Білім беру
салалары: «Қатынас», «Таным»,
«Әлеуметтік орта»
Білім беру
бөлімі: Айнала қоршаған
орта
Сабақтың
тақырыбы: «Қыс»
Сабақтың
мақсаты:
1.Қыс мезгілі туралы
түсініктерін қалыптасыру. Қысқы табиғат
ерекшеліктерін көре білуге
үйрету.
2.Балалардың ойлау
қабілеттерін, тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге
үйрету.
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті
көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, түсіндіру,
әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелеген
суреттер,жасыл шырша,бейнелеу құралдары,аудио-жазба(боранның
дыбысы)
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
А.
Сәлемдесу
Ә. Жылы лебіздер
білдіру:
- Амансыңдар ма балалар! Мен
сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге
қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы!
- Балалар, менің қолымдағы
ойыншық қалай аталады? Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар.
Бірақ ол үлкен емес. Әр адамың жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы
жұдырықтай.Қане,жүрегіміз қандай екен, көрейекші. Балалар
алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар
аударады.
- Балалар, осы жүректі
бір-бірімізге сыйлай отырып тілек айтайық.
- Мен саған жақсылық
тілеймін.
- Мен саған қуаныш
тілеймін.
- Әдемі қыз
бол
- Достарың көп
болсын
- Батыр
бол
- Әрқашанда күліп
жүр
Ғажайып
сәт.Енді балалар барлығымыз бір
сәт көзімізді жұмайықшы (Боранның дыбысы
естіледі)
- Ненің дыбысын естіп
тұрсыңдар?
- Боран, жел,
суық
- Бұл қай кезде
болады?
-
Қыста
- Енді міне қар жауып тұр
жапалақтап, айнала аппақ қар
2.Негізгі
кезең.
(Шырша әуені шығады,шебердің
ортасында шырша тұрады)
-Балалар мынау
не?
-
Шырша
- Балалар шыршаны қай кезде
әсемдейміз?(сурет арқылы сұрақ-жауап)
- Жаңа
жыл.
-Жаңа жыл қай кезде
болады?
-Қыста.
-Қыста қандай өзгерістер
болады, сендер не істейсіңдер?
- Күн суық болады, су қатып
мұз болады, айнала аппақ қар, ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала
жасаймыз, Аяз атаны күтеміз
- Шыршамыз неге көңілсіз, оған
не жетіспейді?
- Оны әсемдеу керек, оған
ойыншық кертек
Ендеше балалар біз шыршаны
әсемдейік.
Қазір біз үш орталыққа
бөлінеміз. Әр орталықтың тапсырмасымен
таныстырайын.
Бейнелеу
орталығында: балалар ілетін картон,
қағаздан жасалған ойыншықтарды түрлі-түсті бояуларға
бояйды.
Манипулятивтік
орталығында:балалар алдарында тұрған жасыл
шыршаны әсемдейді. Ол үшін әр түрлі түске боялған макарон өнімдерін
жіпке тізбектей отырып, шыршаға ілетін моншақ
жасайды.
Зерттеу
орталығында:балаларға қардың, судың,
мұздың қасиеттерін эксперимент түрінде
көрсету.
Ал енді балалар кеуделеріндегі
эмблема белгісімен орталықтарға бөлініп, жұмыстарымызды
бастаймыз.
Сигнал арқылы балаларды жинау,
бойларын сергіту.
Сергіту сәті:Биік болып
өсеміз,
Шыршамыздай
жайқалып.
Табиғатты
сүйеміз,
Денемізді тік
ұстап
Билеп, билеп
аламыз.
3.
Қорытынды:
Орталықтарда қандай жұмыс
жасадық?
-Біз бейнелеу орталығында
шыршаға ойыншықтарды түрлі-түске боядық.
-Біз зерттеу орталығында судың
қасиеттерін зерттедік.
-Біз манипулятивтік
орталығында шыршаға әр түрлі түстен моншақтар
жасадық.
-Жақсы балалар күннің екінші
жартысында орталықтармен ауысасыңдар.
-Енді балалар, жасаған
ойыншықтарымызбен шыршаны әсемдейік.(Балаларды
сүйсіндіру,мақтау)
Ойыншықтарың, моншақтарың,
ұлпа қарларың қандай керемет!
-Балалар, мына қорапты бізге
кім әкеді екен, Аяз Атамыз сендерге риза болып жіберген шығар.
(Балаларға сыйлық бояма кітапшалар)
-Балалар енді барлығымыз
әсемделген, әдемі шыршамызғашеңберге тұрып «Шырша» әнін
айтайық.Рахмет сендерге балалар.