Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 8-сынып қазақстан тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 8-сынып қазақстан тарих мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: «Қаржан» жом

Күні:

Мұғалім: Бекбердиева Айжамал Саулебекқызы

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар

саны: 20

Қатыспағандар: 0


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан тарихы туралы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.1.2 – XV-XVII ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Қазақстан тарихы пәніні оқудың маңыздылығын түсіндіреді

Көптеген оқушылар:

Оқушылар  тарих ұғымының  қалай  қалыптасып  дамуы  туралы заттай және  жазбаша  деректермен  таныса  келе тарих  пәні  ұғымының  негізін  түсінеді

Кейбір оқушылар: Қазақстан тарихындағы дәуір ерекшеліктерін түсіндіре отырып, қазақ халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып картамен құмыс жасайды.

Бағалау критерийлері

Дәуір кезеңдерінің хранологисы мен тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтау.

Еңбекқұралдарының маңыздылығын тиіті фактілермен ашып көрсете отырып, көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалау.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қара, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Тарихтың дамуын тексереді.

Пән лексикасы және терминология:

Қоғам, тарих негіздері, адамның пайда болуы .

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл»

Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді? 

  • Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады? 

  • Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің? 

  • Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай? 

  • Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады? 

  • Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің? 

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Үлестірме қағаз;

Слайд 1-4





Сабақ ортасы






















Сұрақ – жауап  

  • «Тарих»  атасын атау керек

  • «Тарихтың атасы»  деп  кімдерді айтамыз және өмір сүрген жылдарын көрсет.

  • Шежірешілер мен жылнамашылар деп  кімдерді айтамыз?

  • Қазақстан тарихы қандай  бөлімдерден  тұрады?

«. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.

Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.

Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.

Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы. 

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.) 

  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.) 

  4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі) 

Тарихи кезеңдеу

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Shape3 Shape2 Shape1

Ерте ортағасырлық кезеңі Дамыған ортағасырлық кезеңі Кейінгі ортағасырлық кезең

(VІ-ІХ ғғ.) (Х-ХІV ғғ.) (ХV-ХVІІ ғғ.)

Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті біртұтас Қазақ хандығының

Батыс түрік қағанаты Наймандар құрылуы

Түргеш қағанаты Керейіттер

Қарлұқ қағанаты Жалайырлар

Оғыз мемлекеті Қарақытайлар

Қимақ қағанаты Қыпшақ хандығы

Монғол империясы

Алтын орда

Ақ орда

Моғолстан

Әмір Темір мемлекеті

Ноғай Ордасы

Әбілқайыр хандығы

Сібір хандығы

Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.



Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Таймер






Сабақ соңы


Үйге тапсырма: Өткен сабақты қайталап «Өз тарихыңды білесің бе» тақырыпта эссе жазу.

«БББ» әдісі бойынша стикерлер жапсыру.

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

Үлестірме қағаз

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
2141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12