Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен қысқа мерзімді жоспары.Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.Жаңартылған мазмұнға сәйкес жазылған.Қысқа мерзімді жоспарда АКТ дағдылары,жеке жұмыстар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2022
280
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Физика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Жолдыгалиева Алтын

Күні:

22.02.2022 ж

Сынып: 8 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

8.4.2.13–Джоуль-Ленц заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

-Джоуль-Ленц заңын есептер шығаруда қолданады

Құндылықтарға баулу

өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Сыныпты түгендеу

3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу


Үй тапсырмасын сұрау. Физикалық шамалар мен формулаларды сәйкестендіру.



Ой қозғау. «Мағынаны таны» әдісі қолданылады.

Берілген суреттерге қарап не айта аласыз?



Оқушылар жұпта талқылайды және өз ойларымен бөліседі.

Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң,жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы

8.4.2.13–Джоуль-Ленц заңын есептер шығаруда қолдану


«Жақсы сөз» әдісі бойынша бір-біріне тілек айтады



Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушылар «Өз үйіңді адаспай тап » әдісін қолдана отырып тапсырманы орындайды.

























Оқушылар проблемалық сұраққа жауап беру арқылы сабақтың мақсатын айқындайды












Өзара бағалау жүргізеді





















Слайд 1
































Слайд 2

Сабақтың ортасы


Электр құралдары арқылы 6 топқа бөлінеді. Топ басшысы тағайындалады.Топтарға бағалау парақшасы таратылады.






Жаңа сабақты түсіндіру

Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы

Сымдар арқылы электр тогы өткен кезде олар қызады. Бұл құбылысты қыздыру шамдарында, электр жылыту пештерінде байқауға болады. Бұл электрондар мен иондардың жылдамырақ қозғала бастайтынымен байланысты. Олардың кинетикалық энергиясы арта бастайды және өткізгіш атомдарымен соқтығысқанда зарядталған бөлшектер өз энергиясын оларға беріп, өткізгіштің ішкі энергиясы арттырады. Өткізгіште токтың жұмысына тең жылу мөлшері бөлінеді.

Бұл тұжырымға алғаш рет ХІХ ғасырда бір-біріне тәуелсіз түрде ағылшын физигі Д.П. Джоуль мен орыс физигі Э.Х. Ленц жеткен болатын. Олар тогы бар өткізгіштен бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратының өткізгіш кедергісі мен токтың өту уақытының көбейтіндісіне тең екенін анықтаған.

Бұл заңдылық Джоуль-Ленц заңы деп аталды. Джоуль-Ленц заңының формуласы: Q = I 2Rt, мұндағы:


I – ток күші

[I] = [А]

A – электр тогының жұмысы

[A] = [Дж]

Q – бөлінетін жылу мөлшері

[Q] = [Дж]

R – өткізгіш кедергісі

[R] = [Ом]

t – токтың өту уақыты

[t] = [с]


Электр тогының жұмысы ток өткенде бөлінетін жылу мөлшеріне тең екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді: A = Q

Ом заңын қолдана отырып, Джоуль-Ленц заңының балама формулаларын алуға болады:

Q = I2Rt

Q = IUt

Q = Pt (өйткені P = IU)


Джоуль-Ленц заңының қолданылуы

Джоуль-Ленц заңы электрқыздырғыштары мен қыздыру шамдарында қолданылады. Мысалы, шам қылдарында меншікті кедергісі жоғары материалдар қолданылады және ол кедергіге тура пропорционал болады. Сондай-ақ өткізгіш бойымен ток өткенде өткізгіш қызады. Температура жоғарылаған сайын өткізгіш кедергісі өсетіні белгілі. Демек, кедергі бөлінетін жылу мөлшеріне тікелей пропорционалды әсер етеді.

Джоуль-Ленц заңын қолданудың тағы бір бағыты электр энергиясын тасымалдау кезінде энергия шығынын азайту. Өткізгіштердегі жылу әсері энергия шығындарын тудырады. Қуат ток күшіне тура пропорционал болғандықтан P

I және бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына тәуелді болғандықтан Q

I2 ток күшін азайтып, кернеуді жоғарылатқан тиімді болады. Жоғары кернеу электр қауіпсіздігінің деңгейін төмендетеді және оны арттыру үшін жүктемеге кедергіні арттыру қажет.


«Bilimland» сайтындағы «Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы» тақырыбындағы бейнеролигімен таныстырылады.



«Кім жылдам?» әдісі арқылы топтар тапсырма орындайды.Жауаптарын сәйкестендіреді.


Тапсырма 2

1. Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса, 20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?





2. Егер резистордағы ток күші 20 А, ал кедергісі 1кОм болса, онда қанша уақыт ішінде қанша 1,6 кДж жылу мөлшері бөлініп шығады?



3.Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал тоқ күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?



4.Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!