Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Қызығушылықты
ояту
0-3
|
Ынталандыру
Қол алысып, кәне,
біз,
Достасайық
бәріміз.
Айтарым барсендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандайжақсы дос болу!
Біз бүгін сабақта
мектеп, мектептегі достар туралы айтуды жалғастырамыз. Сен сыныптас
достар таптың ба?
|
Оқушылар мұғаліммен бірге
өлеңайтады.
|
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
«Доп
лақтыру» әдісі.
Мұғалім допты бір
оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы сандарды тура санайды.
Мұғалім допты басқа оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы
сандарды кері санайды. Ойын осылай бірнеше рет
жалғасады.
|
Оқушылар сандарды
тура және кері санайды.
|
|
«Доп
лақтыру» әдісі.
|
7-10
|
Мақсат қою (мәселелік
жағдаят).
Сырым пен Әлия
фигураларды санады. Әр
түстен неше фигура бар? Барлығы неше фигура екенін қалай білуге
болады? (Оларды санауымыз қажет.)
Математикада жазу үшін сандар мен таңбаларды
пайдаланады.
|
Мәселелік жағдаятты
түсінеді.
|
|
Фигуралар.
|
Мағынаны
тану
10-15
|
Жаңаны
ашу.
Қосу
ортақ элементтері жоқ
жиындарды біріктіру амалына: екі топ заттарынжақындату, біріктіруге
сәйкес келеді. Қосу амалын «+» - «плюс» таңбасын
белгілейді.
Азайту жиынның бір бөлігін
бөліп әкету амалына: топтан бірнеше заттарды жылжытуға, алыстатуға,
алуға сәйкес келеді. Азайту амалын
«–» - «минус» таңбасын
белгілейді.
Оқулықтағы №1 тапсырмадағы
суретті қарайық. Мектептің алдында неше ұл бала тұр? (Екі.) Оларға
қанша ұл бала жақындады? (Бір.) Енді барлығы қанша ұл бала болды?
(Үш)
Мектептің алдында қанша қыз
бала тұр еді? (Үш) Қанша қыз бала мектепке кетті? (Бір.) Енді қанша
қыз бала қалды?(Екі)
Мұғалім цифрлар мен таңбалар
көмегімен жазуды ұсынады.
Мұғалім оқулықтағы ережені
көрсетіп, жазудағы сандардың атауларын айтады. Оқушыларға қосу және
азайтудың компоненттерін, олардың нәтижелерін хормен айтуды
ұсынады.
Дәптердегі №1 тапсырманы
орындау ұсынылады.
+, - таңбалары қалай жазылатынын анықтап қара (баспа
негіздегі дәптердегі жазу).
|
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді.
Оқушылар сандарды көрсетіп
хормен айтады және жаңа терминдерді атайды: қосылғыш, қосылғыш,
қосыгды, қосындының мәні, азайғыш, азайтқыш, айырма, айырманың
мәні.
Дәптердегі жазуды
орындайды.
|
|
Оқулық,
дәптер.
Баспа негіздегі жұмыс
дәптері
|
15-20
|
Жаңаны
қолдану
«Жұптас, ойлан,
бөліс» әдісі. Оқушылар жұптасып,
ойлана отырып ойларымен бөліседі. Оқулықтағы №2 тапсырманы
жұппен орындайды. Суретке қара.
Не өзгерді? Тапсырманы
түсіндіре отырып орнында отырып орындайды.
(Не өзгерді – заттар
көбейді немесе азайды? Қандай амал таңбалары
қолданылды?)
|
Оқушылар ненің өзгергенін
түсінеді. Қандай амал қолданылғанын
анықтайды.
|
Мұғалім жұптық жұмыста
белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша
бағалайды.
Жұлдызша –
«Жарайсың»,
Төртбұрыш –
Жақсы,,
Үшбұрыш –
Талпын..
|
Оқулық,
дәптер.
«Жұптас, ойлан,
бөліс» әдісі.
|
20-25
|
Оқып-үйренгенді
меңгергенін тексеру
Оқулықтағы №3 зерттеушілік
тапсырманы орындауды ұсынуға
болады.
Жаңа терминдерді пайдалана
отырып оқиды. Мұғалім карточкалардың түсіне назар
аудартады.
Қосындының және айырманың
мәндерін табуды ұсынады.
|
Қосу мен азайту амалдарының
компоненттерін атайды.
Оқушылар қосындының
және айырманың мәндерін түсіндіре отырып
табады.
|
|
Оқулық,
дәптер.
|
25-32
|
Осыған дейін өтілген
материалмен жұмыс.
Оқулықтағы №4
тапсырманы өз бетімен дәптеріне орындайды. Мұғалім торкөзге қалай
жазылатынына назар аудартады. Дәптерге жазу ережесін
түсіндіреді.
|
Торкөз дәп терге
жазады.
Әртүрлі нұсқаларды пайдаланып
жазудды оқиды:
Екіге бірді қоссақ үш
болады.
Екі қосу бір үшке
тең.
Үштен бірді азайтсақ екі
шығады.
Үш азайту бір екіге
тең.
|
Оқушылардың жұмысы смайлик
беру арқылы бағаланады.
|
Дәптер.
|
Рефлексия
32-35
|
«Бағдаршам»
әдісі.
Қызыл түс – сабақта көп
нәрсені түсінбедім, сабақтағы мәліметтер саған керек емес, сабақта
белсенді бола алмадым, жауап берген
жоқпын.
Сары түс – сабақ қызықты
болды, белсенді болдым, сабақта пайдалы мәліметтер алдым, орнымнан
жауап бердім, бірнеше тапсырманы өзім орындадым, сабақта мен өзімді
жақсы сезінемін.
Жасыл түс – сабақта
белсенді болдым, сабақта көп пайдалы мәліметтер алдым, көп жұмыс
жасадым, өзіме тиісті баға алдым, маған бәрі түсінікті
болды.
|
Сабақ аяқталған соң балалар
бағдаршамға сары, қызыл, жасыл түсті стикерлерін
жабыстырады.
|
|
«Бағдаршам» әдісі.
|