400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс композициясы", "Еркін тақырып" Бинарлы сабақ А.Т. Токенова

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған бағдарлама бойынша әзірленген бинарлы сабақ жоспары. Бейнелеу өнері және Заттық-тәжірибелік әрекет пәндерінен 1 сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып құрылған кіріктірілген бинарлы сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Бейнелеу өнері/ Заттық-тәжірибелік әрекет

Түрі: Бинарлы сабақ /екі пәнді қатар өту/

Күні: 01.02.2022

Сынып: 1 «Б»

Мұғалім: А.Т. Токенова

Ортақ тақырып: Саяхат

Сабақтың тақырыбы

Еркін тақырып

Қыс композициясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1 қауіпсіздік техникасын сақтап материал мен құрал қолдану;


1.3.3.3 заттармен жағдаяттарды ойнау;

1.3.3.4 заттарды атау, желімдеп жапсыру;

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Алған білімді меңгеруге әрекет жасайды.

Көбі:Тақырыпты түсінуге, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы үлгі бойынша ұғуға ұмтылады.

Кейбірі: өмірде қолдануға талпынады.

Жетістік критерийлері

Тапсырмаларды орындау арқылы, заттардың орнын біледі. Өз қолымен жасайды, тағы да жасауға ұмтылады.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, бірін-бірін тыңдап, сыйлауға үйрету

Пәнаралық байланыс

Айналадағы әлем пәні арқылы  пән аралық байланыс жүзеге асады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнетаспа арқылы заттың орнын анықтайды.

Тілдік құзыреттілік


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, алтын күн?

Амансың ба, Жер ана?

Амансың ба, достарым?

Аман болайық бәріміз!

Кеңістік белгілерін қайталау: Жоғары - / қолды көтереміз/

Төмен - /қолымызды түсіреміз/

Ортаға - /ішке жиылу/

Шетке - /сыртқа шығу/


Сабақтың ортасы


1 ақпан - /қыстың соңғы айының алғашқы күні, сейсенбі/ түсінік беру

-Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғы сабақтарға қарағанда өзгеше болады.

-Бүгін, бейнелеу өнері мен заттық-тәжірибелік әрекет пәндерін біріктіріп өтетін боламыз.

-бүгінгі сабақта «Қыс композициясын» бейнелеп, жапсыру жұмыстарын жасаймыз. Сендерге сәттілік!

/Сабақта орындалған әр тапсырмадан кейін аққаланың бөліктерін жапсыртып отырамын. Соныңда аққала толық шығуы керек/

Миға шабуыл:

«Ойнайық та, ойлайық!»

Шарты: Киімдерді жыл мезгілдеріне байланысты тауып, жәшіктерге салу;

Балалардың есте сақтауын, зейінінің шоғырлануын қадағалауға арналады.

ҚЫС ЖАЗ

Мағынаны тану:

Интербелсенді тақтадан бейне жазбаны тамашалап, бізде суретті салуға әрекет жасайық.

Жұмысты бастамас бұрын, қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.

Қауіпсіздік ережелері:

  1. Бояуды ауызға салмаймыз!

  2. Жұмыс жасап отырған қолымызбен басқа заттарды ұстамаймыз!

  3. Бір – бірімізге бөгет жасамаймыз!

  4. Ұқыпты орындаймыз!

Жұмыс нәтижесін айқындау үшін «бас бармақ» арқылы ынталандырамын, қолпаштаймын.


Дәптермен жұмыс:

  1. Тапсырманың орындалуын толық түсіндіру;

  2. Сұқ саусағымыздың ұшын гуашқа матырып алып, бұтақтардың үстіне қар сияқты етіп қойып, бояймыз;

  3. Жұмысты ағаштың үстіңгі жағынан бастап орындаймыз;

  4. Жерді де қармен көмкереміз;


*Бояп болған соң, қолымызды дымқыл майлықпен сүртеміз!



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс



-Аққаламыздың астыңғы үлкен бөлігін жапсырамыз.


https://youtu.be/YJbbWJtNWZk




-Аққаламыздың денесін жапсырамыз.

Сергіту сәті:

«Бала, бала балақан» /бейнетаспадан қайталау/


Қызықты тапсырма




Түсінікті түйінде:




***Сурет қиындыларын сандар ретімен қояды


***Төртінші затты тауып, жапсыр;





-Аққаламыздың екі қолын жапсырамыз.

Нейро жаттығу

АЛАҚАН – партаға алақандарын қояды.

ШАРБАҚ – алақандарын қырынан қояды.

ЖҰДЫРЫҚ – жұдырықтарын түйіп, жинайды.

Сыныптың лидері орындатады.


Ж ұмысты жалғастыр:

- Салған ағашымызға енді кішкентай көжек жапсырайық;

- Оның үстінен арнайы ақ түсті қиыршықтармен көмкерейік;

-Аққаламыздың басын жапсырамыз.

Шабытты шыңда:

Интербелсенді тақтада орында:



***Балаларға көмектес, жоғалған заттарын тауып бер;






-Аққаламыздың басыны шелегін жапсырамыз.


Сабақты қорытындылау



*** Суреттерді реттімен орналастыр;


Тақтаға жапсырту



Оқушыларды бағалау



Бүгінгі сабаққа белсенділік танытып, тапсырмаларды тамаша орындағандарың үшін алғыс білдіріп, дипломмен марапаттаймын


Сабақтың соңы






Рефлексия:

- Сабақтан алған көңіл – күйімізді өзіміздің жапсырған шыршаларымыз арқылы белгілейміз.

- Егер, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнаса, өз шыршаларыңды ормандағы шыршалардың жанына орналастыр.

- Ұнамаса, шетіне қоямыз.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі