Материалдар / қысқа мерзімді жоспар, жаратылыстану 2 сынып. Тақырыбы:Алуан түрлі жануарлар. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

қысқа мерзімді жоспар, жаратылыстану 2 сынып. Тақырыбы:Алуан түрлі жануарлар. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар, 2 сыныпқа жаратылыстану пәнінен арналған. Тақырыбы: Алуан түрлі жануарлар. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
375
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні:

J

Пәні/Сынып:

Жаратылыстану / 2

Қай аптаның нешінші сабағы:

5-інші апта, 5-інші сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Жануарлар

Сабақтың тақырыбы:

Алуан түрлі жануарлар. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Оқу мақсаты:

- жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін білу, ажырату;

- бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);


Бағалау критерийі:

  • Бунақденелілер,балықтар,қосмекенділер,бауырымен жорғалаушылар,құстар және сүтқоректілер туралы ақпарат алады;

  • Алуан түрлі жануарларды таниды, ажыратады, зерттей алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы


Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Алдыңғы білім

- Өсімдіктер қандай жерлерде кездеседі? 

-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?


Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Өсімдіктерді өскен ортасына қарай орман, дала, шөл, тундра, тау және су өсімдіктері сияқты топтарға бөлуге болады.

Т- кесте әдісі. Ылғалсүйгүш өсімдіктер мен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің ұқсастықтары қандай? Келісемін/келіспеймін

Құрғақшылыққа төзімді Ылғалсүйгіш өсімдік

1.Табиғи жағдайға бейімделген (келісемін)

2.Жапырақтары жіңішке (келіспеймін)

3.Тамырлары ұзын(келіспеймін)


Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1 бет

7-8 минут

Жаңа сабақ

Жануарлардың даусын тыңдату арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Жануарлардың даусын естіп, оқушылар қандай жануар екенін айтады.

Салыстыр

- Суретте қандай жануарлар бейнеленген? - Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата.

- Олар балаларын қалай қоректендіреді?






Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Тасбақа, кесіртке, жылан бауырын жерге тигізіп қозғалады. Мұндай қозғалысты «бауырымен жорғалау» дейді. Бұл жануарлардың бауырымен жорғалаушылар аталуы осыдан шыққан.Бауырымен жорғалаушылардың терісі түлейді.

Бақа, саламандра, құрбақа мен құйрықты бақа қосмекенділерге жатады. Сырт қарағана , олар бауырымен жорғалаушыларға ұқсайды. Бірақ бауырымен жорғалаушылардың терісі құрғақ, мүйізі қабыршақ болады. Қосмекенділердің терісі үнемі ылғалды қажет етеді. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың дене құрылысы бастан, дене, төрт аяқтан тұрады. Жыланнан басқа бауырымен жорғалаушыларда мойын болады.

Суқоймаға өзен, көл, теңіз, мұхит жатады. Суқоймада ұлу, балық, ондатр мен қосмекенділер (бақа, құйрықты бақа, қолтырауын) мекендейді. Көпетеген балықтардың денесін қабыршақ жауып тұрады. Олардың жүзбеқанаттары мен құйрығы бар.

Сүтқоректілердің терісі жүнмен немесе түкпен қапталған. Сүтқоректілер- баласын тірі туатын жануарлар болып табылады. Құстардың денесі ұшуға бейім: денесі қауырсындармен қапталған, алдыңғы аяқтары қанат болып біткен. Олардың тұмсығы болады. Құстардың көпшілігінің көру қабілеті өте жоғары.

Бунақденелілердің басқа жануарлардан басты айырмашылығы – денелері бунақтарға бөлінген, үш жұп аяғы бар, денесі үш бөліктен тұрады; басы, көкірегі, құрсағы.

Жаңа тақырыпты меңгеру

Дескриптор: -жануарларды анықтайды және топтастырады.








  • Бунақденелілер, балықтар, қосмекенді лер,бауырымен жорғалау шылар,құс тар және сүтқоректі лер туралы ақпарат алды;


Презентация № 2 бет

8 минут

Тәжірибе


1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)

Зертте

Семантикалық карта

Топта

ры

Терісі

құрғақ, мүйізді қабыр

шақ болады

Денесін қабыршақ жауып тұр, жүзбеқанаттары мен құйрығы бар


Тұмсығы, қауырсыны, қанаты, екі аяғы мен құйрығы болады

Терісі үнемі ылғалды қажет етеді

Денесі үш бунақтан тұрады: бас, кеуде, құрсақ




Өсіп жетілгенше енесінің сүтімен қоректенеді

Сүтқоректілер







Құстар







Балықтар







Қосме кенділер







Бауыры

мен жорғалау шылар







Бунақде

нелілер








Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру


Дескриптор:

- жануарлар топтарын оқиды.

- жануарларды сипаттап, ажырата алады.







Бағалау критерийлерін ұсыну


  • Алуан түрлі жануарлар

ды таныды, ажыратты, зерттей алды.


Презентация 3 бет

3 минут

Бекіту


Жеке тапсырма ұсыну


Есте сақта! Жануарлардың мынадай топтары болады: сүтқоректілер; қосмекенділер; құстар; бауырымен жорғалаушылар; балықтар; бунақденелілер.

Тақырыпты меңгергенін анықтау

  • Бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар,құстар және сүтқоректілер туралы ақпарат алды;

  • Алуан түрлі жануарларды таныды, ажыратты, зерттей алды.



Бағалау критерийлерін ұсыну

"Жетістік баспалдағы" арқылы жалпы сабақтағы өзінің білім деңгейін көрсетеді

Презентация 4 бет



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!