Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қысқа мерзімді жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:13.02.2018ж Сынып: 1 |
Пәні: Сауат ашу |
||
Сабақтың тақырыбы |
Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ю әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Ою-орнамент |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
Өтілген сабаққа тоқталу. АСҚ жаз арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасау және сөйлем құрастыру №1 Оқылым. Жеңімпаз аю. №2Сұрақтар бойынша аюды сипатта.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут |
№3 Көп нүктенің орнына төмендегі керекті сөздерді қойып жаз. №4 Не қайда мекендейді? |
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Сабақ тақырыбы: |
Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу |
Пәні: Математика |
||||||||||||
Күні : 13.02.2018 |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||||||||||
СЫНЫП: 1-сынып |
|
|
||||||||||||
Оқу мақсаты: |
таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді; қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады; есепті сурет, сызба түрінде модельдейді; қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, кері есеп құрастырады және шығарады. |
|||||||||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||
Ресурстар: |
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу. 48, 49-беттер. Жұмыс дәптері |
|||||||||||||
Тірек сөздер |
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
b – x = а, мұндағы b және а — кез келген теріс емес сандар болғанда теңдеудегі белгісіз азайтқышты табу дағдысын қалыптастыру. |
|||||||||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||||||||||
Бүгінгі сабақта бүтін шама мен оның бөліктері арасындағы байланысты негізге алып, азайтқышы бел гісіз болып келген теңдеуді шешудің алгоритмі жаса лынады. Азайтқыш — бүтін шаманың бөлігі, сондықтан оны табу үшін белгілі бүтіннен бөлікті шегеру қажет. Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, теңдеу шешімін тексеруді осы бастапқы кезеңде талқылауға болады. Белгісіздің алынған мәнін орнына қойып, тепе-теңдіктің дұрыстығын тексереді. Мұндай жұмыс ты орындау міндетті болып табылмайды.Кіріспе тапсырма. Сабақты топтық ойын өткізу ден бастаңыз. Сыныпты үш оқушыдан топқа бөліңіз. Төменде көрсетілген кесте сызылған парақшаларды әр топқа таратып беріңіз.
Бірінші оқушы кестенің бірінші бағанына геомет риялық фигуралар тобының суретін салуы керек (немесе қиылған үлгілерден құрауы) және оны екінші топ мүшесіне береді. Екінші оқушы кестенің үшін ші бағанына осы топтағы бірнеше фигураны қайта салады да, топтың үшінші мүшесіне береді. Үшінші оқушы белгісіз бөлікті, яғни талап етілетін қалдық ты алу мақсатымен, оның ойындағы, бірінші топтан жойылған бөлік болып табылатын фигураларды қайта салады. Топтағы балалардың рөлдерін ауыс тырыңыз. Әр оқушы барлық рөлде болып шығуы керек. Ойын аяқталғаннан кейін қорытынды шыға рыңыз. Оқушылардан белгісіз бөлікті қалай есептеп шығарғанын сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оқушыларды теңдеудегі белгісізді табу үшін оның бүтін әлде бөлік екенін анықтап алу керектігіне әкелу керек. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолданыңыз. Ұғымды бекіту үшін оқулықтағы суретті мысалға алып белгісіз бөлікті табу ережесін түсіндіріңіз. (Қанша бұршақ болған? Бірнеше бұр шақты алған соң қаншасы қалды? Қанша алғанын санатыңыз.) Оқушылардың сандар кестесі мен сандық сәуле бойынша қосу мен азайту нәтижелерін есептей білу дағдысын жетілдіріңіз. Оқушылар “сөреден” “қажет” санға дейінгі қадамдарын санайтын болады. Шоколад. Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Оқушылар екі иллюстрацияны сөзбен ауыстырып, есептің мәтінін оқып шығуы керек. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігінің санын торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті жегенін табады. Жауабы: 9 бөлік (немесе жартысы). |
Қанша фигураны алып тастады? х-тің мәні неге тең? Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан тапсырманы өз бетінше оқып және оны орындауын сұраңыз. Өткен сабақта олар осындай тапсырманы орындаған, сондықтан белгісіз бөлікті табу тәсілі туралы білуі керек. Олар енді белгісіз қосылғыштың мәнін табады. Егер фигураның бастапқы саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қанша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады. Жауабы: 9 тіктөртбұрыш; 70 санақ таяқшасы. Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Шешімді нақты түсіну үшін текшелер ден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады. Жауабы: а) 3; ә) 8. Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұпта орындатыңыз. Оларға моншақ салынған қораптарды таратыңыз. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы моншақты санап, оның санын есіне сақ тауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қорап тан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайтадан санайды да, “Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?” деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.
|
|||||||||||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||||||||||
Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолда рын дұрыс түсіндіргенін бақылап отырғаны жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ. |
х әрпін қолданып теңдеу құрастыр. х-тің мәні неге тең? Тап. Тапсырма азайтумен берілген теңдіктегі белгісіз бөлікті табу дағдысын бекітеді. Оқушылар жұмыс парағында иллюстрация бойынша белгісіз азайтқыш теңдеу құруға тиіс. Шешу кезінде оқушы лар бұрын үйренген кез келген әдісті қолдануына болады: — бүтіннен қалдықты шегеру және азайтудың нәтижесі бойынша азайтқыштың мәнін білу; — қалдықты бүтінге дейін толықтыру және толықтырған заттың саны бойынша белгісіз бөліктің мәнін білу; — екі топта заттар жұбын құрастыру және сан дардың айырмасы бойынша х-тің мәнін табу. Барлық шешу жолы қабылданады. Егер тапсырма екінші, үшінші тәсілмен және оны сыныпта орындаған жағдайда азайтумен тексеруді сұраңыз. Жауабы: а) 4 кәмпит; ә) 4 таңқурай жемісі; б) 5 жаңғақ; в) 9 текше; г) 5 үшбұрыш; ғ) 8 жұлдыз. |
|||||||||||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді; а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсін діруді үйренеді. Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қойыңыз: — бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз бол ды? — Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе? — Белгісізді қалай таптық? — Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 17 ойын шық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”. — Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек? — Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.) — 11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз. |
Күні:13.02.2018ж Сынып: 1 |
Пәні:Музыка |
||
Сабақтың тақырыбы |
Салт-дәстүр |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.2 қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Lullaby бесік жыры колыбельная |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
Салт-дәстүр туралы түсінік. Топпен жұмыс.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
Сүйінші!-жақсы,қуанышты хабарды жеткізу. |
Түрлі тапсырмалар |
|
Аяқталуы 16 минут |
«Бесік жыры» Ән айту. Шілдехана-жақсы,қуанышты хабарды жеткізу. «Бесік жыры» әнін қол қимылымен орындайық. |
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. |
Бас бармақтар |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |