Ынтымақтас
тық ахуал қалыптасты
ру
|
Психологиялық ахуал
«Қал қалай? Осылай!» ойыны.
Әр сұраққа балалар хормен «Осылай» деп жауап
береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді(әрекет).
Қал қалай? - Осылай! (бас бармағын
көтереді)
Жүріс қалай?- Осылай!(алақанда екі саусақпен
«адымдайды»)
Жүгіріс ше?- Осылай!(қолдарын шынтағынан бүгіп
жүгіргендей етіп қозғалтады.)
Түнгі ұйқы?-Осылай!(қолдарын бетінің астына салып
бастарын түсіреді.)
Аласың ба?-Осылай!(қолдарымен қармайтын әрекеттер
жасайды.)
Бергенде ше?-Осылай!(Қолдарымен бір затты беріп
тұрғандай қозғалтады.)
Ширату жаттығуы. «Бір
минут ішінде» (таймер қойылады)
Оқушылар бір минут терезеден
қарап тұрады. Уақыт аяқталған соң, мына сұрақтарға жауап
алынады:
Түйін.
Қозғалысты барлық жерден
көруге болады. Қозғалыс – бұл дененің бір жерден екінші жерге орын
ауыстыруы.
Топқа бөлу. «Ойыншығың
арқылы орныңды тап» тәсілі
Оқушылардың үйден әкелген ойыншықтары 4 топқа
бөліп қойылады.
|
Осы сұрақтарға жауап бергенде
сендер не істедіңдер?
(қимылдадық)
Қимыл деген не? (Оқушылардың болжамдарын
тыңдау)
Әр оқушы өзінің ойыншығы тұрған үстелге
отырады.
|
Таймер
ойыншықтар
|
Жаңа білім
Белсенді оқыту тапсырмалары
(топта,ұжымда)
Бекіту
Кері байланыс
|
Жаңа тақырып
1-тапсырма.
Топтық жұмыс. Суретпен
жұмыс. «Ажырат,
ойлан, қос» әдісі.
1-топ. Итеру арқылы
қозғалатын дене.
2-топ. Тарту арқылы
қозғалатын дене.
3-топ. Өз бетінше қозғалатын
дене.
4-топ. Әсер ету арқылы
қозғалатын дене.
Сергіту сәті. «Қозғалыс –
өмір» биі.
Музыка ырғағымен
бейнежазбадағы қимыл-қозғалысты қайталай отыра, билейді.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Зерттеп
көрейік»
1-қадам. Тақтайшадан көлбеу төбешік
әзірленеді. Төбешік төбесіне бастапқы нүкте белгіленіп, сол
нүктеден мәшинені ақырын итереді. Мәшине тоқтаған жерді белгілеп,
бастапқы нүкте мен тоқтаған нүкте аралығын сызғышпен немесе
сантиметрлік таспамен өлшейді.
2-қадам. Жолдың ортасына жаңа нүкте
белгілеп, мәшинені жолдың ортасына қойып, ақырын итереді. Мәшиненің
тоқтаған жерін белгілеп, бастапқы мен тоқтаған нүкте аралығын
өлшейді. Алдыңғы дерек пен соңғы деректі салыстырады.
Дәптермен жұмыс.
Дескриптор:
1.Нүктелер арқылы мәшине жолының бастапқы және
соңғы орнын белгілейді.
2.Жол соңындағы мәшиненің суретін
салады.
3.Мәшиненің жүріп өткен арақашықтығын
көрсетеді.
4. Мәшине жүріп өткен қашықтықты өлшеп, нәтижесін
жазады.
5. Жолдың ортасына жаңа нүкте белгілеп, тоқтаған
жерін белгілейді.
6.Бастапқы нүкте мен тоқтаған нүктенің аралығын
өлшеп, көрсетеді.
7. Алдыңғы дерек пен соңғы деректі
салыстырады.
Қорытынды: зат күштің әсерінен қозғалады, орнын
ауыстырады.
3-тапсырма. Жалпы сыныптық жұмыс. «Неге
олай?»
Жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте
жоғарыдан төмен қарай жіберіп, екеуінің қайсысы ұзағырақ жүретінін
іс жүзінде көреді. Неге олай екендігін түсіндіру
ұсынылады.
Заттың салмағы неғұрлым ауыр болса,
жүріп өткен қашықтығы соғұрлым ұзақ болады. (қажетіне қарай жетекші
сұрақтар қойылады)
Қосымша дереккөз. «Сен білесің бе?»
Интербелсенді тақтадан ұзын жолды көрсету.
Әлемдегі ең ұзақ түзу жол Австралияда. Бұл
жолдың ұзындығы – бір мың екі жүз километр.
Оқушыларға көздерін жұмып, осындай жолда жүруді
еслестету ұсынылады. «Қандай сезімде болдың? Мұндай жолда жүру
ыңғайлы ма?» сұрақтарын қойылады.
4-тапсырма. Жеке жұмыс. «Салыстыр. Қорытынды
жаса» Дәптермен жұмыс.
Әрбір мәшине жүріп өткен қашықтықты өлше. Алынған
санды торкөз ішіне жаз.
Салыстыр. Қорытынды жаса. Дұрыс сөзді таңдап,
сөйлемді толықтыр.
Мәшине неғұрлым ауыр болса, ол соғұрлым
_____________тоқтайды.
Қажетті сөздер: ұзақ, тез, ақырын, аз, үлкен,
жақын.
Дескриптор:
1. Әрбір мәшиненің жүріп өткен қашықтығын
өлшейді.
2.Алынған санды торкөз ішіне жазады.
3.Салыстырып, қорытынды жасайды.
4.Дұрыс сөзді таңдап, сөйлемді жазады.
«Әткеншек» ойыны. Оқушылар сыртқы және ішкі шеңберге
тұрады.
Рефлексия: «Зымыран, мәшине,
велосипед». Суреттердің астына суреттерді
жапсырады.
Зымыран – сабақ түсінікті болды
Мәшине – сабақ бойынша кейбір түсінбеген сәттер
болды
Велосипед – сабақ түсініксіз болды
|
Әр топ берілген суреттен тапсырмаға сәйкес денені
ажыратып табады, ойланып өзі тағы бір жаңа денені қосып
атайды
Нәтижесін жұмыс дәптерлеріне жазады.
Дәптерде жұмыс жүргізеді
Кейбір оқушы қорытынды жасайды
Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып
сабақта не болғанын бір біріне айтады.
|
интербелсенді тақта
сурет
ҚБ:
«От шашу»
тәсілі. Өзара
бағалау.
Қол шапапалақтау арқылы «От
шашу» жасайды
бейнежазба
Ермексаз тақтайшасы
Ойыншық мәшине
Сызғыш
Дәптер 28-бет
ҚБ: «Қызыл, жасыл, сары мәшине»
(мұғалімнің бағалауы)
«Жасыл мәшине» - тапсырма толық орындалған
«Сары мәшине» - тапсырмада сәл қателер бар
«Қызыл мәшине» - тапсырмада біраз қателіктер бар
мәшине стикер
жүк мәшинесі мен жеңіл мәшине
ермексаз тақтайшасы
ҚБ: «Түйінді сәттер» жекеленген қорытынды шығарып айта білген
оқушыны мұғалім тарапынан мадақтау
Дәптер 29-бет
ҚБ: «Плюс, минус»
«+» - тапсырманы дұрыс бағытта орындаған оқушының
жұмысына қойылады.
« - » - тапсырма мүлде орындалмаса
қойылады
Зымыран, мәшине, велосипед
суреттері
|