400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныптарына сөйлеуді дамыту сабағына арналған қысқы мерзімді сабақ конспектісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Мнемокесте арқылы тақпақ жаттатқызу, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ойын, сергіту сәті.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, фетрдан жасалған көрнекіліктер.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
:

Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар.


Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?
Балалар: Әрине.
Тәрбиеші: Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?


Балалар: Қыс мезгілінде.

Тәрбиеші: Ал қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Ізденушілік кезең:

Тәрбиеші: Қазір, балалар, біз сендермен жыл мезгілдерін атап шығайық.

( Интербелсенді тақтамен жұмыс).

-жыл мезгілдерін сұрау.

-табиғаттың ерекшеліктерін атап өту.

-қысқы ойындар.

- қысқы киімдер.

- қысқы мерекелер.

Тәрбиеші : -Балалар, енді біз бір ойын ойнайық «Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ата»

Тәрбиеші: Жақсы, балалар, қазір біз мнемокесте арқылы тақпақ жаттайық.

Хормен бірнеше рет қайталап айтқызу.

Бір топ бала далада,

Қардан соқты аққала.

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Сергіту сәті:

 Тәрбиеші: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Топпен жұмыс:

1. топ- қысқы ойындарды табу;

2 топ – қысқы киімдерді табу;

3 топ- қыс ерекшеліктерін табу.

Жеке-дара жұмыс:

«Аққала құрастыру»

Тәрбиеші: ойындарымызды ойнап болдық, енді тағы бір рет тақпақты қайталап шығайық.

Қорытынды кезең:

Тәрбиеші: - Неше жыл мезгілі бар?

Балалар: -4 мезгіл.

Тәрбиеші: -Қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: -Қыс.

Тәрбиеші:- Қыста ауа райы қандай болады?

Балалар: -Күн аяз, қар жауады.

Тәрбиеші: -Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Балалар:- шаңғы, шана, коньки тебеді, қардан аққала жасайды.

Балаларды мақтау, мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.01.2023
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі