Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп: «Батсу» ном

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева Н

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

Сабақтың мақсаттары

- екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін ажырату

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу жолын білу

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Бағалау критерийі

- екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін ажыратады

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу жолын тұжырымдайды

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешеді.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көпмүше,бірмүше, дәреже, функция, график, айнымалы, сызықтық емес теңдеу, координата, жазықтық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі анықтамасы және оған мысалдар келтіру.

  • Xy=k, y=ax2+bx+c, y=ax3 теңдеулері екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер бола алады ма?

  • Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесінің қандай негізгі айырмашылығы бар?

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінде екі не оданда көп тәсілді тізбектей қолдануға болады ма?

Құндылықтарға баулу




Бірігіп есеп шығаруға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақтастыққа баулу. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы білім


Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу,бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу, екі айнымалысы бар теңдеудің геометриялық мағынасы



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



3 минут







5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

«Таңертеңгілік жиын» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады,көңіл күйін көтереді.

Үй жұмысы № 85,86 есеп. «Жұбыңды тексер» әдісі арқылы бір-бірінің есептерін тексереді.


Сыныпты түрлі түсті қағаз арқылы екі топқа бөлемін.


« … қатысты 10 сөзді атаңыз» ширату жаттығуы арқылы жаңа сабақтың мақсатын ашамын.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 10 сөз атайды.







Оқушы дәптері







Жуманова Р.М. Оқытудың тиімді әдістері

Сабақтың ортасы

8 минут

















































4 минут

























6 минут























6 минут

Мұғалімнің түсіндіруі

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері үш түрлі жағдайда орналасады. Осыған байланысты екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің:

1. бір ғана шешімі бар,

2. шешімдері жоқ

3. сансыз көп шешімдері бар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.

Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесің қосу,алмастыру,графиктік және жаңа айнымалыны енгізу тәсілдерін қолданады.

Мысал: теңдеулер жүйесін шешейік.

Шешуі: a=x+y; b=xy деп a және b жаңа айнымалыларын енгіземіз.

Сонда теңдеулер жүйесі шығады. Шыққан жүйені алмастыру тәсілімен шешейік. Сонда Бұдан Енді х және у айнымалыларына қайта оралсақ, онда

Енді соңғы теңдеулер жүйесін шешу алмастыру тәсілін қолданамыз. Сонда

Енді у2-3у+2=0 квадрат теңдеуін шешеміз. Демек, у1=1 және у2= 2. Сәйкесінше х1=2 және х2=1.

Жауабы: (2;1) (1:2)



«Екеуі үйде, біреуі қонақта» әдісі арқылы есептер беремін. Оқушылар өздері есепті шешеді, топ ішінде талқылап, басқаларға түсіндіреді. Топтық жұмыс

35. Теңдеулер жүйесін шешіңдер

2)

Дескриптор

  1. Теңдеулер жүйесінің шешу тәсілін анықтайды.

  2. Теңдеулер жүйесін шешеді.

  3. Мәнін табады.

Бағалау: таңбалар (+: -) арқылы.

Саралау: Анағұрлым күрделі тапсырмаларды қажет ететін оқушыларға қосымша кеспе қағаздары арқылы деңгейі күрделі есептер беремін.

Көбірек қолдауға мұқтаж оқушыларға жеңіл есептерден құралған кеспе қағаздарын беремін.

Оқулықпен жұмыс . «Таза тақта» әдісі арқылы екі топтан оқушылар тақтаға есептерді шығарады.


89. Теңдеулер жүйесін шешіңдер

2)

3) 4)

Дескриптор

  1. Теңдеулер жүйесінің шешу тәсілін анықтайды.

  2. Теңдеулер жүйесін шешеді.

  3. Мәнін табады.

Бағалау: стикер арқылы.

Саралау: көбірек қолдауға мұқтаж оқушыға жақсы оқитын оқушы қолдау көрсетеді.


«Кір қыстырғыш» әдісі арқылы деңгейлік есептер беремін.

«А» деңгейінің есептері:

2)

«B» деңгейінің есептері: 1)


2)


Дескриптор

1. Теңдеулер жүйесінің шешу тәсілін анықтайды.

2. Теңдеулер жүйесін шешеді.

3. Мәнін табады.

Бағалау: таңбалар (+: -) арқылы.





Шыныбеков А.Н.,2013

9 сыныпқа арналған оқулық















https://bilimland.kz/ru





























А.Әбілқасымова,

И.Бекбоев,А.Абдиев.

Алматы:Мектеп баспасы,2009






Кеспе қағазы









Шыныбеков А.Н.,2013

9 сынып

















А.Әбілқасымова,

И.Бекбоев,А.Абдиев.

Алматы:Мектеп баспасы,2009


Кеспе қағаз

Сабақтың соңы



4 минут







2 минут

«Серпілген сауал» қалыптастырушы бағалау тәсілімен сабақты қорытындылау.

Тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға, талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз.

  1. Теңдеулер жүйесінің қанша шешімі болуы мүмкін?

  2. Теңдеулер жүйесінің қандай тәсілдері бар?



Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін «Блоб ағашына» есімдерін жазып жапсырады. Кейін қайсы деңгейге, не себепті жапсырғанын түсіндіреді.

Үйге тапсырма: № 90,91 есеп.















Кеспе қағаз



Шыныбеков А.Н., 2013. 9 сынып

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




«Кір қыстырғыш» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындау

Көбірек қолдауға мұқтаж оқушыға А деңгейінің есептерін кеспе қағаздары арқылы беремін.

Анағұрлым күрделі тапсырмаларды қажет ететін оқушыларға В деңгейінің есептерін беремін.


Оқушылардың ширату жаттығуы барысында ауызша мадақтаулар беремін.

Сабақ барысында стикер, таңбалар арқылы бағалауды қолданамын.

Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын

  • Оқушылар оқу партасында дұрыс отыру

  • Техникалық қауіпсіз ережесін сақтау

  • Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Психологиялық жағымды ахуал туғызу

  • Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!