Материалдар / «Қырым қарағайын көшеттерден өсіру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қырым қарағайын көшеттерден өсіру»

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беру педагогтеріне, биологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зерттеу жұмысы тақырыбы:

«Қырым қарағайын көшеттерден өсіру»


Жұмыстың өзектілігі

Қарағай қылқан жапырақты ағаштардың ішіндегі ең үлкен туысы. Көптеген қарағайлар тез өседі және құнды ағаш пен шырын өнімдерін беретін экономикалық маңызды түрлерге жатады. Олардың маңыздылығы топырақ таңдамайды және құрғақшылыққа төзімді. Көгалдандыру жұмыстарында өзінің ерекше ерекшеліктерімен жоғары бағаланады, сөзсіз адамдар арасында қызығушылық тудырады, атап айтсақ : сәнділігімен, беріктігімен, өлшемдері үлкендігімен, жоғары санитарлық-сауықтыру қасиеттерімен және адамға жағымды эмоционалды әсер беруімен.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Батыс Қазақстан облысы аумағында қырым қарағайының Pinus Pallasiana көшеттері арқылы отырғызып, өсіру ерекшелігін зерттеп , көгалдандыруға пайдалану.

Зерттеу жұмысының міндеттері

  • Қырым қарағайын көшеттері арқылы өсіру;

  • Өсу ерекшеліктерін бақылау;

  • Көгалдандыруға пайдалану.



Жұмыс барысы

Қарағай

Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын «тау қарағайы» деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.

Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.

Қарағайдың бүршіктеріэфирмайы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.



Қырым қарағайының биологиялық ерекшелігі қысқаша

Қырым қарағайы Pinus Pallasiana мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш. Қарағайы-салыстырмалы түрде тез өседі, 30-40 жылға дейін, биіктігі 40 метрге жетеді және диаметрі 100 см-ге жетеді және 400 жылға жуық өмір сүреді. Ол жақсы дамыған күшті тамырға ие және тұтас жас көшеттер түзеді. Ол су таңдамайды. Ағаш сүрегі жақсы сақталған және шайырмен бай кәдімгі қарағайдың сүрегіне қарағанда. Кәдімгі қарағаймен салыстырғанда оның биіктігі екі есе және инелер массасы 2 есе көп көмірсулардан тұрады.

Қарағайдың беріктігі мен тұрақтылығына антропогендік факторлар әсер етеді -топырақтың тапталуы және тығыздалуы, төбе бұтақтарының зақымдануы мен сынуына сонымен қатар түтін мен газға төзімді емес. Қарағайдың жаңғағы 10 жылдан кейін ғана пайда болады.



Қысқаша тарихы

Қырым қарағайы Қырымда табиғи түрде өседі және жиі кездеседі, осы қырым қарағайы деген атауға ие болған. 1799 жылы қырым қарағайын Англияға Қырымнан немістің табиғат зерттеушісі Питер Палластан әкеліп өсірген. Содан бері қырым қарағайы екінші атауға ие болған Pinus Pallasiana.



Қырым қарағайын егудің әдістемесі

Қырым қарағайын өсірудің барлық жетістігі көшеттердің сапасына, дұрыс таңдалған аумаққа және күтімге байланысты. Көшеттер отырғызу көктемде немесе күздің басында жүзеге асырылады, олар алғашқы тұрақты суық ауа райы басталғанға дейін тамыры бекіп үлгеру қажет.

Көшеттерді сатып алатын болсаңыз міндетті түрде олардың аурулармен ауырмауын , зиянкестермен зақымдалмағандығын тексеріңіз. Кез — келген көшетте жарықтар, сынықтар, қара дақтар мен көгеру-бұл зақымдану белгісі.







Ш ұңқырлар шамамен — 70 х 80 см болып қазылады. Шұңқыр түбіне дренаж салынады-қиыршық тастар, кірпіштер т.б. Содан кейін шұңқырдың жартысына тең мөлшерде араласқан қылқан жапырақарды, шымтезек және құмды араластырып саламыз. Сонымен қатар, субстратқа 30 г азотты тыңайтқыш қосуға болады.

Отырғызу кезінде өсімдіктің тамыр мойыны топырақ бетінде болуы маңызды, әйтпесе алғашқы суару кезінде ол тұншығып шіріп, ағаш өледі.

Көшетті дайын шұңқырға отырғызып 1 шелек су құямыз, топырақты салып, аяғымызбен жақсылап тапаймыз. Айналасына су тоқтату қуыс шеңбер (приствольный круг) жасап су құямыз. Әр көшеттің арасы кем дегенде 5 м болу керек.

