Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсын оқып жатқан әріптестерге өз сабақтарын қорғауда керек дүние
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 22.02.2019

Сынып: 1-сынып

Мектеп:№59 жоббм

Мұғалімнің аты-жөні: Абдиева Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқубағдарламасына сілтеме)


1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: : Жердің пішінін,шар тәрізді екенін,жердің кішірейтілген үлгісі екенін білу.

Оқушылардың көпшілігі:Жердің өздігінен айналатынын

түсіну.

Кейбір оқушылар: Өзінің тұрғылықты жерін карта мен

глобустан анықтай алу.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

1. Жердің пішінін анықтайды.

2. Жердің жасанды моделін анықтайды.

3. Жерді жасанды моделінің негізінде сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша терминдер: глобус, жер шары

Тақырып бойынша лексика:

Жер пішінінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды

Диолог пікірталас:

  • Жер ғаламщарының пішіні қандай?

  • Глобустан біздің елді қалай табуға болады?.


Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту,өз елінің дамуына үлесін қосу.Қамқорлық жасау,жауапкершілік арттыру. Сын тұрғысынан ойлай алатын білім алушыларды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, математика,

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта ,бейнетаспа слайд, бейнежазба «Жердің көрінісі», дереккөздер

Бастапқы білім

Ғарышты зерттейтін құралдар – дүрбі мен телескопты біледі.

Ғарышты зымыран мен Жер серіктерімен бақылайды

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



білу

Психологиялықдайындық

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Бір сыныпқа жиналып

Достығымыз жарасқан.

Бірлескен оқу ортасын құру

Оқушылар суреттерге қарай бөлініп отырады.

Picture 1

1 топ Күн 2 топ Ай

3 топ Жұлдыз 4 топ Жер

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды

топтарға бөлуге арналған суреттер.











Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Сабақтыңортасы

Бірлескен оқу ортасын құру: Ермексаздан түрлі заттарды моделдеп жасау

1-тапсырма: Топтық жұмыс .Зерттеу
Глобус пен Жердің ұқсастығы неде?

Глобус деген не?

Глобустың көмегімен жер туралы айтып беріңіз.

0 Дескриптор: Білім алушы

- глобус пен жердің ұқсастығын айтады;

- глобусқа анықтама береді;

- глобусқа сүйеніп, жер туралы әңгімелейді.

-ермексаздан молелдеп жасай алады.

Саралау тапсырмалар: Диалог.Пікірталас

- Жер мен доп несімен ұқсас?

-Қандай айырмашылықтар бар?

Барлық оқушылар: Глобуспен жердің ұқсастығын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:Глобусты сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Глобустың көмегімен жер туралы әңгімелейді.

Кері байланыс: Глобустың көмегімен жерді анықтап әңгімелегені үшін марапаттаймын.


Ширату жаттығуы


2-тапсырма.Ұжымдық жұмыс.Жұптық жұмыс.

Болжау әдісі”

Мектеп глобусын алып, мұқият қарастырыңыздар. Берілген сұрақтарға сүйеніп, «Глобусқа қарап Жерді қалай елестетемін» деген тақырыпқа ауызша шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Сұрақтар:

1. Глобустың пішіні қандай?

2. Глобуста қандай түс көбірек? Ол нені білдіреді? 3. Құрлық жерлер қандай түспен бейнеленген?


Дескриптор: Білім алушы

- глобус бойынша жердің пішінін айтады;

- глобустың негізінде жердің бедерін сипаттайды.


Саралау тапсырма. Тәсілдер.Пікірталас

Барлық оқушылар:Жердің пішінін айта алады

Оқушылардың көпшілігі:Жер шары туралы өз ойларын жеткізе алады. Кейбір оқушылар: Жер шарының суретін сала алады.

Кері байланыс: Глобус бойынша жердің пішінін анықтағаны үшін марапаттаймын. Ауызша, жазбаша, графикалық түрде бағалаймын



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.








Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.




Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.







Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы


Рефлексия.Білім алушылар өздеріне есеп береді

Не білдім? Не үйрендім? Не қызықты болды?

Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.









Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетіжоғарыоқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар:

Ермексазбен глобустың модулін жасайды.

Құрлық жерлердің

түсін бейнелейді



Дескриптор: Білім алушы

- глобус пен жердің ұқсастығын айтады;

- глобусқа анықтама береді;

- глобусқа сүйеніп, жер туралы әңгімелейді.


 Дескриптор: Білім алушы

- глобус бойынша жердің пішінін айтады;

- глобустың негізінде жердің бедерін сипаттайды.


Тиімді кері байланыс

Қолымен өткір зат ұстамау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс

қойылған.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Бірлескен жұмыс арқылы зерттеу тәсілін қолдана отырып ермексаздан модель жасау,әңгіме құрау,сұрақ жауап алу сабақтың жақсы өтуіне көмектесті?

2. Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1Белсенді тәсіл,топтық жұмыс, жұптық жұмыс, пікірталас.

1.Зерттеу, талқылау, сипаттау өте тиімді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ өту барысында зерттеу әдісінде сөздер,қимылдар ойлап табу оқушылар үшін қиындық

соқтырды.Сол себепті келесі сабағымда зерттеу жұмыстарына тірек сөздер жазып қоюым қажет екенін түсіндім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2019
7187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі