Қысқа мерзімді жоспары. Информатика 9 - сынып. Желілік этикет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспары. Информатика 9 - сынып. Желілік этикет

Материал туралы қысқаша түсінік
9- сынып . Информатика сабағы. Жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: _________

Сабақтың тақырыбы: Желілік этикет

Мақсаты (оқушыға бағытталған): Желіде жұмыс жасау барысында этикалық және құқықтық стандарттардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту;

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Этикет (франц. etiquette) – белгілі бір ортада қабылданған мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, өзін-өзі ұстау ережелері мен нормалары.

Интернет желісінің қарқынды дамуы нәтижесінде адамдардың виртуалды қарым – қатынас жасау мүмкіндіктері артты. Желіде қарым – қатынас жасаудың түрлі формалары пайда болды.

Желілік этикет – бұл адамдардың Интернеттегі қарым-қатынасы мен Интернет қоғамдастығының қарапайым ережелері, дәстүрлері мен мәдиниеттерін білдіреді.

Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Веб-форум – бір тақырыпта немесе бірнеше тақырып бойынша Интернетті пайдаланушылар арасында байланыс орнату ортасы.

Чат – көптеген пайдаланушыларға бір уақытта бір-бірімен байланысуға және хабар алмасуға мүмкіндік беретін қызмет түрі.

Флейм – әңгімеге қатысушылардың жазғандарының мән –мағынасына қарамай әртүрлі көңіл күйді көрсететін смайлдар жіберу.

Флуд – мағынасы жоқ хабарлар ағыны.

Смайлдар – қарапайым «суреттер».

Желілік этикет ережелері:

1. Желіде адаммен сөйлесіп отырғаныңды ұмытпа.

2. Желіде нақты өмірдегідей мінез-құлық ережелерін ұстан.

3. Киберкеңістікте (виртуалды әлемде) жұмыс жасап жатқаныңды естен шығарма.

4. Өзгелердің уақыты мен мүмкіндігін құрметте.

5. Желіде жұмыс жасағанда үнемі адами бетбейнеңді сақта.

6. Көмектесу мүмкіндігі болған жағдайда басқалардан көмек қолыңды аяма.

7.Желіде ешкіммен ұрсыспа, дөрекілік көрсетпе.

8. Адамның жеке өміріне қол сұқпа. Жеке хаттар мен жазбалар құқығын сыйла.

9. Желі қызметін теріс пиғылда пайдаланба.

10. Желідегілерді құрметте, әдеп нормасын үнемі назарда ұста.

Есіңізде сақтаңыз

Чатқа кіргенде чат қатысушыларымен сәлемдесіп, шығу кезінде қоштасуды ұмытпа.

Өз ойыңды жүйелеп, сұрақтарға қысқа және нақты жауап бер.

Чат қатысушыларымен диалогке түсуде алдыңғы сұхбаттасушымен диалогті аяқтап, содан кейін басқасымен диалог құр.

Желідегі зиянды шабуылдарға назар аударма.


Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Атамұра, opiq.kz

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Жоғарыда қарастырылған желілік этикет ережелеріне тағы не қосуға болады? Желіде жұмыс жасаудың өзіндік этикет ережелерін жасап, оны ұсыныңдар.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі