Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
454
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіш-
тік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы және Әскери ант туралы түсінік беру.

  2. Уақыты: 40 минут.

  3. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Армия дегеніміз не?

  • Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 22 мин. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіш-
тік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери антты қабылдау рәсімдері қалай өтеді?

  • ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?

  • ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?

  • Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?

  • Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?

  • Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қандай?

  • Мемлекеттік Ту дегеніміз не? Ондағы бейнелер мен өрнектер нені білдіреді?

  • Елтаңба туралы түсінігіңді айтып бер.

  • Мемлекеттік Гимнің мәтінін жатқа айт.

  • ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

  • Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол
    туралы түсінігіңді айтып бер.

  • ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.


ӘҚН. Т.2. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіштік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.


Алғаш рет әскери қызметке алынған, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында әскери ант қабылдайды.

Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат. ҚР Президентінің 1992жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар.

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1992 жылғы

25 тамыздағы Жарлығымен

Б Е К І Т І Л Г Е Н

ӘСКЕРИ АНТ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.

Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.

Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп, жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.

Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады. Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады. Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады. Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы өз орнына тұрады.

Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық байқау үшін салтанатты шерумен өтеді.

Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді. Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде қызмет ету – Отан алдындағы ҚР азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады. Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғауға өзін дайындауға және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ар - намыс мәселесі дегеніміз – халық алдындағы өзінің конституциялық міндетін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады.

Әскери ант мәтіні Конституция мен ҚР-ның заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер болуды, Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуды талап етеді.

Әскери абырой – жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік қатынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген әскери ұжымның және бүтіндей қоғамның қатынасы.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Әскери қызметшінің моральдық - саяси, жауынгерлік қасиеттері - әскери антқа адал болу, ержүректік, қырағылық. Ең негізгі талаптың бірі – адал болу. Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсене қатынасады.

Ант қабылдаған кезінде, жауынгер ержүрек батыл болуға ант береді. Ал батырлық ерлік дегеніміз не? Батылдық, ерлік дегеніміз – жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны. Егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап қырағылық танытса, постқа шабуыл жасау жағдайлары болмайды.

Қазақстан армиясында біздің республикамыздың барлық өкілдері қызмет етеді. Мұнда олар әскери жолдастық пен әскери туысқандықтың өзіндік мектебінен өтеді. ҚР ҚК бұрынғы одақтық армия құрамалары мен бөлімдерінің базасында құрылған, олардың ішінде көпшілігі ұрыстық әрекеттерге қатысып, құрметті атауларға ие болған, ұрыс наградаларымен марапатталған. Олар аса мол тәжірибе жинақтаған, оларда белгілі бір адамгершілік нормалары, армия өмірінің ережелері мен салттары қалыптасып, жауынгерлердің бір ұрпағынан екінші ұрпағына өте отырып, жауынгерлік дәстүрге айналған.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков.

Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған.

Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.

Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған.

Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.

Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі.

Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.

Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны.

Күн – уақыт өлшемі.

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой – мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.

Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.

Елтаңба «таңба» деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ: «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ – кйіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары түрінде. Ат –елін қорғаған ердің қанаты. Әсем де айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді меңзейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары

ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.

ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.

ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.

ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.

ҚР ҚК-нің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті, ол ҚР қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақталады.

ҚР ҚК нышанының бейнесі: ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында, ҚР ҚК түрлерінің штабтарында, ҚРҚК-нің құрамалары, бөлімдері, бірлестіктері, әскери оқу орындары мен мекемелерінде; ҚР Қорғаныс министрі кабинетінде; ҚР Қорғаныс министрлігі алқасының мәжіліс залдарында және ҚР ҚК түрлерінің әскери кеңестерінде, офицерлер үйлері мен жауынгерлер клубтарының мәжіліс залдарында орнатылады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы – оның ҚР ҚК–не жататындығын көрсететін ерекше құрметті белгі.

Жауынгерлік тудың өлшемі: ұзындығы 145 см, ені 115 см.

Матаның жоғарғы шетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі шетінде «ОТАН ҮШІН» деген жазу тігілген.

Матаның сыртқы жағында жоғарғы шетінде «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл-күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген.

Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді.

Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.

Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.



АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Ақай Т.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!