дешті Қыпшақтың территориясында Ресей, Украина, Кавказ, Қазақстан мемлекеттері пайда болды)

- Қыпшақтардың мұрагерлері, кейін қыпшақтар территориясын иемденген халық? (Кейін қыпшақтардың мұрагерлері қазақтар пайда болды)

Оқушылар қазақ халқы - қыпшақтардың ұрпағы екенін болжау арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.











Оқушылар амандасады,бір біріне жақсы тілектер айтады.

Сұрақтарға жауап береді.











ҚБ

«Дұрыс»

«Жақсы»


www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

6 сынып. Қазақстан тарихы



















Таратпа материал

(карточкалар)

Қосымша

Сабақ ортасы













Сабақтың соңы


Қысқаша шолу.

Қыпшақ хандығы туралы ақпаратты баяндау.

(5 минуттай уақыт ішінде қыпшақтар туралы ең негізгі ақпараттарды баяндап таныстыру. Бейнематериалдан үзінді көрсету. Дешті Қыпшақ деп аталу себебін, басқа жерлерге қарай жылжу, қоныс аудару бағыттарын, екі қанаты мен оның орталықтарын, картадан көрсетіп түсіндіру. Дешті Қыпшақтың шекаралас мемлекеттерін көрсету. Осы сәтте оқушылар ең негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады).

«Сәйкестендіру» әдісі

Жаңа ұғымдармен жұмыс

Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Оқушылар «жұбыңды тап» тапсырмасы бойынша Дешті қыпшақ, яланкуг половшылар, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер ұғымдарын тиісінше мағынасымен сәйкестендіреді.

Дешті Қыпшақ – Қыпшақтар даласы;

Яланкуг – құл;

Половшылар – далалықтар;

Тоқсоба – тоғыз тайпалы;

Бөрілер – ең беделді тайпа;

Дескриптор:

  • жаңа ұғымдардың мағынасын ажыратады;

  • Мағынасына қарай сәйкестендіреді.

2-тапсырма Картамен жұмыс.

Оқушылардың берілген ақпаратты қаншалықты игергенін анықтау үшін контур карта таратылып, оларға Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, оның орталығын және Дешті-Қыпшақпен шекаралас мемлекеттерді белгілеу тапсырылады. Контур картада орындалған оқушылар жұмысы мұғалімге тапсырылады. Сабақтан соң тексеріп, кері байланыс беріледі.

Дескриптор:

  • Контур картамен жұмыс жасау арқылы шекаралас мемлекеттерді белгілейді.

  • Өз ойларын тарихи фактілермен дәлелдейді.

Дешті Қыпшақ аумағы, оған көршілес мемлекеттерді (Қарақытай мемлекеті, Хорезмшах мемлекеті, Византия империясы, Киев Русі, Венгрия);

Батыс және Шығыс Дешті аумағын (Қара теңізден Еділге дейін, Еділден Алтайға дейін);

Сол және оң қанат орталықтарын (Сол қанат-Сығанақ, оң қанат - Орда)

«Бейнематериалмен жұмыс»



«Дешті қыпшақ: құпия таңбалар» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі. Бейнематериалды көріп сұрақтарға жауап беру. Қажет болса, 2 рет тыңдату

1.Дешті Қыпшақ жері М.Жүсіптің сипаттауынша қандай өзендер аралығын қамтыған? Олар Батысында - ..............., Шығысында- .................., Солтүстігінде - ..................., Оңтүстігінде - ................өзендері.



2. Қай жылы Киев Русі мен қыпшақтардың әскері Калқа түбінде моңғолдардан жеңілді?

3. А.Юрченконың айтуынша, қыпшақтардың бір бөлігі моңғол әскеріне қосылды. Екінші бөлігі Дунайға қарай көшіп, ..., ..., ... елдерінде әскери қызмет атқарды.

4. ХІІІ ғасырда Египетке құлдыққа сатылған ер балалар қандай әскердің негізін қалады?

5. Қыпшақтардың әскери ерекшеліктері туралы қандай қорытынды жасауға болады?

Дескриптор:

  • Қыпшақтардың қазақ халқының ата тегі екендігіне қазіргі замандағы жер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректер негізінде дәлел келтіреді.

  • Ұлы Дала, елбөрілі, әскери өнер, көшпелілер, мұрагер кілт сөздерін қолданып, фактілер арқылы дәлелдер береді.



Үйге тапсырма

Жаңа игерілген білімді қайталау, пысықтау.

«Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім» тақырыбына 70 сөзден тұратын ойтолғау жазу.

Рефлексия

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді.




























Жаңа ұғымдардың мағынасын ажыратады.







































Контур картамен жұмыс жасайды,нақты мәлімет келтіреді.


























Бейнематериалды мұқият қарайды,тиісті сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады.







ҚБ

















Презентация









Таратпа материал

(карточкалар)



Қосымша-1







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!