Алдын ала жұмыс жоспар құрылған дұрыс. Мысалы төмендегі жоспар бойынша орталықта қырым қарағайын отырғыздық :



Жұмыс түрлері

Орындалу

мерзімі

1

Көшеттер арнайы қоспаға салынды

28.04.2009 жыл

2

Шұңқырлар дайындалып, отырғызылды

29. 04. 2009 жыл

3

Қопсытылып , су тоқтату қуыс шеңберлерін кеңейту

18.05.2009 жыл

4

Суару

Жаз айы бойы

5

Қысқа әзірлік

Күз айы



Қоректендіру

Алғашқы жылдары қырым қарағайына тыңайтқыш салу керек (біздің зерттеуде эпин ерітіндісіне салдық), бұл жер асты және жер үсті бөліктерінің даму сапасын жақсартады. Тыңайтқыш ерте көктемде салынады. Қылқан жапырақты өсімдіктер үшін минералды қосылыстарды бір көшет үшін 40 г зат мөлшерінде қолданыңыз.

Тыңайтқыштан кейін тамырларды күйдіріп алмау үшін су құйылу керек. Ересек ағаштарға тыңайтқыш қажет емес.

Ересек қарағайларға тыңайтқыш қажет емес, оларда әр қарағайдың айналасында орналасқан өздерінің ұсақталған инелерінен қоректік заттар жеткілікті бөлінеді. Сондықтан оны тыңайтудың қажеті жоқ.

Қырым қарағайы құрғақшылыққа төзімді және суаруды қажет етпейді, бірақ жас көшеттерін есейіп кеткенше міндетті түрде суару керек. Суару олардың тез тамырлануына, өсуіне және тығыз қылқан жапырақты жамылғысының өсуіне ықпал етеді. Жас көшеттерді күзде мол суару керек, аяз түспестен бұрын , бұл суық мезгілге жақсы төзу үшін.



Қопсыту

Ауа мен ылғалдың өткізгіштігін арттыру үшін су тоқтату қуыс шеңбер (приствольный круг) аймақтағы топырақ мезгіл – мезгіл қопсытылып тұру қажет, негізінен суарудан кейін қопсытамыз. Сондай-ақ, арамшөптерден тазалап тұрған дұрыс. Тамыр жүйесіне зақым келтірмеу үшін беткі жағын қопсытамыз 8-10 см. Топырақ бетіне ылғалды сақтайтын, арам шөптердің шығуын азайту үшін және қыста тамырларын қорғау үшін ағаш үгінділерін, шымтезек, түскен жапырақтар және қылқан жапырақтар салу қажет.



Қысқа әзірлік

Қырым қарағайы қалың жабуды керек етпейді, олар қысты жақсы көтереді.

Қырым қарағайының өсуі

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығында 2009 жылдың сәуір айында қырым қарағайлары көшеттен егілді. Соның 6 көшетін зерттеу жұмысына алдық. (сурет 1)

Айлар

Ауа температурасы орташа

Қырым қарағайының өсу деңгейі (биіктігі)

Егілген күні

28.04. 2009 жыл

+15

14 см

мамыр

+15, +20

14 см

маусым

+35

(Күн өте ыстық аптасына 3 мезгіл суарылды)

14,5 см

Шілде

+35

(Күн өте ыстық аптасына 3 мезгіл суарылды)

14,5 см

Тамыз

+ 25

15 см

Қыркүйек

+10

15 см

Қазан

+ 5

15 см

Қараша

+6

-10

15 см

Желтоқсан

-10

Қар қалың түсіп толық жауып тастады.

Қаңтар 2010ж

-25-27

Қардың қалыңдығы

30 см

Ақпан 2010 ж

  • 20 – 23


Наурыз 2010 ж

-15

+5


Сәуір 2010 ж

+ 10

Қар толық еріді

Қарағайдың биіктігі

15 см



2010 жылдың 4-5 сәуірінің аралығы қар толық еріді. Биіктеу жерде тұрған қырым қарағайларының жағдайлары жақсы қалыпты, аласада өскен қарағайлар орташа жағдайда болды. (сурет 2)





Айлар

Ауа температурасы орташа

Қырым қарағайының өсу деңгейі (биіктігі)

Маусым 2010 ж

+35

20 см

Шілде

+ 40

26 см

Тамыз

+ 25

30 см

Қыркүйек

+ 15

30 см

Қазан

+5

30 см

Қараша

0

30 см

Желтоқсан

0

Қар толық жапқан жоқ

Қаңтар 2011 жыл

-15

Қар толық жапты қардың қалыңдығы

40 см

Ақпан

-30


Наурыз

-10


Сәуір

+10

Қар толық кетті

Мамыр

+15

30 см



Зерттеуге алған 6 қырым қарағайынан 3 қарағай қалды 2011 жылы. Қарағайдың өспеу себебі 2010 жылы қыстан ауырып шықты және ыстық күнде жоғарыдан су құйылып күнге жапырақтары сарғайып кетті.

Қырым қарағайлары 30 см шамасында 2011 және 2012 жж тыныштық күйде түрып, 2013 жылы бірден 1 м шамасына

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!