Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар "Киім.Сән.Талғам"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар "Киім.Сән.Талғам"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жазылған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1500
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: Киім. Сән .Талғам


Мектеп: «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі»КММ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Амиренова Асыл Булаткановна

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық киімдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О4.Ауызекі стильдері мәтіндердің мазмұнын,тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсінеді, мазмұндайды және стилін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:екі түрлі стильде берілген мәтіндердің тілдік құралдарын салыстырады

Кейбір оқушылар орындай алады: көркем стильде берілген мәтінді ауызекі стиліне айналдырып баяндайды, қарым-қатынасқа түседі

Бағалау критерийі

1.Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын,стилін анықтайды

  • мәтіндерді түсінеді, тақырып қоя алады

  • мәтіннің мазмұнын үш сөйлеммен жеткізе алады

1 балл


2 балл


2.Мәтіндердің айырмашылығын табады және тілдік құралдарға салыстыру жасайды

  • көркем стильдегі мәтінді ауызекі стиліне айналдырады, қарым- қатынасқа түседі

2 балл


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: «Зымыран сұрақтар», «Артығын алып таста», «Суретке қарап сөйле», «Түртіп алу», «Венн диаграммасы», «Бір күні»хикаяты», «5-5-1» әдістері арқылы мәтінді түсінеді, тақырып қояды, мазмұндайды, салыстыру жасайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

қасаба,төбетей,жалбағай, желек

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мәтінде таныс емес киім атаулары бар ма?

Қандай ұлттық киімдер ұнайды?

Ұлттық киімдерді қай кезде киген дұрыс?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият сынды ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбы арқылы ішінара баулу

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері пәнінің «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері және музыкалық аспаптары» тақырыбының мазмұнымен байланысады

Алдыңғы оқу

3 мин

С. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен сабақ материалдарын қайталайды.

1.Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?

2.Күрделі сөздер қалай жазылады?

3.Зат есім мағына жағынан нешеге бөлінеді?

4. Деректі зат есімге екі мысал айт

5.Шығарма, газет атауына екі мысал келтір

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин


1.Ұлттық киім суреттері арқылы топқа бөлу

2.Сабақ мақсаты мен критерийлерімен таныстыру

3.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Артығын алып таста»ширату жаттығуын ұйымдастыру.

С.

«Артығын алып таста» ширату жаттығуы

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

2.Қазақтың ұлттық ойындары

3.Қазақтың ұлттық киімдері

4.Қазақ қыздарының ұлттық киімдері

5.Қазақ ұлдарының ұлттық киімдері

6.Қазақтың ұлттық жиһаздары

7.Қазақтың ұлттық ат әбзелдері

Ұлттық киім суреттері












Сабақтың ортасы



30 мин







С.

1-тапсырма( 10мин)

«Суретке қарап сөйле» әдісі арқылы оқушыларға ұлттық киім мен заманауи киім туралы сурет беріп, 7 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастырту

Бағалау дескрипторлары:

  • сурет бойынша мәтін құрастырып, тақырып қоя алады

  • сурет бойынша мәтін құрастырарда ұлтты киім атауларын тиімді пайдалана алады

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»


С.

(Барлық оқушылар орындайды)

Ауызекі сөйлеу стилі туралы ақпаратты тыңдайды, «Түртіп алу» әдісі бойынша қажетті ақпаратты есте сақтайды.

Т.

2 - тапсырма( 10 мин)

Оқылымға үш түрлі стильдегі мәтін ұсынылады.

1 мәтін

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де аса бай. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әртүрлі киім үлгілерін жасаған. Олар:

Тақия -үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар тағылған бас киім.

Қасаба- қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі

Қалпақ- ер адамдардың бас киімі

Төбетей- төбеге киетін жаздық шағын бас киім

Құлақшын (малақай)- қыстық бас киім

Жалбағай- малшылардың жаздық бас киімі

Сәукеле - ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі

Сәлде - молдалардың орап киетін бас киімі

Желек - сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.

2 мәтін

Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?

Бота:Не боп қапты,Жәудір?

Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы

Бота: Иә, аштым

Жәудір:Қай жарнамаға көзіңіз түсті?

Бота: Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым.Қара,қара,көйлектерге жеңілдіктер бар екен!

Жәудір: Қойшы, рас па?Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық!

Бота: Жоқ.Бүгін бара алмайм.

Жәудір:Мен бүгін бармасам,бармағымды тістеп қалармын.сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.


(Кейбір оқушыларға орындайды)

3 мәтін

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады:

Орта бойлы дембелше,

Алтынды қамзол жейдеше.

Шын сипатын қараса

Бұрынғы қыздан өзшеге.

Алтын шыны кеседей

Ек көзінің шарасы.

Бәйіште жанған шам-шырақ

Көзінің гауһар қарасы.

Туған айдай иілген

Екі қастың арасы.

Сымға тартқан күмстей

Он саусақтың саласы.

Сондай- ақ болып туар да

Адамзаттың баласы!

Осы екен деп Қыз Жібек

Жетіп келді қасына

Базарбайдың Төлеген.

«Қыз Жібек»жырынан

(Кейбір оқушы орындайды )

Көркем әдебиет стилінде берілген мәтінді ауызекі сөйлеу стиліне ауыстырып айтады,қарым-қатынасқа түседі.

(Көпшілік оқушылар орындайды)

Екі түрлі мәтінді оқып, тілдік құралдарға салыстыру жасап, «Венн»диаграммасына салады.

(Барлық оқушылар орындайды)

Екі мәтінді оқып,тақырып қойып, салыстыру кестесіне салады.


Бағалау дескрипторлары:

  • Мәтіндерді түсінеді, салыстыру кестесіне сала алады

  • Мәтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын таба алады.

  • Мәтінді ауызекі сөйлеу стиліне айналдыра айналдырып, тілдік құралдарды пайдалана алады.


Кері байланыс

«Рефлексия пирамидасы»

1.Мен үйренген төрт нәрсе

2.Осы тақырыпқа дейін мен білетін үш ақпарат

3.Менің көбірек білгім келетін екі мәселе

4. Есте сақтау керек ең маңызды бір ақпарат

3-тапсырма (10 мин) (Барлық оқушылар орындайды)

Мәтінді «Бір күні» хикаяты» бойынша ауызекі стилінде мазмұндайды.


Бағалау дескрипторлары:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Тілдік құралдарды тиімді пайдалана алады.

Кері байланыс «Рефлексивті экран»

1.Бүгінгі сабақтан ұққаным...

2.Мен үшін жаңалық болғаны…

3.Мен үшін түсінуге қиын болғаны…

4.Сәтті шыққаны…

5.Жетілдіруді қажет ететіні…

Суреттер























таныстырылым

Салыстыру кестесі


1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы



Мазмұны



Тілдік құралдар





































































































Рефлексия пирамидасы

Сабақтың

соңы



5 мин






С.

«5-5-1» әдісі арқылы «Ауызекі сөйлеу стилі» мен «Қазақтың ұлттық киімі» тақырыбы бойынша5 сөйлем. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы

ҚБ жүзеге асыру


Қосымша мәлімет


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тақырып бойынша қолдауды аз қажет ететін оқушылар жаңа грамматикалық түсінікті «Түртіп алу»әдісінен кейін көркем әдебиеттен алынған мәтінді ауызекі сөйлеу стиліне айналдыра алады. Қолдауды көп қажет ететін оқушылар «Салыстыру кестесіне»мәтінді тірек сөздерге қарап отырып, оңай сала алады.

«Екі жұлдыз, бір тілек», «Рефлексия пирамидасы», «Рефлексивті экран»арқылы кері байланыс алу, сабақты қорытып, бағалау. «5-5-1» әдісі арқылы ауызекі сөйлеу стилі мен ұлттық киім туралы білімдерн қорытындылау

ға мүмкіндік береді

Бейнелеу өнері пәнінің «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері және музыкалық аспаптары» тақырыбының мазмұнымен байланысады. Зайырлы қоғам және жоғары руханият сынды ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбы сабақтың ортасында қарастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!