Қысқа мерзімді жоспар, Алгоритмді құрастыру , 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар, Алгоритмді құрастыру , 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен 8 сыныпқа арналған қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:____________________ Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

70 ЖББОМ

Педагогтің аты-жөні

Утегенова М.Е

Күні:


Информатика

Сынып: 8 «А,Ә,Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

§ 28.Алгоритмді құрастыру.Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Алгоритм типтерін тиімді пайдаланып,есептер шешу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сыныппен сәлемдесу. .

Амандасу



Сабақтың ортасы

Анықтама. Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

Мысал: Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:

1. Орта мектепті бітіріп ,аттестат алу.

2. Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсыру.

3. Тест қорытындысы бойынша жиныған балл көрсетілген құжаттардың конкурсқа тапсыру .

4. Конкурстан өту.

Алгоритмнің қасиеттері:

1. Айқын,дәл өрнектелуі.

2. Үзіктілігі.

3. Нәтижелілігі.

4. Жалпыламалығы.

5. Формалды орындалуы.

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .

4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

алгоритм

algorithm

команда

instruction

командалар жүйесі

set of instructions

цикл командалары

cycle instruction

программалау

programming

ойын программалау ортасы

game framework of programming

программалау жүйесі

programming system

программалау тілдері

programming languages

жобаның интерфейсі

project interface

сызықтық алгоритмдер

linear algorithm

тармақталу алгоритмдері

branching algorithms

сызықтық алгоритмдерді программалау

programming linear algorithm

тармақталу алгоритмдерін программалау

programming branching algorithms


www.bilimland.kz

білім беру платформасынан сабақтың түсіндірмесін көруге бағыт беру Онлайнмектеп тапсырмалары

сұрақ - жауап арқылы кері байланыс жасап тапсырмаларды орындауға бағыт беру, қолдау көрсету.

әр оқушы оқулықтағы, қосымша берілген материалдағы ақпаратпен танысады, түсінгендерін, қажетті ақпараттарды дәптерге жазады.







смайлик

арқылы мадақтау, қолдау









смайлик

арқылы мадақтау, қолдау

оқулық

www.bilimland.kz

білім беру платформасы

ONLINEMEKTEP








Сабақтың соңы

«Ойымызды жинақтаймыз» әдісі

Оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі жұмыстарын бағалау тапсырылады:

  1. Бүгінгі сабақтың мақсаты не еді?

Сабақ мақсатына жеттік пе?кері байланыс, рефлексия

ONLINEMEKTEP тапсырмаларын аяқтау

Оқушылар кері байланыс жасайды



оқулық ONLINEMEKTEP









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2021
1059
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі