Материалдар / Қысқа мерзімді жоспар, Тақырыбы: "Жердегі тіршілік үшін судың маңызы" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді жоспар, Тақырыбы: "Жердегі тіршілік үшін судың маңызы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәнінің оқытушылары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1 бөлім. Молекулярлық биология және биохимия

Колледж«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Буданова А.С.

Сынып: 10

Қатысқандар: 

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Жердегі тіршілік үшін судың маңызы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін

судың іргелі маңызын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсінеді судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайды

Көптеген оқушылар: Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігімен, судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастырады және жарнама жасайды

Кейбір оқушылар: Судың тіршілік үшін маңыздылығын, өз іс-әрекеттері арқылы суды үнемдеу керектігін өмірмен байланыстырып зерттейді,қорытынды шығарады.

Бағалау критерийі

-Суды үнемдеу жолдарын біледі, басқаларға түсіндіре алады.

-Судың тіршілік үшін маңыздылығын анықтайд

Тілдік мақсаттар


Диалогке арналған тармақтар:

Суды үнемдеу туралы өз ойлары мен пікірлерін жеткізеді; Сөздік қорларын дамытады, сұрақтарға жауап береді.

Жазылымға арналған тіркестер: Су тіршіліктің ....

Пайдалануға жарамды су.....

Терминология:

Ауыз су, табиғи байлық, үнемдеу

Құндылықтарға баулу

Ауыз судың қасиетін білу және үнемдеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Экология – судың ластануы, адамның іс-әрекеттері.

Химия – Менделеев кестесіндегі химиялық элементтер.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Судың табиғи көздерін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарланған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

(дереккөздер)

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

А)сәлемдесу

Ә)түгендеу

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты анықтау.

  1. Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

  2. Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?

  3. Адамдар қандай суды пайдаланады?

Топқа бөлу. «Саяхат» әдісі

Стол үстінде белгілері жатады. Оқушылар таңдауы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1 – топ «Өзен»

2 – топ «Мұхит»

3 – топ «Теңіз»

Суреттер бейнеленген парақша


Сабақтың ортасы


1 тапсырма. Оқулық мәтіні арқылы судың маңызын анықтап, топтастырылады.

Оқыту формасы: топтық жұмыс

Әдісі: «Досқа көмек»

1-топқа Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жаса

2-топқа.Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастыр

3-топқа. «Су-тіршілік көзі» шағын сахналық көрініс құрастыр.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жердегі тіршілік үшін судың маңызын анықтайды.

-Ауыз суды үнемді қолдануға жарнама жасайды

-Судың тіршілік үшін маңыздылығына ереже құрастырады

- «Су-тіршілік көзі» тақырыбында шағын сахналық көрініс ұйымдастырады


«Бағалау терезесі» әдісі арқылы оқушылардың түсінбей қалған сұрақтарын сыныптастары кері байланыс арқылы жетілдіріп отырды. Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

Маған бәріде түсінікті

Сұрақтар пайда болды

Мен есте сақтадым

Түсінбедім

2 тапсырма. Бейнежазба арқылы жердегі тіршілік үшін судың маңызын анықтап, ауыз су мәселесінің шешу жолдарын ұсынады.

Оқыту формасы: жеке жұмыс

Әдісі: «Үштік»

  1. Бейнежазбада қандай мәліметтер айтылды?

  2. Судың адам денсаулығына маңызы қандай?

  3. Ауыз суының маңызын атаңдар.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Судың адам денсаулығына маңызын анықтайды. Ауыз суының маңызын атайды.

-Бейнежазбада көрсетілген мәліметтер туралы айтады.

-ауыз судың маңызын көрсетеді.

Осы тапсырма бойынша алған мәліметтерін жинақтау мақсатында «Ақпаратты сүзу» әдісін пайдалана отырып, оқушылар бір – біріне кері байланыс беру арқылы білімдерін толықтырып, бір – бірін бағалайды.





















Интербелсенді тақта,компьютер, топқа бөлу үшін шартты

белгілер








https://youtu.be/uI7D4LzO2pM

Сабақтың соңы

Қорытынды

«5 минуттық диктант» әдісі арқылы бүгінгі сабақ барысында алған білімдерін қорытындылайды.

-Су — тірі организмдердің өмір сүруін ....

-Судың басқа кәдімгі қосылыстардан айырмашылығы......

-Су молекулалары бір-бірімен және

Қосымша ақпарат


Саралау –оқушыларға қалай көбірек

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

Міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған саралау - жоспарлы жаттығулар арқылы жүзеге асып отырды.

Атап көрсетсем сабақ барысында саралау оқу мақсатына сүйене отырып, сабақтың мақсатын барлық оқушылар орындай алады, көпшілік оқушылар және кейбір оқушылар орында алады деп сараланып алынды. Одан әрі қарай жұмыс түрлері оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі әдіс тәсілдер мен дереккөздерді пайдалана отырып, әр тапсырмалар оқушылардың деңгейлеріне байланысты қадамдар арқылы сараланып берілді.

«Досқа көмек» әдісі

Бұл әдіс арқылы білім алушылардың оқу мақсатына жетелеуге орай топтық жұмыстарды қолдана отырып, минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды анықтап, топтастырады. Сызба сызу тапсырмаларын орындауда тиімді қолданылды.

Бекіту тапсырмасы ретінде «5 минуттық диктант» әдісі арқылы биологиялық диктант жазды.

Тапсырмаларды әр түрлі қадамдар және түрліше дереккөздерін пайдалана отырып саралап орындату мақсатында оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен ішкі уәжі артып, оқуға деген ынтасы жоғарылайды деп ойлаймын.






Сабақ кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және ынтасын арттыру және ішкі уәжін өсіру мақсатында белсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып, әр оқушының оқуын және сол орындалған тапсырманы оқушы қаншалықты меңгергенін тексеру және білімін жетілдіру үшін бірнеше қалыптастырушы бағалау тәсілі келтірілген. Жердегі тіршілік үшін судың маңызын білу үшін «Бағалау терезесі» әдісі арқылы кері байланыс алдым.

Бейнежазба арқылы жердегі тіршілік үшін судың маңызын тапсырмасын орындау деңгейін білу мақсатында «Ақпараттар сүзгісі» әдісін пайдаландым. Бейнежазбада айтылған мәліметтерді есте сақтау қабілеттерін бақылай отырып оқушылар бірін – бірі бағалады.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Блоб ағашы» әдісін қолдандым. Оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін қорытып, өз деңгейлерін көрсетті.

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында міндетті түрде кері байланыс берумен бірге мадақтау сөздерін айтып отырамын.


Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!