Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қысқа мерзімді жоспар 5 сынып. Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалімнің аты-жөні: |
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы Абажанова Г.Қ |
|||
Пәні Қазақстан тарихы |
Сынып:5 |
3 тоқсан |
Сабақ № 1 |
|
Оқулық |
Қазақстан тарихы. Б.Е. Көмеков, Т.С. Жұмағанбетов, К.с.Игілікова 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2017 |
|||
Сабақ тақырыбы |
Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі |
|||
Оқу мақсаты |
5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Александр Македонский, Самарқанд, Сырдария, Спитамен, Афина, Арриан, скифтер, гректер, партизан, жаулаушылар. Оқушылар күрес туралы мәтінді оқиды, күрестің мазмұнын айтады, барлық оқушылар тыңдайды және талқылайды.
|
|||
Ресурс Қосымша сілтеме |
https://www.youtube.com/watch?v=LV1wlWhbCmc |
|||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. |
Білу және түсіну Арриян, Круций Квинт және Геродот еңбектерінде сақтардың Александр Македонский армиясымен екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндады. Александр Македонский сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Енді сол сақтардың Александр Македонскиймен жүргізген соғыстарының шешуші кезеңдеріне тоқталайық. Үш жарым жыл ішінде Македондықтар Парсы флотын талқандап, Эгей мен Жерорта теңізіне орнығып алды. Парсылардың саяси-экономиялық орталығы Вавилон қаласын жаулап алды. Осы уақыт ішінде Македон жауынгерлері сегіз мың шақырымнан астам қашықтықты басып өтті. Парсы патшалығы талқандалды. Дегенмен өздерінің жеңісін баянды етуі үшін Македондықтарға бактрия, соғдиана және корезмді бағындыруға тура келді. Бұл далаларда көшпелі сақ – массагед тайпалары мекендеді. бактрия мен соғдиана аса маңызды сауда жолында тұрды. Шығысқа үстемдік ету үшін македондықтарға міндетті түрде осы аймақты бағындыруға тура келді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін македондықтар тағы да үш жарым жыл уақыт кетірді. Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып кетті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскерлері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға – сақтарға басып кіріп, бостанғыш сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді. Соғыстың бірінші кезеңде – б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд ( Самарқанд) қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал- қала соңғы Александрия ( Ход-жент) қаласын салды. Алайда Соғдианадан орнығу үшін тағы да екі жыл соғуға тура келді. Македон басқыншылармен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпалармен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасақ мараканд қаласындағы Македон гарнизондарын қоршауға алды. Македон әскері қиын жағдайда қалды. Олар, дегенмен, жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы да қайтарып алды, бірақ спита мен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндік болмады. Себебі Яқсарт өзінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен кіші өзендер арқылы македон армиясын атқылады. САқтар Александрға сөз салды: « сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке барма, егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азаттық тағылардан ( варвалардан) өзгеше екенін байқаған болар едің. Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады. Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер ( сақпаншылар) өзеннен өтіп, сақтардың алдыңғы отрядттарын кейін шегіндірді және фаланг ( ұзын найзалы әскерлер) мен атты әскерінің өзеннен өтуінен жағдай жасады. Сөйтіп, шайқса Яқсарт өзенінің оң жағына ауысты. Шайқастың Бірінші кезеңін македондықтардың алдыңғы кезеңі бастады. Сақтар қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады. Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскері жіберілді. Енді сақтар шегінді алайда жауды көзден таса қылған жоқ. Екінші кезең негізгі күштің ұрысы сақтардың шегінуі. Алдыңғы жасаққа көмекке ұш шағын топпен атты мергендер жіберілді. Алайда сақтар македондықтар шабуын тойтарып тастады. Сонда өзінің атты әскерінің бәрін де соғысқа кірістірді де, сақтарды шегіндіріп соңынан түсті. Аррияның айтуынша, сақтарды аптап ыстық, шөл және Александрды ауыртқан лай су құтқарды. Ұлы қолбасшылардың жеңілістерінің табиғи қиыншылықтарға аудару – ежелгі және тарихшылардың әдеті. Шындығына Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады. Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимылы өз әскерінің жеке-жеке талқандалуынан сақтай отырып, дұшпанға қарсы күшті бірте-бірт екүшейтумен сипатталады. Шайқасып жатқан отряд бір-бірімен тығыз байланыста болды және өзара практикалық қимыл бірлестігін сақтады. Сақтардың артынан түсуді тоқтату ариян айтқандай сақтарды талқандаудан сақтаған жоқ,керісінше .сақтардың македондықтардың өз жеріне тереңдете енгізіп алып .талқындауынан сақтап қалды, Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі кұштерін Мараканда тұріан Спитамен басқарған жауынгерлеге қарсы жұмсады.Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да,шайқасқа түспей. Мараканды тастап тез шегініп. сақ әскеріне барып қосылды. Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
|
|||
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: |
1-тапсырма: Александр Македонскийды сипаттау
2-тапсырма «Ыстық орындық» әдісі
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін анықтаныз. Ежелгi грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдiң Сырдариядан жүзiп өтiп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскерiне қауiптөнiп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннiң ыстығы, сақтардың жиi қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректердi әбден әлсiреттi. Сақтар грек гарнизоны орналасқан Маракананы – қазiргi Самарқанды қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жiбердi. Спитамен шегiнген сыңай танытты. Гректер «қорқыпқашқанкөшпелiлердiң» соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кiшкентай аралға қарай қашты. Бұл жерде скифтер мен Спитаменнiң атты әскерi оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды», – деп жазады Арриан. Сақтар Александр Македонскийдiң iрi әскери бөлiмдерiнiң бiрiн осылай талқандады. Кейбiр деректерге қарағанда, осы соғыста Александрға сақ сарбазының садағы тиiп, санынан жараланады. Сөйтiп, Александр Македонскийдiң Сырдарияның арғыжағын мекендейтiн сақ тайпаларын бағындыру үшiн жасаған жорығы сәтсiз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады. Дескриптор - сақ тайпаларының әскери соғыс тактикасының ерекшелігін анықтайды. -Жорықтың сәтсіз аяқталғанын айтады. |
|||
Кері байланыс: |
Рефлексия "Бес саусақ әдісі" Бас бармақ-басты мәселе.бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек-бірлесу.мен топта қалай жұмыс жасадым? Ортан терек-ойлау.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым Шылдыр шүмек-шынайлылық.Сабақ маған ұнады ма?Неліктен? Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалай сезіндім. Құрметті оқушылар орындаған тапсырманы электронды пошта немесе WhatsApp мобилді қосымшасы арқылы жібере аласыздар. |
|||
Үйге тапсырма: |
Александр Македонский туралы толық мағлұмат жинау. |