Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар "Қиял-адамға тән қасиет" 5-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқа мерзімді жоспар "Қиял-адамға тән қасиет" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін.Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасақталған. Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, қалыптастырушы бағалау мен саралау тапсырмалары қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1461
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 6-бөлім Қиял әлемі Күні: 09.01.2018 ж.Сынып: 5- сынып Мектеп: Мұнайлы ауданы Атамекен селосы «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КМММұғалімнің аты-жөні: Акмурзаева Б.С.Қатысқандар: 26 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:Қиял – адамға тән қасиет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Т/А.5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. 5.1.5.1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруО5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.Кейбір оқушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Бағалау критерийлері

Білім алушы- Мәтін мазмұнын түсінеді.- Нақты ақпаратты анықтайды.- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.- Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейлеріБілу, түсіну және қолдану

Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «қиял», «қиялдау», «қиялшыл», «арман», «қиял-ғажайып», «шындық»Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймінТалқылауға арналған сұрақтар:• «Қиял», «қиялдау» сөздерінің мағынасы қандай? «Қиял» мен «арман» сөздерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар деп ойлайсың? • Қиял-ғажайып ертегі дегенді естідің бе?Оның басқа ертегілерден қандай айырмашылықтары бар?
Құндылықтарға баулуЗайырлы қоғам және жоғары руханият.Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.


Пәнаралық байланыс
Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.


Тақырып бойынша алдыңғы білім


«Бос уақыт және хобби» бөліміне жалпы шолу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы

3 минут
Қызығушылықты ояту.«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі.Оқушыларды топқа бөлу.
  • Қиял
  • Арман
  • Шындық


  • Қима қағаздар
    Сабақтың ортасы

    Білу, түсіну,5 минут























    Бағалау критерийлері Білім алушы:- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.Мағынаны тану1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма. «Ой шақыру» әдісі Тыңдалым алдындағы тапсырма
  • Берілген суретті мұқият қарап, не байқағаныңызды айтыңдар.
  • Тыңдайтын мәтініміз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.
  • Қиял дегеннің не екенін білесіздер ме?






  • Сурет





































    Қолдану



    15 минут


    «Идеяны ұстап ал» әдісі
  • Тыңдалым барысы тапсырмасы
  • «Қиял – адамға тән қасиет» мәтінін аудиодискіден тыңдайды. Қиял- адамға тән қасиет Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады. Әр адамның қиялы әртүрлі болады.Ол адамның жасына, өмірден көрген –білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды. Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.

    Тыңдалым мәтінінен не түсіндіңдер? (Оқушылар түсініктерін айтады)
  • Мәтінді қайта тыңдау арқылы нақты сұрақтарға жауап береді.


  • Қиял қалай пайда болады?
  • Неліктен қиялды адамға тән қасиет дейміз?
  • Қиялдың әр адамда әр түрлі болуының себебі неде?
  • Қиял мен шынықтың арақатынасы қандай?
  • Қиялдың адам өміріне әсері қандай?
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар
  • Сен нені қиялдайсың?
  • Қиялдың шындыққа айналуы мүмкін бе? Дәлелде.
  • Өзің қиялдап көрдің бе?
  • Қиялдай білудің қандай пайдасы бар?


  • Дескриптор - Мәтінмазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

    Қалыптастырушы бағалау Смайликтер арқылы

    Кері байланыс














    Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі«Атамұра» баспасы 2017 жыл

















































































































    Смайликтер бейнеленген суреттер
    5 минутБағалау критерийлері Білім алушы:
  • Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді.
  • 2-тапсырма. «Бумеранг» әдісі.Топтық жұмыс.Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға оң ықпалын тигізеді.

    Дескриптор
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
  • Өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.


  • Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»


    Сергіту сәті 1 минутҚыдырып қайтайық!» би билеу

    «Қыдырып қайтайық!» биіСілтемеhttps: //v-s.mobin












    5 минут









































































































































    Білу, түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгейлер





    4 минут







































    Бағалау критерийлері Білім алушы
  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.
  • Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.
  • Сұраққа жауап береді.
  • 3-тапсырма. Топтық жұмыс «Балық қаңқасы» әдісі(Үш топқа мәтіннің үш бөлімі беріледі. Әр топ берілген бөлім бойынша екі сұрақ құрастырады, келесі топтың сұрақтарына жауап береді.)

    Адамдардың қиялдауына тән кейбір , ерекшеліктер бар:
  • әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты болады. Мысалы, ыстық күнде салқын суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен сабаққа дайындалмай келгендіктен мұғалімнің көзіне түспей, құтылып кетуді ойлап отырған оқушының қиялын салыстырып көруге болады;
  • қиялдың әртүрлі болуы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім, тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, білімді ересек адамның қиялы мен енді ғана айналасына көз салып, дүниені тануға ұмтылған жасөспірімнің қиялын салыстырып, бағалауға болмайды;
  • қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М.Жұмабаев,- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, Күнмен бірге күліп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып-өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»




  • Дескриптор Білім алушы
  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастыра алады
  • Берілген сұрақтарға нақты жауап береді
  • Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі





    Бағалау критерийлері Білім алушы:
  • «Қиял» сөзіне түсінік береді.
  • Қиял, арман сөздерін Венн диаграммасына салады.
  • «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.
  • . «Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
  • «Қиял шындыққа ұласады» тақырыбына бес бес сөйлемді эссе жазады.


  • 4-тапсырма. (Саралау тапсырмасы)Білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсымаларды әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқуға ынталандыру.
  • «Қиял» сөзіне түсінік береді.
  • Қиял мен арман сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
  • «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.
  • «Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
  • «Қиял шындыққа ұласады» тақырыбына


  • Дескриптор
  • Қиял» сөзіне түсінік бере алады..
  • Қиял, арман сөздерін Венн диаграммасына салып, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын көрсете алады.
  • «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.
  • . «Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастыра алады..
  • «Қиял – шындыққа ұласады» тақырыбына бес сөйлемді эссе жазады.
  • Қалыптастырушы бағалау.Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау)




















    Сабақтың соңы



    2 минут
    Рефлекторлық экранМенде бәрі сәтті шықты...Мен ... үйрендімСабақта мен орындай алдым...Бәрінен маған ұнағаны...Бәрінен маған қиын болғаны...«Рефлекторлық экран» әдісіОқушыларға кері байланыс тапсырмалары жазылған қима қағаздар беріледі.
    Қосымша ақпарат
    Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз?Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланыс,құндылықтарменбайланыс
    Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар бердім.Мәтіннен негізгі ойды анықтау; нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру; оқушының оқуға деген ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмаларын ұйымдастырдым. Барынша қолдау көрсету үшін төмен деңгейлі тапсырмалар:Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтау; Орташа қолдау: Негізгі ақпаратты ала отырып, кестелер толтыру;Қолдау көрсету шектеулі оқушылардың деңгейіне қарай шығармашылық тапсырмалар орындау. Тапсырмаларды интерактивті тақтадан көрсетемін. 1. «Қиял» сөзіне түсінік беріңіз.2.»Венн диаграммасы» әдісімен «қиял», «арман» сөздерін Венн диаграммасына салыңыз.3. «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыз.4. «Сэнквейн» әдісі бойынша «Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастырыңыз.5.»Бес сөйлемді эссе» әдісі бойынша «Қиял – шындыққа ұласады,..» тақырыбына эссе жазыңыз. Тапсырмаларды интерактивті тақтаға шығарамын. Оқушылар өздері таңдаған тапсырмаларды орындайды.

















    Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайликтер» арқылы және графикалық түрде жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілері арқылы бағалаймын. Бұл әдістер оқушылардың бірін- бірі бағалай білуге, шынайылыққа үйретеді.Қалыптастырушы бағалау білім алушының алға ілгерілеуіне, нәтижеге қол жеткізуге ынталануына ықпал жасайды.. Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері
    578тг - Сатып алу
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!