400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Қышқылдардың химиялық қасиеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қышқылдардың химиялық қасиетімен тәжірибе жүзінде таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Химия

Бөлім:

7.3А Химиялық реакциялар

Педагогтің аты-жөні:

Кашканова Г.М.

Күні:

18.01.2023 ж.

Сынып: 7 «Г, А, В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Сұйытылған қышқылдардың металлдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазады. Қышқылдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атай алады. Металдардың белсенділік қатарын біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Сұйытылған қышқылдардың металлдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазып, қорыта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

2 мин





Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу;

  • Жағымды ахуал қалыптастыру.




Оқушылар амандасып болған соң, саусақтарын тырсылдатады, шапалақтайды, тарсылдатады, барлығы хормен «Тамаша» деп айтады.


Презентация

Өткен білімді еске түсіру

3 мин

Жеке жұмыс: «Сәйкестікті тап»

(Қышқылдар мен сілтілердің атаулары мен формулалары беріледі, атауы мен формуласын сәйкестендіру).

Қышқылдар мен сілтілердің атаулары мен формулаларын сәйкестендіреді.



Оқушылардың жауаптарын смайлик арқылы бағалау.


Жаңа білім

10 мин











22 мин


Оқулықпен жұмыс:

- §12, 66-бет (тақырыпты өз бетімен оқып шығу);

«Блум түймедағы» әдісі жаңа тақырыпты берілген сұрақтар арқылы меңгеру.

  1. Қышқылдар қандай химиялық реакцияларға түсе алады ?

  2. Сұйытылған қышқылдар қандай металдармен әрекеттеседі?

  3. Кернеу қатарында қандай металдар сутегін ығыстырып шығара алмайды?

Оқулықтағы мәтінмен танысып, берілген сұрақтарға жауап іздейді, ойланады.





«Бас бармақ» әдісі



Жұптық жұмыс:

- Қышқылдармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері;

- №9 Зертханалық тәжірибе

«Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі»

Реактивтер

Құрал-жабдықтар мен ыдыстар

1.Мырыш түйірі;

2.Тұз қышқылы (HCl) ерітіндісі

Сынауықтар;

Қысқыш


Қауіпсіздік ережелерінің белгілері арқылы қышқылдармен қалай жұмыс жасау керектігі еске түсіріледі.


Оқушылар зертханалық жұмысқа қажетті реактивтер, химиялық ыдыстарды, жұмыстың барысын оқулықтан жазып алады.

Тәжірибенің жүргізілуін көрген соң, құбылысты түсіндіріп, қорытынды жазады.





Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тәжірбиені талдау.


Қауіпсіздік ережелерінің

белгілері (слайд)


7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

https://youtu.be/hb3s5FUxtK8




Бекіту

5 мин

Жеке жұмыс арқылы тақырыпты пысықтау (тұжырымдау, саралау)

Суреттер сөйлейді”

А, В, С, D және E сынауықтарында натрий, кальций, мырыш, мыс және темір металдарының үлгілері салынған. Әр сынауыққа бірдей көлемде сұйылтылған күкірт қышқылы құйылды.

- Төмендегі суреттерге қарап, газдың бөліну жылдамдығына байланысты, қай сынауықта берілген металдардың қайсысы салынған?

- Белсенділік қатарын құру:

- Реакция теңдеулерін жазу.

Металдардың белсенділік қатарын пайдалана отырып, металдар мен сұйытылған қышқылдардың әрекеттесу реакция теңдеулерін жазады.




Смайликтер арқылы бағаланады.

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Кері байланыс

2 мин


«Бағалау ағашы»

Мұндағы:

Алма- бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл- бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ- бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Оқушылар алма, гүл және жапырақ суреттерін алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады.



Үй тапсырмасы

1 мин

Тапсырма:

§12, 66-бет (тақырыпты түсініп оқу);

4 тапсырма 66-бет

Оқу тапсырмасын жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл

7-сынып оқулығы;

Жұмыс дәптерлері

Бағалау

Оқушыларды формативті түрде бағалау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.02.2023
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі