(Ж) Оқулықпен
жұмыс
- Мектеп ережелері деген
не?
- Олар не үшін қажет
?
-Ереже сақтамаса не
болуы мүмкін? деген сұрақтарды талқылайды. Отбасылық немесе мектеп
өмірінен мысалдар келтіреді. Деректі материалдардан
«Этикет»-қоғамда қолданылатын ережелердің жиынтығы. Әр халықтың өз
ережелері бар. Қазақтардың ұлттық этикет шеңберіндегі күнделікті
әдет (сыйластық,дәстүр ұғымдары).Үлкендерді сыйлау,ең құрметті
қонақтарды, қарт адамды төрге отырғызу (дастарқан басындағы
құрметті орын), қоғамдық көліктерде үлкендерге орын беру, жасы
жағынан үлкен-кіші деп, әйел және ер деп әдеп сақтауды, үлкен
кісінің жолын кеспеу туралы айтып
түсіндіріледі.
ҚБ: Бірін-бірі
бағалау «Басбармақ»
(Ұ) «Жақсы жіне жағымды»
әдісі
Берілген сұрақтарға
байланысты мысалдарды талқылайды. Әркімге аталған тапсырманың бір
сұрағына жауап айтуға мүмкіндік беріледі. Мұғалім «Мектеп-біздің
ортақ үйіміз» деген мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіреді. Тірек
сөздерді (ереже, жауапкершілік, әдет, әдеп, этикет) және олардың
айтуына назар аудару. Мәтіннің түсінгенін бекіту
үшін «Жақсы және жағымды»ойыны
ойналады. Қарама-қарсы «Жақсы және жағымды», «Нашар және жағымсыз»
парақша ілінеді. Мұғалім оқушылардың мектептегі әрекеттерін мысалы:
Айжан барлығымен күлімсіреп амандасты.Асан сабақтан кешікті. Арман
сабаққа жақсы қатысты.т.б.оқушылар орындарынан тұрып тиісті
парақшаның жанына барып тұрады.
ҚБ: Ұжымдық
бағалау «От
шашу»
Сергіту сәті
«Көңілді
күн» әуенімен би қимылдарын
орындайды.
(Ұ) «Ашық микрафон»
әдісі
Оқулықтағы 24- беттегі
суретке қарап, ұл мен қызды санап, олардың санын салыстырады.
(<, >,= белгілері қойылады)Интер.тақтада орындайды. Әр топқа
берілген сұрақты бөліп беріп,сұраққа жауап беру
тапсырылады.
Суреттен оқушылардың
қандай әрекеттерін байқадық? Олардың қайсысы тәртіп сақтамады? Тағы
қандай сынып ережелерін білесің ?
Әңгіме құрап, суреттегі
оқушылардың әрекеттері мен үзіліс кезіндегі өз сыныптастарының
тәртібін салыстырады.
Қ.Б: «Смайлик» арқылы
өз-өздерін бағалайды.
«Ізден»
әдісі.
(ЖЖ.С.)
«Орындап
көр» тапсырма бойынша өз сыныбы
үшін бірлескен ереже құрастырып, постер дайындайды.Білімін бекіту
үшін мынадай сұрақ қойылады. Сыныпта бәріне қолайлы болу үшін
әрқайсысың қандай ережелерді сақтауларың керек? Әр топ бұл сұрақты
талдайды және постерді безендіреді.(Сурет салуға, жазу жазуға,
шартты белгілер ойлап табуға)
А: Мектеп, сынып бөлмесі, үйде
сақталатын ережелерді топтастырады.
В: Мектеп, сынып бөлмесі, үйде
сақталатын ережелерді салыстыра отырып,
әңгімелейді.
С: Мектеп, сынып бөлмесі, үйдегі
ережелерді саралайды, қорытынды
шығарады.
Қ.Б: «Басбармақ»
Жұптар бірін-бірі бағалайды.
(Ж)
«Кел,талқылайық!»
«Мұғалім гүл отырғызу
үшін жексенбі күні мектепке келуіңді сұрады. Ал сен достарыңмен
стадионға баруды жоспарлаған едің» Қандай шешім
қабылдайсың?
Тапсырманы жеке-жеке
талқылап,оны шешу жолдарын айтады.
Қ.Б:
«Қол соғу» арқылы өздерін
бағалайды.
(Ж)
«Анықта»
«Біз неліктен бір –
бірімізді тыңдауға, басқаның сөзін бөлмеуге тиіспіз?» Әр оқушы
өзінің пікірін айтады.
Қ.Б: Мұғалім әр
оқушыны түрлі жұлдызшалармен
бағалайды.
(Ө.Ж) Дәптермен
жұмыс
13 – 14 парақтағы
жұмысты орындату.
Мектепке нені апаруға
болмайды ?
-Мектепке апаруға
болмайтын заттарды қызыл түске боя.
-Тағы қандай заттарды
мектепке апаруғаболмайды?
Сол затттардың суретін
бос шеңберге боя.
«Тәртіпті болу қиын
ба?»
Суреттегі балалардың
дұрыс әрекеттерін анықтап, ұяшықтарды боя.Тапсырманы жұп болып
орындайды. Дұрыс әрекеттерді анықтайды. Өз ойларын
дәлелдейді.
ҚБ: «Бағдаршам»
арқылы өз-өздерін бағалайды.
Қалыптастыру
бағалауға берілген
тапсырмалар
1-тапсырма
Суреттегі қай балалардың
әрекетін дұрыс деп санайсыз? Белгілеңіз және түсіндіріңіз.
Мектептегі тәртіп туралы не айта
алады.
Дескриптор:
Білім алушы
- сурет бойынша жағымды/жағымсыз әрекеттерді
ажыратады;
- мектеп ережесі туралы ой
бөліседі.
2-тапсырма
Суреттерге мұқият
қараңыз. Оқушылардың әрекеттерін сипаттап
айтыңыз.
Дескриптор:
Білім
алушы
- суреттегі оқушылардың
іс-әрекеттерін сипаттайды;
- сипатталған әрекеттерге қатысты көзқарасын
білдіреді;
3-тапсырма
Қожа бірінші сабаққа
кешігіп қалды. Ол
не істерін білмей ойланып отыр. Қожаға қандай кеңес берер едіңіз?
Жұпта талқылаңыз.
Дескриптор:
Білім алушы
- кейіпкердің
іс-әрекетіне қатысты ой бөліседі;
- кейіпкерге мектеп ережесін негізге ала отырып, кеңес
береді.
|